жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Отбасылық құндылықтар" 7-сынып
Мектеп: «Васильковка негізгі мектебі» КММ
Күні: 11.02.2021
№ 20 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Отбасылық құндылықтар
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: қайырымдылық, жанашырлық, жауапкершілік.
Пән мұғалімі: Абильмажинова М.С.
Сыныбы: 7
|
Сабақтың мазмұны |
Ресустар |
|
Сабақтың мақсаты: отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: Білімділік: - отбасылық құндылықтарды дұрыс әрекет құндылығының негізінде ұғындыру; Дамытушылық: -қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: - оқушыларды отбасы алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу. |
Сәлемдесу, түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. |
|
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау
|
Ережемен таныстыру |
|
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырып, көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін. |
Баяу муыканың көмегімен |
|
Үй тапсырмасын тексеру. «Менің отбасым» фотоиллюстрация әзірлеу |
Үй тапсырмасын қорғау |
|
Дәйексөз «Отбасындағы адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты» Н.Ә. Назарбаев.
Көзқарас – себеп – мысал - қорытынды |
Дәптерге жазып аламыз Талдау |
|
Әңгімелесу. «Бақытты отбасы» аңыз әңгімені оқу -Бақытты отбасының сыры неде екен? - Сіздің отбасыңыз бақытты ма? Себебін айтып беріңізші? |
Мәтінді оқыту Сұрақтар бойынша әңгімелесу |
|
Шығармашылық тапсырма «Отбасым мерекем» коллаж жасау (оқушыларға сурет қиындылары мен нақыл сөздер жинағы беріледі) |
Жеке жұмыс |
|
Сабақты бекіту. «Шахмат» әдісі
|
Дойбы |
|
Мұғалімнің сыйы. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адам өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Отбасы мүшесі ретінде сенің міндетің – ата-анаңды, туған туыстарыңды, жасы үлкенді сыйлап, құрмет тұту, жасы кішілерге қамқорлық жасау, мектептегі сабағыңды жақсы оқып, білімді, мәдениетті, жан-жақты болып өсуге ұмтылу. Отбасы – адамның рухани тірегі. Отбасының бақытты болуы үшін сен де өз үлесіңді қосуың тиіс: ана сүтімен бірге даритын, үлкенді сыйлап, ізет көрсету, кішіге қамқорлық жасау секілді асыл қасиеттерді бойыңа сіңіріп, қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат болып өсуге ұмтылуың керек. Сен – өміріміздің жалғасы, ертеңі, жарқын болашамызсың, ел мен жердің иесісің. Күнделікті өмірде адамдармен қарым-қатынас барысында өмірдегі түрлі жағдайларда өзіңді қалай ұстауды, адамгершілік әліппесін игересің, атап айтқанда, мейірімді, кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайсың. |
Видео арқылы |
|
Топпен ән айту «Сәби болғым келеді» әнін орындау |
Караоке |
|
Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде, Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде. |
Бірге айту |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген