Ашық сабақ. "Отбасымыздағы сүйіспеншілік"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. "Отбасымыздағы сүйіспеншілік"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Отбасы" құндылығы туралы түсініктерді,ұғымдарды кеңейту,оны сүйе білуге ,отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Отбасымыздағы сүйіспеншілік »
Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;
Білімділік: балаларға өз отбасы мүшелері туралы айтып, олардың қамқорлықтары туралы білім беру,
Дамытушылық: әр түрлі тапсырмалыр, ойындар арқылы, мақал-мәтел жаттатқызу арқылы тілдік қорларын дамыту, өз ойларын айқын жеткізуге, үш тілділікке үйрету.
Тәрбиелік: үлкендерді сыйлауға, кішілерді құрметтеуге, қамқорлыққа, бір-бірімізге жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: отбасы суреттері,фотосуреттері, дидактикалық ойын "Бұл кімге тиісті", интерактивті тақта.
Қостілдік компонент: отбасы-семья-family, ана-мама-mother, әке-отец-father
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын.



Әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы күн” деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз.
Көңілді өтер күніміз.

Балалар ұйымдастыру кезеңін қимылмен, іс-әрекетпен дене мүшелері арқылы көрсетеді.




Іздену ұйымдастырушылық




















Күтпеген сәт: «Қонаққа Дымбілместің келуі».

Балалар қарандаршы бізге бүгін қонаққа Дымбілмес келіпті.

- Салеметсің бе Дымбілмес?

Дымбілмес:

- Сәлеметсіңдер ме? Балалар маған сендерден көмек керек. Білгішбек екеуіміз бәстестік. Егерде мен оның берген жасырған жұмбақтарын шешіп берсем, ол мені өзінің «Білгіштер» тобына қабылдайды. /жылайды/ Енді қайттім, мен қанша оқысам да басыма түк кірер емес.

- Дымбілмес жылама, Балалар не істейміз? Дымбілмеске қол ұшымызды береміз бе?

- Рахмет, балалар. Міне, Білгішбектің тапсырмалары:

1-жұмбақ:

Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады. 
- Кім бұл? (ата)

2-жұмбақ:

Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. 
-Бұл кім? (әже

3-жұмбақ:

Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді: сендерді циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады. 
-Бұл кім? (әке)


4-жұмбақ:

Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам.. 
-Бұл жұмбақ кім туралы? (ана туралы)


Дымбілмес:

- Рахмет балалар. Алақай, мен енді «Білгіштер» тобына қабылданам. Балалар сендер маған көмектестіңдер. Енді мен Білгішбекке барып жауабымды айтайын. Сау болындар.

- Балалар, біз кімдер туралы айтып отырмыз. Бір сөзбен қалай атаймыз?

- Өте жақсы балалар, отбасы  мүшелері.

Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады.Олар бізге осы дүниедегі ең жақын,бізді әркезде қолдап,қол ұшын беріп,көмектесетін,ақыл айтатын,жаман мен жақсыны,оңмен солды үйрететін ең жақын адамдар./баяу ән қосылып тұрады

Дидактикалық ойын. «Қай зат кімдікі»

Шарты: Берілген отбасы мүшелерінің суреттерінің тұстарына балалар өзіне тиесілі заттарын алып жанына қояды./тапсырма интерактивті тақта арқылы орындалады./

Мақсаты: ойын арқылы отбасы мүшелерін ажырата білуге, кімге қай зат тиесілі екенін табуға, балалардың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлау қабілетін дамыту.

Жақсы балалар, сендер ойынды өте жақсы ойнап шықтындар.


Қане балалар,біраз сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Үйде нешеу екенбіз
Кел санайық екеуміз,
Бас бармағым папам
Балаң үйрек анам.
Ортан терек ағам
Шылдыршүмек мен
Кішкене бөбек сен.
Бір үйде біз нешеуміз
Бір үйде біз бесеуміз.

Балалар сергіту сәтінде кімдер туралы айттық?

Иә, дұрыс айтасыңдар сендердің әрқайсыларыңның өз отбасыларың аналарың, әкелерің, апайларың, ағаларың, қарындастарың,і нілерің бар. Сендер оларды қатты жақсы көресіңдер ме?


Балалар аң-таң болып қарайды.


Салеметсіз бе.





Иә,көмектесейік.

Қол ұшымызды береміз.


Ата-дедушка-grandfather




Әже-бабушка-grandmother




Әке-отец-father




Ана-мама-mother






Сауболыңыз.


- Отбасы,отбасымүшелері.




Үйденешеуекенбіз
Келсанайықекеуміз,
Басбармағымпапам
Балаңүйреканам.
Ортантерекағам
Шылдыршүмекмен
Кішкенебөбексен.
Бірүйдебізнешеуміз
Бірүйдебізбесеуміз.

Балаларсергітусәтінтәрбиешіменбіргежасайды.



Әке, аға, ана, әже, ата туралы.

Иә, жақсы көреміз. Қатты жақсы көреміз.


.

Рефлексивті-корригиялық

- Балалар бүгін біз кімдер туралы айттық?

«Жылулық лебізі»

Балалар бәріміз жулулық шеңбер құрып, атаналарың сендерге қандай жылы сөздер немесе еркелетіп айтатын сөздерін айту керексіңдер. Мысалы мен балама «күн шуағым» деп айтам.

 - Міне, балалар қандай әдемі жылы сөздермен сендерді отбасыларың аялап айтады,біздің жылулық шеңберімізде жылы лебізбен толы болды. Ал, сендер өз отбасыларыңды қандай отбасы деп ойлайсыңдар? Жақсы сөздермен қорытындылайық. Сендердің ата –аналарың, туыстарың жандарыңда, ал сендер бақыттысыңдар ма?


Отбасы мүшелері туралы



Дарина: жаным менің. Султан: күнім менің. Айару: жапалағым менің. Бекарыс: арыстаным менің. Перизат: жаным мен сені жанымдай жақсы көремін.



 - Тату-тәтті, бақытты, қуанышқа толы, мейірімге толы.



Болжамды нәтиже:

Білу керек: Өз отбасы мүшелерін танып білуді, отбасы мүшелерін олардың аталуын, сұраққа жауап бере алады, көмек көрсете біледі.

Істей біледі: Өз ойларын жеткізе алады, суретпен жұмыс жасай алады,интерактивті тақтамен жұмыс істей алады. Өз ойларын емін-еркін айта алады, мақал-мәтелмен жұмыс жасай алады.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
551
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі