400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Қазақ-мектеп гимназиясы  

Мұғалiм: Ескенова А. Т.

Сабақ: №7

Тақырып: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: махаббат, қамқорлық, жанашырлық.

Сынып

Оқушылар саны

Қатысқан оқушылар саны

Мерзімі

күні

айы

жылы

3«а» (І)






3«ә» (І)






3«б» (І)






3«в» (І)






3«в» (ІІ)






3«г» (І)







Сабақ мақсаты: Оқушыларға отбасындағы қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- Оқушыларға отбасындағы ең бакстысы сыйластық екендігін ұғындыра отырып, махаббат қасиеті туралы түсінік беру.

- Оқушыларды отбасы мүшелеріне қамқорлық жасауға үйрету;

- Оқушыларды қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (оқулық, дәптер, маркерлер, ақ қағаз)

Сабақ барысы. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру.

Тәртіп

Талап

Тазалық

Тыныштық

Татулық

  1. Жағымды көңіл-күйге келу.

Мұхит аралына саяхат.

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Бүгін су астына саяхат жасаймыз. Көз алдыңызға мұхит жағасын елестетіңіз. Толқынның бір-бірімен алысқан шолпылына, шағаланың даусына құлақ түріңіз. Жалаң аяғыңыздың астындағы құмды сезініңіз. Мұхиттың ортасында қара нүктеге сіздің көзіңіз түсті. Ол нүктенің жақындап келгенде кит екенін білдіңіз. Ол сізді мұхит астына саяхат жасауға алып кетуге келді. Ақырын киттің арқасына отырып, мұхиттың астына саяхатқа кеттіңіз. Киттің арқасында отырып, өзіңізді жайлы және қауіпсіздікте сезіну, су түбіне саяхат жасау қандай тамаша! Айналаңызға назар аударыңыз: кемпірқосақ секілді бір-бірінен өткен әдемі, түрлі түсті балықтар көздің жауын алады. Мұхиттың түбіне терең жүзе отырып, айналаңыз қалай өзгергенін байқайсыз, әдемі су өсімдіктері су түбінде қалқиды. Қараңыз, қандай үлкен балықтар, ал енді келесі жаққа қараңыз, қандай үлкен сегізаяқ, ол сізге күлімсіреп қарайды, жүзі жылы. Су астында қандай қызықты әлем! Сездіңіз бе, мында қандай тыныштық?! Өзіңізді толық тыныштықта сезініңіз.

Ал қазір жоғарыға өзіміздің әлемге кетуге дайындалыңыз. Айналаңызды есте сақтардай тағы қарап шығыңыз. Айналаңыздағы су асты әдемі және бойыңыздағы тыныштықты сезініңіз. Бұл тыныштық сізге таза ауадай әсер етеді. Кит сізді келген жолыңызбен су бетіне шығарады. Киттен түсіп, сізге жақсы саяхат жасатқаны үшін оны сипап алғысыңызды айтып, ол алыстап кеткенше көзбен шығарып саласыз. Өзіңіз сыныпқа қайтып оралып, орындығыңызға отырасыз. Су түбінен алып келген тыныштықты жүрегіңізде, бойыңызда сақтап, көзімізді ашамыз.

- Тыныштық сәтінен алған әсерлеріңіз қандай?


2. Үй тапсырмасын тексеру



3.     Дәйексөз.

Ата-ана – бас ұстаз.

Нақыл сөз

3.1 Дәйексөзді оқу. /қыздар, ұлдар, бәрі бірге/

3.2 Дәйексөзді жазу.

3.3 Дәйексөзді қалай түсінесің?/мағынасын ашу


4.    Әңгiмелеу. Мұғалім сыйлығы «Отбасы татулығы» (қытай аңыз әңгімесі)

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімі де, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырды. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы әңгіме патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деген сөздерді қағазға мұқият жазып шығады. Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

-Осы-ақ па?

-Иә, - деді ақсақал,-Барлық жақсы отбасылар тек осы қасиеттерден құрылады, -деді де, сәл ойланып, - «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

Талдау сұрақтары:

  • Өсиет әңгіменің мәні неде?

  • «Үлкен отбасы» елді неге таң қалдырды?

  • Патша ауылды көріп, неге ерекше шаттыққа бөленді?

  • Патша ауыл ақсақалынан не сұрады?

  • Ауыл ақсақалы не деп жауап берді?

  • Барлық жақсы отбасылар нендей қасиеттерден құралады екен?

Қорытындылау:

Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.


   5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

1 тапсырма, 46-47бет.

Жұмбақтардың шешуін табыңдар. Жұмбақтардың шешуінің бірінші әріптерін пайдаланып, сөз құрастырыңдар.

2 тапсырма, 47бет.

Диалогтарды жалғастырып айтыңдар.

3 тапсырма, 48бет.

Ата-ана алдындағы баланың парызын


    6. Топпен ән айту.

Жан ана 53бет

Сөзі мен әнін жазған: Алтынбек Қоразбаев


7. Үй тапсырмасы.

48-49 бет оқу.


8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

- Балалар енді бүгінгі  сабақта өткен  кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді  осы барлық жағымды  әрекеттерімізді жүрегімізде  сақтайық.

Сіздерге көп рахмет!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
928
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі