жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті" 3 сынып
Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектебі
Ашық сабақ
«Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті»
Өткізген Амирова Гулмаржан
Кадирловна
Атырау қаласы
Мектеп: Қ.И.Сәтбаев орта мектебі Мерзiм:12.11.2019
Мұғалiм: Амирова Г.К. Сынып: 3 А
Тақырып: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті
Құндылық: ақиқат Қасиеттер: әдептілік, сыпайылық, сыйластық.
|
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасындағы қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (құралдар, әдіс-тәсілдер мәліметтер) миға шабуыл, пікірталас, синквейндер құрастыру. |
|
Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңi. «Комплимент» жылы лебіз ойыны. қ
5Т-ны сақтау Тәртіп Татулық Тыныштық Талап Тазалық Топқа бірігу: берілген мақал-мәтелдерді оқып, отбасы мүшелері бойынша топқа бірігу. Әке тобы: 1)Әке жүрегі таудан үлкен. 2)Әкем аты шапқан сайын өрлейді. 3)Әкесі бардың арысы бар. 4) Әке балаға сыншы. Ана тобы: 1)Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. 2)Ананың жақсылығын, ауырғанда білерсің. 3)Ақ шашты ана: «Жастығым — балам» дейді. 4)Анаңа ауыр сөз айтпа. Бала тобы: 1)Жақсы бала қонаққа үйір, жақсы тай атқа үйір. 2)Қыз «қуыршақ» дейді, бала «құлыншақ» дейді. 3)Көргенсіз бала — көкірек, өнерсіз бала — өкірек. 4)Ерке бала — екі жылар. |
Шеңбер бойындағы әр оқушы қасындағы оқушыға жағымды комплимент айтады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Мақалдар арқылы топқа бірігу. |
|
2. Үй тапсырмасын тексеру. Н. Қадырбаевтың «Мейірім»
«Миға шабуыл». Отбасы құндылықтары туралы түсінік.
|
Әр оқушының жеке пікірін тыңдау
«Миға шабуыл». Суретке қарап, ондағы мазмұнға сәйкес отбасы құндылықтары туралы айту. |
|
3. Дәйексөз. «Ата-ана бас ұстаз» Жаңаны білеміз. Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Отбасы – тәлім тәрбие мектебі. Адам өнеге үлгіні отбасынан алады. Халықтың салт дәстүрін, әдет ғұрпын отбасынан үйренеді. Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық жасау, адалдық, әдептілік, мейірімділік, жанашырлық отбасының өнеге үлгісі болып табылады. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отбасы татулық мекені деп айтады. Өзара түсіністік пен келісім, қамқорлық пен сыйластық отбасын бақытқа бөлейді. |
Хормен қайталап, жеке жеке мағынасын сұрау |
|
4. Әңгімелеу. Бірге оқимыз. Мұғалім сыйы: Отбасы татулығы Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таңғалдырады. Оларда ұрыс - керіс, дау - жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ - қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап - таза, барлығы да жеткілікті, тыныштықпен пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым - қайғысыз, балалары бақытты, мәз - мейрам екен. Бұған патша таң - тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату - тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады. Үш сөзді оқыған патша таңғалып: - Осы - ақ па? - Иә,- деді ақсақал. – Барлық жақсы отбасылар тек осы қасиеттерден құралады,- деді де, сәл ойланып, және «шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды. Сұрақтар: • Өсиет әңгіменің мәні неде? • Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырады? • Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады? • Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді? • Отбасының татулығы, бірлігі кімге, неге байланысты? Сергіту сәті Бас бармағым-атам, үйдің данасы, Балаң үйрек-әжем, ошақ анасы, Ортан терек-әкем, отау панасы, Шылдыр шүмек-шешем, шаңырақ ажары, Титтәй бөбек-мен, бәрінің базары. |
Сабақта ұжымдық тыңдауға жайлы жағдай тудыратын ойлау және тілдік әрекет Оқушылармен пікірлесу, мәселені талдау, ой қорытындысын шығару Іс-қимыл әрекетін жасайды. |
|
5. Шығармашылық іс-әрекет, жеке тапсырма Дәптермен жұмыс 1-тапсырма: «Отбасы» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн) құрастырып жазады.
Отбасы туралы синквейн
2-тапсырма: Ата-ана алдындағы баланың парызын жалғастырып жазу. 3-тапсырма: Оқушылар ата-аналарына арнап ашықхатқа алғыс жазады. Топтық тапсырма. «Постер қорғау» Әр топ өз топ атауына сәйкес мына сұраққа жауап беру арқылы постер қорғайды. Отбасы тату, бірлік пен берекеде болу үшін кім қандай қасиеттерге ие болу керек? Бақытты отбасы болу жолындағы іс-әрекеттер. Әке Ана Бала Қорытынды Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз туралы, ең ақылды, қамқор әкеміз туралы, ең қайырымды ата-әжеміз, ең сүйкімді іні-қарындас, аға-әпкеміз туралы әңгімелестік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды үйрендік. Олардың бізге тек жақсылық тілейтінін білдік. Отбасындағылар әрқашан тату болып, оның әр мүшесі бір-біріне жаны ашып, құрметтеуі тиіс. Отбасы мүшелері әрдайым бір-бірін сүйіспеншілікке бөлеп қана қоймай, мұңайса, бірге мұңайып, қуанса, бірге қуанады. Ата-аналарың, жақын адамдарың, туыстарың сендердің нағыз адам болып өскендеріңді қалайды. Сендерді жақсы көретін адамдардың сенімі мен еңбегін ақтауға тырысайык. Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. |
Оқушыларда өзіне сенімділік сезімі нығаяды, ынтымақтастық, іс әрекеттегі келісімділік дамиды. |
|
7. Ән Алтынбек Қоразбаевтың «Жан-Ана» әні Өз балаңнан, артық бала, бар ма ана?! Мәз боласың, жарай қалса шаруана. Теңіздіде кешіп өтіп жетпей ме, Жан ботасын сағынғанда Ару ана. Ару анасың, мен ботаңмын, жан ана, Сенсіз менің бақ жұлдызым жана ма?! Сенсіз менің айым туып алдымнан, Атым шауып бас бәйгені ала ма! Асыл ана, сенен қуат алайын Алдым сенен атар таңның арайын Сененің ғана жанарыңда тұратын Мейірімді кайдан ғана табайын Рефлекися: «Бас бармақ» әдісі
|
Музыкасын қосу |


шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген