жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ "Отбасын қадірлеу"
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: №1 мектеп-гимназия
Күні: _______________
Сыныбы: 8
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Отбасын қадірлеу
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Кешірімшіл болу, шынайылық, жанашырлық.
Мақсаты: Оқушыларға Отбасын қадірлеудің қажет екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)
|
Сабақтың барысы:
5Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5.
Татулық.
Тыныштық
сәті.
«Нұрға бөлену».
№18, «Қайдасын, қасқа құлыным» мәтінін оқып келу. Сұрақтар:
|
|
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Ата – ана қадірін білмеген – халық қадірін білмес Ғабит Мүсірепов. Сұрақтар: 1. Отбасыда риясыз сүйіспеншілік қайта-қайта туындау үшін не істеу керек? 2. Қалай ойлайсыздар, бақытты отбасы өмірінің сыры неде? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы) Ананың асыл арманы М. Тиесов Баяғыда үш баласы бар бір жесір әйел болыпты. Олардың үлкені Ертай, ортаңғысы Елтай, кішісі Сырбай болатын. Жесір шеше керемет өнерлі, шебер кісі еді. Ол балаларын кестелерін Отырар базарына апарып сатудан түскен ақшамен асыраған еді. Бір күні ана дүкен аралап жүріп керемет сурет көреді,ол көзіне жұмақтай көрінеді, қою көлеңкелі бау ағашы астында керемет үй, іргесінде шешек атқан бақша, одан әрі көгал, ағып жатқан көк бұйра су, бұлбұл сайрап, балық жүзіп жүргені анық. Мал, топ-топ үй құстары жайылып жүр. Ана «осындай жай менде болса ғой» деп армандайды. Үйге келіп: – Ертайжан осындай үйде тұрар ма екем!– дейді. – Орындалмас бос арман, қайтесің – дейді үлкен ұлы. Сонда ана арманын ортаншы ұлына айтты. – Бұл арманыңызға жете алмайсыз, – деді ортаншы ұлы. Ана үлкен ұлдарына наразы боп Сырбайдан сұрайды:
Ана сөйтіп іске кіріседі, күн өтеді, ай өтеді, ана шаршауды білмейді. Армандай отырып көзінің жасы тамған жерге су кестелейді, еңбекке деген ыстық махаббаттан ажырамай қалады. Ол шаршауды білместен үш жыл жасап отырды. Кестелі орамал дайын болды. Бұл кестеге шын өмірдің өзі орнағандай болды. Көк төбелі көгілдір үй,кең дүниеге ұқсас аула, қорғаны қызыл кірпіш, бақ жемісі, әнші құстар. Осы еңбегін далада тамашалап тұрғанда бір құйын ұшырып әкетеді. Үлкен баласы тауып келуге сапарға аттанады, келе жатып жолда бір кемпірді көреді. Елтай оған «үш жыл анамның кестелеген орамалын іздеп барамын»,– деді. Кемпір оны іздеу үшін көптеген қиындыққа шыдауың керектігін айтады. «Одан да мен саған алтын берейін, жөніңмен қайт»,–дейді. Ертай келісіп, рақат өмір сүрейін деп алтынды алып кетеді. Ана екінші баласын іздеуге жібереді, ол да кемпірге кезігіп анасын ойламастан алтынды алып жөніне кетеді. – Ана үшінші баласын жібереді, оған да кемпір кезігіп: – Ойбай, балам ол орамалды күн тауында тұратын перизат қыз алды,олар оны сондай кесте кестелеуге үлгі етіп алды, – дейді. Ол жаққа бару өте қиын. Ол үшін өзіңнің екі тісіңді алып тас атқа сал, сонда ол тіріледі, ал шиені жегізсең, шауып перизатқа жеткізеді. Отты таудан өтесің, теңізден өтесің, осыған шыдасаң ғана ормалды аласың. Одан да саған алтын берейін қайт, – деді. Сырбай бұған келіспейді, тісін жұлып, атқа мініп шауып жөнеледі. Көп қиналады, жолына екі күн кетеді, сөйтіп деген жеріне де жетеді. Кесте тігіп отырған көп перизатты көреді, ал орамал солардың ортасында екен. Сырбай мұңын баян етеді, ең сұлу перизат орамалды оған қайтарады. Орамалды алып бірнеше күнде анасына келеді, орамалды анасының алдына жайып жібереді. Анасының көңілінде қуаныш сәулесі орнайды, баласын сүйіп, кестеге күннің көзімен тойғанша қарайыншы, – дейді. Сол сәтте суреті жанданып кетеді, бір сұлу бір қыз анаға келіп сәлем береді. Ол – сұлулық патшайымы перизат еді. Перизат: «Сіз кестелеген орамалдан басқа сұлу дүниені көре алмадым, сондықтан келіп тұрмын, орамал жоқ жерде тұра алмаймын, – дейді. Сонда ана баласына перизатты жар етіп қосып, армандағандай өмір сүреді, ал үлкен ұлдары кедейшілікке кенеледі, аналарының алдына келуге беттері шыдамайды. Сұрақтар:
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Тапсырма: Мақалды аяқта.
Ақылды бала: "... - ... - ..." дейді. (ай – күнім – анам)
... білген адамды "жаным" десе болады. (сыйласа)
Ат биеден туады. (алып)
... ... саясы. (ақ шынардың)
Ата алдында ... (қызмет)
|
|
6. Топпен ән айту. Еркін Нұржанов. «Анашым» Елжіреп жататын ертегімде, Есімде балапан күндерім. Сол айтқан ертегі жетелеген, Керемет түсінген түндерім. Қайырмасы: Шуақты нұрыңмен Нұрбақыт ержеткен Анашым аяулы сағындым Кейелі бесіктен Әлдилеп тербеткен Келеді сәби боп танылғым Ақниет арайлы келбетіңнен Күтіп ем бақыттың ақтаным Осынау дөңгелек жер бетінде Өзындей асыл жан таппадым Қайырмасы: Жан ана әлемде сіздер үшін Ешкім жоқ өзіңдей құрметті Арналған ән арнап сіздер үшін Бас иіп тұруға міндетті. |
|
7. Үй тапсырмасы. 1. №18 – сабақ. Отбасы туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №19, «Шекісу мен бекісу» мәтінін оқып келу. |
|
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген