Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Отбасым бақыт мекенім" 5 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Отбасы-тәрбие көзі»
Мақсаты:
1. Бала
тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін
түсіндіру.
2. Халқымыздың
тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен
берілетіндігін, өзіндік ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына
дарыту.
3. Отбасы
мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қарым - қатынасты
қалыптастыру.
Түрі: Ой бөлісу.
Әдісі: « Жүректен — жүрекке» шеңбері, ой қозғау, топтық жұмыс,
Көрнекілігі: Мультимедия, презентация, бейнебаян: «Отбасы құндылығы»,
Жоспар:
1,Шаттық шеңбері
2.Хор «Ана,Әке»
3. Бейнебаян: «Отбасы құндылығы»
4. Отбасы жайлы өлең жолдары
5.«Менің отбасым – менің байлығым»-топтық жұмыс
6.Пазл
7.Мақал-мәтелдер
8.Рефлекция «Алма ағашы»
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, оқушылар 6 «Б» сыныбының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Отбасым – бақыт мекенім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
-Балалар, біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай әлем болуы мүмкін? Қане ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет.
Жауап: «Менің жанұям» ,«Отбасы».
-Ол мемлекет қандай болуы керек?
Жауап: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
І. « Жүректен — жүрекке» шеңбері.
Тәрбиеші: Ал, ендеше оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып өз ата-аналарыңның сендерді қалай еркелететіні айтып шығайық.(Оқушылар: Мені анашым «Құлыным,Алтыным» т.б деп еркелетеді)
Тәрбиеші ;Тамаша балалар!Иә,Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Оқушылар осы шаттық шеңберін пайдалана отырып, қәнекей бір-біріміздің отбасымызға жақсы тіл(Оқушылар бір біріне тілектер тілейді)
Сабағымызды жақсы көңіл күймен бастау үшін кәнекей отбасы жайлы бір ән шырқап жіберсек.
Олай болса,құрметті ұстаздар 5 «А» сыныбының орындауында «Ана,Әке» әнін қабылалыңыздар.
2,ХОР: «Ана,Әке»
Тәрбиеші;Келесі кезекте«Отбасы құндылығы» бейнежазбасын тамашалайық.
3. Бейнебаян: «Отбасы құндылығы»
Бейнебаян туралы оқушылар ойлары
-Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Өйткені жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
- Отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.
-Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.
-Ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды.
-Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
- Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады
- Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді
Тәрбиеші:Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады.
Олай болса келесі кезекте оқушыларымыздың отбасы жайлы өлең жолдарын берсек
4. Отбасы жайлы өлең жолдары
1,Ата-ана асқар тау
алдымдағы
Әрқашан асқақтайсың алдымда әлі
Өзің берген өнеге тәрбиеңмен
Бақыттымыз жанұя бауырындағы.
Жылжи берші кезім емес
жасқанар
Бөгей алмас білім атты тас қамал
Отанның аяулысы боларсың
Отан деген отбасынан
басталар
2,Кішкентайы — мен үшін
Тағат, байыз таппайтын,
Не жемесін, не ішсін,
Менсіз тағам татпайтын.
Шомылдырып кешкісін,
Мен жатпасам, жатпайтын —
Анам менің қандай-ды!
Ерте кетіп жұмысқа,
Үйге кештеп қайтатын,
Болған күндіз құрылыста
Қызықтарды айтатын.
Жаз келісімен, күн қызып,
Машинасын жүргізіп,
Барлық көрші баланы
Маған қоса мінгізіп,
Аралайтын даланы,
Қыдыртатын қаланы —
Әкем менің қандай-ды!
Қарағанда басқаға,
Қызықты көп бастайтын.
Күнде ертемен бақшаға
Мені апарып тастайтын.
Талай-талай істерде
Үлгі болар біздерге
Ағам менің қандай-ды!
Төрт жас үлкен өзімнен,
Оқи, жаза білетін.
Мені титтей кезімнен
Ойнатуды сүйетін.
Кітабынан кіл қызық
Әңгіме оқып беретін —
Әпкем менің қандай-ды!
3,
Асқар тау әкең болса жанға
тірек,
Анаң жүрсе қасыңда арқа сүйеп.
Қайғы кеп қабырғаңа соқтығысса,
Жанұяң - демеу болар үлкен жүрек.
Әжең сені қасына ап, күлімдейді,
Анаң келіп қуанып, күнім дейді.
Қандай да бір жағдайға ұшырасаң,
Оларда қиналған соң, уайым жейді.
Әке-шеше бүлдіршіннің қосқанаты,
Сол қанатта өсуде жастар әлі.
Жанұя құдіреттінің құдіреттісі,
Отанда осы жерден басталады!!!
Тәрбиеші:Oтбасым — менің
жүрегім
Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына
адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін
тәрбие ошағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі
дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің
сақтаушысы.
5.«Менің отбасым – менің байлығым»-топтық жұмыс
1-топ, «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады.
2-топ. «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер салып, қорғайды.
Тәрбиеші:Отбасы — әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым — қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
Отбасы жайлы суреттерден пазл құрастыру
Тәрбиеші:Қазір оқушылар сендерге отбасы суреті бейнеленген құрама бөлшектер беріледі.Сол арқылы пазлды құрастыру керексіңдер
Отбасы жайлы мақал мәтелдер
Әкесін сыйламаған
кісіні,
Баласы
сыйламайды.
Інісі бардың тынысы
бар
Ағасы бардың жағасы
бар.
Өз үйім - өлең
төсегім.
Жалғыз ағаш үй
болмас,
Жалғыз жігіт би
болмас.
Әдепсіз
бала
Ауыздықсыз атпен
тең.
Ақылды
қария
Жазып қойған хатпен
тең.
Бала тәрбиесі –
бесіктен.
Анаңа ауыр сөз
айтпа,
Атаңа ауыр жүк
артпа.
Ата – балаға
сыншы.
Атаңа не
қылсаң,
Алдыңа сол
келер.
Баланың бас
ұстазы – ата - анасы
Ата – бәйтерек,
бала – жапырақ.
Ата тілін
алмаған ұлдан без,
Ана тілін
алмаған қыздан без.
Атадан жақсы ұл
туса, есіктегі басын төрге
апарар,
Атадан жаман ұл
туса, төрдегі басын есікке
апарар.
Анасын
сүйгеннің баласын сүй.
Атадан жақсы ұл
туса,
Елінің қамын
жейді.
Атадан жаман ұл
туса,
Елінің малын
жейді.
Адам болатын
бала алысқа қарайды.
Р ефлексия
Қорытынды
Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.