Математика пәнінен ашық
сабақ
Сабақтың
тақырыбы: Өтілген материалды
пысықтау
Сабақтың
мақсаты:
-
Өткен сабақтарда алған
білімдерінпысықтау қайталау есептерін шығара отырып, оқушының
білімін тексеру, алған білімдерін
тиянақтау.
-
Оқушылардың ой-өрісін, тілін,
логикалық ойлау қабілетін дамыту.
-
Тапқырлыққа, іздемпаздылыққа,
алғырлыққа, ұқыптылыққа баулу. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Табиғат әсемдігін көре білуге, жан-жануарларды аялап, қорғауға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Аралас
Сабақтың
әдісі: Саяхат
Көрнекілігі: Топшама,
слайд
Пән аралық
байланыс: Дүниетану, әдебиеттік
оқу
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі:
-Сәлеметсіздер ме,
балалар?
-Отырыңыздар
-Қазір бізде математика
сабағы.
(оқушыларды сабаққа
дайындау)
-психологиялық
дайындық
Кел, балалар,
келіңдер,
Математиканы
көріңдер.
Қане қарсы
шығыңдар,
Білім барда оқу
бар.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру:
-Үйге не
берілді?
-Үй тапсырмасын орындаған
кезде қиындықтар болды ма?
(Оқушылардың дәптерлерін қарап
өту)
ІІІ. Жаңа
сабақ:
Ой
жаттығу
Тақпақты
есеп:
Бақшада жақса
аға,
Көп-көп ойыншық келді
алып.
Бір балық, екі есек, үш
үйрек,
Төрт түлік, бес
бүркіт,
Алты арғымақ, жеті
жарқанат.
Болма есепке сен
шорқақ
Бақшаға жақсы
аға
Ойыншық әкелді
қаншама?
Шешуі: 1+2+3+4+5+6+7=28
ойыншық
Жауабы: 28 ойыншық
әкелінді
-Балалар, қазір мен сендерге
Мұзафар Әлімбаевтің өлеңін оқимын
Туған жерді сүю
парыз,
Туған жерді күту
парыз,
Сүю үшін білу
парыз,
Күзетінде тұру
парыз.
Деп айтқандай кең байтақ
еліміз жайлы, еліміздің табиғаты жайлы, жан-жануарлар туралы терең
білу керек және оларды үнемі қорғап жүруіміз
керек.
Олай болса біз бүгін
сабағымызда жануарлар әлеміиен танысамыз.
Жоғалған сөзді
тап.
Туған жерді жырақ
деп,
Атаған ба жираф
деп?
Қазір оны
неліктен
Атады екен . . . . .
деп?
Саваннадан көріп
кеп,
Тұрған бойы көрік
деп.
Тұлғасына
еліктеп,
Атаған ғой . . . . .
деп. КЕРІК
-Өлең не
туралы?
-Керік
-Керік туралы не
білеміз?
(Оқушылар өз білгендерін
айтады)
-Керік туралы білу үш»н оның
тапсырмаларын орындауымыз керек.
Ауызша
есеп
Берілген үйлердегі бос тор
көздерді дұрыс толтыр:
100 90 50
80
40+10+... 40+40+... 17+...+13
20+...+18
...+30+30 ...+25+25 21+...+9
...+30+30
КЕРІК-әлемдегі ьойы ең биік жануар.
Оның ұзын мойнына, кішігірім қос мүйізді әдемі басы жарасып
тұрады.олар кейде бір тамшы су әзер табатын, ал шөбінің бәрі
ыстықтан күйіп, қураған Саваннадағы тіршілікке әбден бейімделіп
алған. Тұяғы мықты, алдыңғы ұзын аяқтары жауларынан қорғайтын күшті
құралы, оның дәлдеп тиген тепкісінен арысиан мен қабыландар сеспей
қатады. Керіктердің есту қабілеті, көруі жақсы жетілген, ал
жүгіруде желақтардан қалыспайды.
ІҮ. Дәптермен
жұмыс:
Дәптердің парта бетінде
орналасуын еске түсіре отырып, күннің жадың
жазамыз.
Көркем жазу
сәті.
-
66 77 88 99
100
Жұмбақ
Қыс бойы
жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
АЮ
-Балалар аю туралы не
білесіңдер?
-Ол өте үлкен, мықты, түсі
қоңыр, балықты жақсы көреді.
-Дұрыс-ақ ол балықты жақсы
көретін болғандықтан сендерге балық туралы тапсырма бергелі
отыр.
Тапсырма 2
(талдау)
Сызбаға қара . Есепті әртүрлі
тәсілмен шығар: (талдау)
Аквариумда 27 балық бар. Оның
9-ы-семсерқұйрық, 12-сі- неон, қалғандары-гуппи. Аквариумда неше
гуппи бар?

Шешуі:
27-(9+12)=6
27-9-12=6
(27-9)-12=6
(27-12)-9=6
Жауабы: Аквариумда 6 гуппи
балығы бар.
Қоңыр
аю-Еуропа мен азияға кең
жайылған. Олбойы 3 метрге дейін жететін ірі аң. Қалың жынысты
орманда өмір сүреді. Алқаптарға жем іздеп шығады. Өзі денелі
болғанмен, жидектерді, жаңғақтарды жейді, жәндіктер мен олардың
жұмыртқаларын, балды ұнатады, балықты сүйсініп жейді. Жаздыгүні кез
келген оңаша жерге жата кетіп ұйықтай салады. Ал қыста апанына ғана
ұйықтайды. Сол жерде жылына бір рет екі-үш қонжығын дүниеге
әкеледі
Сергіту
сәті:
Қорбандаған
аюдың,
Құлпынайы көп
екен.
Теріп-теріп
алайық,
Қалтамызға
салайық.
Аю құлпынайды көп жеген соң
іші ауырыпты.
(Ішімізді
сипаймыз)
Ол қыста көп ұйықтаған соң
басы ауырыпты.
(Басымызды
сипаймыз)
Келесі
өлеңімізді
тыңдаймыз
Маймылдарға түскі астың
кезінде,
Дәл бір буда бананы бар
өзінде.
Зообақтың күзетшісі келді
де,
Үлестірді бір бананнан бірді
де.
-Өлең не
туралы?
-Маймылдар
туралы.
-Ендеше біз бүгін маймылдың
бір түрі ГОРИЛЛАмен танысасыз.
-Ол үшін горилланың
тапсырмасын орындауымыз керек.
Тақтада
орындалады.
57-х=25+25
34+26=х-40
х-32=60-45
33+11=29+х
57-х=50
х-40=60
х-32=15
29+х=44
х=57-50
х=60+40
х=32+15
х=44-29
х=7
х=100
х=47
х=15
57-7=25+25
34+26=100-40
47-32=60-45
33+11=29+15
50=50
60=60 15=15 44=44
Горилла-ең үлкен, құйрықты, адам
тектес маймыл. Тропикалық орманда отбасын құрап өмір сүреді. Бір
топта 2-ден 30-ға дейін гориллалар болады. Әр топта бір кәрі
көсем-еркек, бір-екі жас еркек пен балалы бес-алты ұрғашылар
болады. Ересектерінің бойы 2 метр, ал салмағы300 кг болады. Денесін
қалың қара немесе қоңыр түк басып тұрады. Олар сырттай қарағанда
қорқынышты болып көрінгенімен, өздері сондай ақкөңіл, ешқашан
ешкімге тиіспейді. Бамбук пен шөптерді қорек етеді. Гориллалардың
белгілі бір балалайтын кезеңі жоқ. Негізінде олар біреуден ғана
балалайды.
Жұмбақ
Қабыршақпен жабылған ғой
киімі,
Бауырымен жорғалаушы дейді
ме?
Кесірткеге ұқсайтынын білем
мен,
Суға келген бөкендерді жейді
ме? ҚОЛТЫРАУЫН
-Енді қолтырауын туралы
білгіміз келсе, ол әрбіреуіңнен көмек сұрап
отыр.
Топшамалар.
Қолтырауында 100 теңгесі бар
екен. Егер қолтырауын төмендегі заттарды сатып алса, неше теңгесі
қалады?
Торт-30
тг.
Шай-10
тг.
Балмұздақ-47
тг.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------
Қолтырауында 100 теңгесі бар
екен. Егер қолтырауын төмендегі заттарды сатып алса, неше теңгесі
қалады?
Нан-55
тг.
Кәмпит-25
тг.
Сусын-15
тг.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қолтырауында 100 теңгесі бар
екен. Егер қолтырауын төмендегі заттарды сатып алса, неше теңгесі
қалады?
Алма-45
тг.
Сағыз-20
тг.
Алмұрт-35
тг.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қолтырауында 100 теңгесі бар
екен. Егер қолтырауын төмендегі заттарды сатып алса, неше теңгесі
қалады?
Торт-30
тг.
Сағыз-35
тг.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қолтырауында 100 теңгесі бар
екен. Егер қолтырауын төмендегі заттарды сатып алса, неше теңгесі
қалады?
Шай-25
тг.
Балмұздақ-63
тг.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қолтырауында 100 теңгесі бар
екен. Егер қолтырауын төмендегі заттарды сатып алса, неше теңгесі
қалады?
Алма-50
тг.
Алмұрт45
тг.
Сағыз-5
тг.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қолтырауын-біздің ғаламшарымыздағы ең
көне тұрғын, әлде қаша сүйегі қурап қалған динозаврдың
замандастары. Оның денесі мүйізді қабыршақтармен жабылған, сол
себепті оларды бауырымен жорғалаушылар деп атаған. Ең үлкен
бауырымен жорғалаушы-Ніл қолтырауыны. Сүйір дене бітімінің
арқасында, қуатты ұзын құйрығының көмегімен, артқы аяқтарындағы
жарғақтарының әсерімен қолтырауындар өте жақсы жүзе алады, ін де
қазады. Олардың көру, есту қабілеттері өте жақсы дамыған, жақ
сүйектері мне қайратты тістері бар. Суға келген бөкендердің көлге
еркін еніп су ішкенін аңдып жатқан қолтырауын құйрығымен оларды
аяғынан ұрып құлатады да, аузын арандай ашып, қақшып алып. Су
түбіне алып кетеді. Олар 100 жылға дейін өмір
сүреді.
Өлең жолдарын
оқимын.
Қолда оны
ұстады,
Бағып, сауып,
жемдепті.
Басы сиырға
ұқсады,
Денесі сәл
келмеді.
Сиыр болып о
баста,
Тауға қыста ол
қашып.
Айналғандай
маралға,
Мүйіздері сәл өсіп.
МАРАЛ
-Бұл өлең не туралы
екен?
Марал туралы білгіміз келсе
өрнек құрастырып оны шығарып көрейік.

Марал- Европа мен Сібір
ормандарында өмір сүреді. Ол көк шөппен қоректенеді. Алманы.
Алмұртты, жеміс-жидекті ұнатады. Ана маралдар мүйізсіз болады. Олар
бар болғаны жылыны бір- ақ қодық туады. Ал аталық маралдардың
мүйізі үлкен. Олар жылдың көп уақытында жеке жүреді. Маралдың иіс
сезу, есту қабілеттері күшті болады. Олар суда жақсы жүзеді, қажет
болса өзендерденде жүзіп өте алады. Көшкенде ірі адымдап жортып
жүреді. Ал. Үріккен жағдайда алты метрге дейін секіре
қашады.
Ү.
Қорытынды:
Топтық
жұмыс
Сиқырлы фигура (геометриалық
фигуралар беріп, олардан түрлі бейне
құрастыру)
Мадақтау,
бағалау
Үйге: Берілген геометриалық
фигуралардың периметрін табу.
-Сабағымызды қорыта келе,
орнымыздан тұрып түйін сөзімізді айтайық.
Табиғаттың
панасымыз,
Түйіп айтар
сөзіміз.
Табиғатты панасы
,
Біздің мына
өзіміз.
Табиғатты қорғауға АНТ
етеміз!
-Енді осы табиғат жанашыры
болатындарыңа сенім білдіремін.
Сабақ
аяқталды!