400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Өткенді бекіту Математикадан интеграцияланған сабақ 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы













Математика пәнімен интеграцияланған сабақ


Тақырыбы:

«Өткенді бекіту»














Өзін-өзі тану пәні мұғалімі : Айткулова Меруерт Торебаевна

Бастауыш сынып мұғалімі : Кармусова Раиса Аманбаевна

















2018 оқу жылы



«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған математика сабағының жоспары

Мектеп: №12 орта мектеп.

Мерзiм: 14.04.2018ж

Сынып: 2 «А»

Оқушы саны: 24

Мұғалім: Айткулова М.Т. (Өзін-өзі тану пәні мұғалімі)

Кармусова Р.А. ( бастауыш сынып мұғалімі )

Тақырып: «Өткенді бекіту»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық, ұқыптылық, әділеттілік

Мақсаты:

Оқушыларға қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер үшін қолдана отырып, дқрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділігі : Оқушыларға қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері туралы толық мағлұмат беру, есеп шығарту.

Дамытушылық :

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой қорытуды пайдалана білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды қамқорлыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.


Ресустар (құралдар)

Сыртқы интеграция

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға жағымды атмосфералық көңіл-күй қалыптастыру.

Топқа бөлу.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында табиғат бөлшектері (жер, кун, су, ағаш) салынған карточкалар арқылы топқа бөлу, топ басшы сайлау.

Оқушыларды түгендеу.

Тыныштық сәті. Табиғат жайлы бейнеролик.

2. 5 «Т» ережесін еске түсіру.

Тәртіп

Талап

Тазалық

Татулық

Тыныштық


Үнтаспа. Баяу әуен


Үй тапсырмасы

  1. Үйге берілген есептерді талқылау

Әр топтан екі оқушыдан жауап беріп, үй тапсырмасы қорытындыланады

Оқушылардан үй тапсырмасын сұрақ жауап арқылы сұрау

Дәйексөз

«Таза болса табиғат,

Аман болар адамзат» нақыл сөз

1.Хормен оқыту

2.Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту

3.Жұмыс дәптерге жаздыру.

4.Осы дәйексөзді қалай түсіндіңіздер?



5.Табиғатқа деген қамқорлықтарыңды қалай жеткізіп жүрсіңдер?

6.Оқушылардың жауаптары негізінде дәйексөздің мағынасын толық ашып, қорытындылау.


Интербелсенді тақта

Слайд

Оқушы дәптері

Ішкі интеграция.

Жаңа сабақ:

Амалдардың орындалу ретін анықтау. Есептердің мәнін өсу ретімен орналастыра білу. Өткен тақырыптар бойынша есептерді шығару. Берілген есптерді балалар жауаптарына қарай тақтада берілген суреттердегі номерлер арқылы өз түсініктерін жеткізу керек.

Табиғат дегеніміз – айналамыздағы қоршаған орта. Шындығында біздер әсем табиғатымызды қорғауда әлсіздік танытудамыз. Адам табиғат перзенті. Оның тіршілігі табиғат аясында өтеді. Адам табиғатпен тығыз өмір сүреді.
Ал,табиғатты қорғау дегеніміз-ауаны ластамау,құстарды аялау,өзен-көлдің суын бүлдірмеу,жан-жануарларға қамқорлық жасау. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да берген екен.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқаша айтқанда, біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз.
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. 
Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды екен, ендеше жердің, табиғаттың иесі мына сендер, біз оны қорғауымыз керек. Демек, табиғатты қорғау – өз Отанымызды сақтау деген сөз.

Жаңа сабақ бойынша түсінік

Беру жағымсыз әдеттерден бойын аулақ ұстап,рухын жақсы әдеттермен қоректендіреді.








Интербелсенді тақта

Слайд №12

Бейнеролик «Табиғатты қорғайық»

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

5. Топтық жұмыс 4 есепті шығарып, мәндерін түсіндіру

I топ. Ағаш

4*5+15/3=?

5*6-35/7=?

II топ. Су

8*5+5*5=?

7*5-45/5=?

III топ. Күн

16+24/8=?

(16+24)/8=?

ІV топ. Жер Ана

5*9-7=?



5*(9-7) =?




Маркер, А4, түрлі-түсті қаламдар Тақтада табиғатқа қайшы келетін заңдылықтардың суреті беріледі

Оқушылар шығарған есебінің мәнін түсіндіре отырып, сол жауаптағы




берілген суреттің мағынасын, яғни

табиғат жайлы өз ойын жеткізеді

7. Топпен ән айту.


Топпен ән айту. Бота Бейсенованың әні «Жау жаңбыр»

Жау жаңбыр

1куплет

Келді міне көктемім

Жердің жүзі көктеді

Ақ жаңбырды сыйлады,

Ақша бұлттар көктегі

Қайырмасы 2 рет

Жау, жау жаңбыр, жау жаңбыр

Мөлдіреген тамшыларың.

Жау, жау жаңбыр, жау жаңбыр

Табиғаттың сәні

2 куплет

Жаушы жаңбыр тағыда,

Күттік сені сағына

Кірсін жердің сәні де ,

Топырақтың нәрі де

Қайырмасы




Үнтаспа

Үй тапсырмасы

№ 5 есеп Өрнектерді құрастырып, олардың мәнін тап



17 бет

9. Соңғы қорытынды сәті:

Кері байланыс. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін, түсінген сәттерін, ой – пікірлерін стикерге жазып, тілек ағашына жабыстырады

Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі айтылған барлық жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтап алайық.

Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Стикер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
1344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі