400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мұғалім қолдануға болады. Жаңартылған бағдарлама бойынша жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлімі:

Тұрақты электр тогы


Мектеп: Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебі


Мұғалімнің аты-жөні: Тюляшева Айжамал Данияровна

Күні: 31.01.2020ж

Сынып: 8 «А»

Қатысқандар саны: 22


Қатыспағандар саны: 0


Сабақ тақырыбы

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.11 өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу;

Сабақ мақсаттары

  • Өткізгіштерді тізбектей қосқанда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану

  • Өткізгіштерді параллель қосқанда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану

- Өткізгіштерді аралас жалғағанда әр бір резистордың ток күші мен кернеуін анықтай алу.

Бағалау критерийлері

  • Өткізгіштердің жалғану түрін анықтайды;

  • Өткізгіштерді аралас жалғау кезіндегі тізбектің кедергісін анықтайды;

  • Өткізгіштерді тізбектей, параллель және аралас жалғау кезіндегі заңдылық пен тізбек үшін Ом заңын пайдаланып, ток күші мен кернеуді дұрыс анықтайды.

Тілдік

мақсаттар

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

ток күші

сила тока

amperage

кернеу

напряжение

voltage

амперметр

амперметр

ammeter

вольтметр

вольтметр

voltmeter

тізбектей жалғау

последовательное соединение

series connection

параллель жалғау

параллельное соединение

parallel connection

Электрлік кедергі

электрическое сопротивление

resistor

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Тізбек бөлігіндегі ток күші – осы бөліктіӊ ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштіӊ кедергісіне кері пропорционал.

Кедергініӊ 1 Ом бірлігіне ұштарындағы кернеу 1 В болғанда, бойымен 1 А ток өтетін өткізгіштіӊ кедергісі қабылданған.

Параллель жалғану кезінде.....

Тізбектей жалғану кезінде....

Құндылықтарды дарыту


  • Мұғалім мен оқушының арасында және оқушылардың бір-бірімен сабақ бойы ынтымақтастықта болады;

  • Мұғалім оқушыларды және оқушылар бірін бірі әділ, әрі ашық бағалайды, бағалауларын негіздейді, кері байланыс береді;

  • Оқушылар өз ойларын еркін айтады;

  • Мұғалім және оқушылар бір-біріне өзара көмек және қолдау көрсетеді.

Пәнаралық байланыстар

Паралелль және тізбектей жалғау заңдылықтарын қолданып есептер шығаруда математика пәнімен байланыс.

Бастапқы білім


Электр тізбегі. Тізбектегі ток күші мен кернеу және оларды өлшеу, тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

7 мин





  1. Амандасу;

  2. Жақсы көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылармен шаттық шеңберін құрып, сабағымызға сәттілік тілеймін. Бір-бірлерінің қолдарын ұстап жақсы тілектер айтады. «Бақыт тілеймін!», «Сыйластық тілеймін!», «Махаббат тілеймін!» деген тілектер айтады.

  3. Оқушылар түстерді таңдау арқылы топқа бөлініп отырады.

«Кедергі», «Ток күші», «Кернеу», «Ом» топтары.

  1. «Сұрақ-жауап » әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдіреді.

Ой қозғау.

- Гирляндының бір шамы өшсе, неге барлығы өшіп қалады?

- Үйде бір бөлменің шамының өшірсек, неге басқа бөлменің шамы өшпейді?

Суретте көрсетілген электр тізбектерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттаңыз



Слайд 1

Сабақтың ортасы



30 мин






Мағынаны тану

1)


2) «Кім жылдам?» әдісі. Оқушылар жұппен парақшада дұрыс жауаптын астың сызады « Шын / Жалған ». Әр жұп кезектесіп жауап береді, өзара бағалайды.

1 Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күші тұрақты болады.

Шын / Жалған

2. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда кернеу тұрақты болады.

Шын / Жалған

3.При соединении двух резисторов по 28 Ом параллельно общее сопротивление 56 Ом

Шын / Жалған

4. is unit of resistivity the Om

Шын / Жалған

5. The resistance of the thermistor increases when the temperature of the thermistor decreases.

Шын / Жалған

6. Ammeter instrument foreasuring the voltage

Шын / Жалған


3) Оқушылар жұппен берілген ақпараттың ақиқаттығын тексереді, дәлелдейді. Жұпта талқылайды, жауаптары cағат тілімен көрші жұппен алмасып бірін-бірі тексереді

1. Егер ток күшімен кернеудің шамалары келесідей беілсе, өткізгіштер қалай жалғанулары керек(тізбектей немесе параллель):

1) I1= 3 А, I2= 4 А? (Параллель)

2) I1= 3 А, I2= 3 А? (Параллель немесе тізбектей; бірінші жағдайда кедергілері бірдей болуы қажет)

3) U1= 5 В, U2= 4 В? (Тізбектей)

4) U1= 5 B, U2= 5 B? (Параллель немесе тізбектей; екінші жағдайда кедергілері бірдей болуы қажет.)

2. Бірнеше өткізгіштер қалай жалғасуы(тізбектей немесе параллель) мүмкін, егер

1) Өткізгіштердің біреуінің кедергісі 5 Ом, ал тізбектегі жалпы кедергі 10 Ом? (Тізбектей)

2) Өткізгіштердің біреуінің кедергісі 3 Ом, ал тізбектегі жалпы кедергі 2 Ом? (Параллель)


4) Сыныпқа жалпы тапсырма беріледі. Оқушылар өздігінен орындарында шығарады. Жауаптарын сыныппен талқылайды

Топқа берілетін тапсырмалар:

1 топ.Тізбектегі жалпы кернеу неге тең?

Группа 16










2 топ. Жалпы кернеу 3 В болса, жалпы ток және R2, R3 кедергісі арқылы өтетін токты тап.

Группа 1










3 топ. Суретте көрсетілген электр тізбектің берілгендері бойынша жалпы кедергісін және амперметрдің көрсетуін анықта.

Группа 126







4 топ. Суретте берілгендері бойынша тізбектегі жалпы токты және кернеуді тап.

Группа 106








Өткізгіштерді тізбектей жалғауға есептер шығару.

  1. Кедергілері 30 Ом және 60 Ом болатын резисторлар ток көзіне тізбектей жалғанған. Бірінші резистордің кернеуі 3 В. Екінші резистордағы кернеу нешеге тең?

  2. Кедергілері 2 Ом және 3 Ом болатын резисторлар тұрақты 15 В кернеуі бар ток көзіне тізбектей жалғанған. Тізбектегі ток күшін табыңыз.

Екі резистор тізбектей жалғанған. Кедергісі 5 Ом болатын резистордағы кернеу 10 В –қа тең. Екінші резистордағы кернеу 20 В-қа тең.Екінші резистордың кедергісі неге тең?

  1. Суретте берілгендері бойынша тізбектің

Группа 81 жалпы кедергісін тап.











  1. Тізбектің жалпы кедергісін тап.

R1=R2=1,8 Ом, R3=R5=1 Ом,

R4=R9=R10=3 Ом, R6=R8=1,2 Ом,

R7=0,8 Ом, R11=R12=0,3 Ом, R13=0,7 Ом.

Группа 35











Бекіту тапсырмасы.

Оқушыларды түс бойынша білім деңгейін ескеріп 4 топқа біріктіру. Әр топтын оқушылары жауаптарын жеке А4 парақтартарына жазады.

Бағалау критерийлері:

  • Өткізгіштердің жалғану түрін анықтай алады;

  • Өткізгіштерді аралас жалғау кезіндегі тізбектің кедергісін анықтай алады;

  • Өткізгіштерді тізбектей, параллель және аралас жалғау кезіндегі заңдылық пен тізбек үшін Ом заңын пайдаланып, ток күші мен кернеуді дұрыс анықтай алады.

Дескриторлар:

  • жалпы кедергіні есептеу формуласын қолданады;

  • жалпы кедергіні анықтайды;

  • аралас жалғау кезіндегі тізбектің кедергісін анықтай алады;

  • тізбектегі ток күшін есептеу формуласын қолданады;

Жауаптарың мұғалімнің жауаптарымен салыстырып, тексереді, өзін өзі бағалайды.



Слайд 4






























Қосымша 1














Қосымша 2
























Слайд 5,6


















Таратпа материал

А4 парағы




































Таратпа материал

А4 парағы












Сабақтың соңы


3 мин


Рефлексия: Бағалау критерийлері бойынша оқушылар өз-өзін бағалайды.

  • Не білдім, нені үйрендім

  • Не түсініксіз қалды

  • Немен жұмыс жасау қажет


Үй тапсырмасын беру Тарау бойынша теориялық ақпаратты қайталау. Өз үйлеріңіздегі электр құрылығыларынын қалай жалғандығы зерттей отырып, 4 мысал жазып келіңіздер.

Үйге тапсырма

  1. Тізбектің А және В нүктелерінің арасындағы кернеу 220 В болса, (сурет) жалпы ток күші қандай?

Группа 151









  1. Суретте көрсетілген тізбектегі жалпы кернеу

10 В болғанда жалпы ток күшін тап.

Группа 179









Слайд 7,8


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар білуі тиіс:

Өткізгіштердің қалай жалғанғандығын, қандай шаманың өзгермейтіндігін анықтай алады; тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын қолдана алады,

дұрыс есептеулер жүргізеді

Көпшілік оқушылар білуі тиіс: алгоритмді құрастыра алады;

Есепті шығарылуын талдай алады, қорытынды жасай алады

Кейбір оқушылар білуі тиіс:

Жоғары деңгейдегі есептерді есептей алады және жауаптарына анализ жасайды.

Сабақ барысында есептер шығару бойынша, жұптық жұмыс кезінде оқушылар бірін-бірі бағалайды, өзін- өзі рефлексия жасауда бағалайды және жалпы сабақ барысында мұғалім кері байланыс арқылы формативті бағалау жүргізеді.


Физика кабинеттерінде қауіпсіздік ережелерін ұстану


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылды. Орындаған тапсырмаларға және оқушылардың сабаққа белсенді қатысқандарына қарай сабақтың мақсаттарына барлық оқушылар қол жеткізді деп айтуға болады. Сабақта саралау дұрыс өткізілді, топта жұмыс және жеке жұмыс болды. Тапсырмаларды тез орындап тастаған оқушыларға қосымша есеп берілді. Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды. Бүкіл тапсырмаларды сабақта жасап үлгердік. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

  1. Жаңа сабақты талқылауда «Кім жылдам?» әдісі тиімді болды. Оқушылар жаңа тақырыпты кеңінен аша алды. Берілген тапсырмаларды өмірден мысалдар ала отырып орындады.

  2. Жаңа сабақты түсінгендігін есеп шығарту арқылы бақыладым. Оқушылар бүгінгі тақырыпқа қатысты формуланы есеп шығару барысында кеңінен қолданды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

  1. «Сұрақ-жауап» әдісі ұтымды әдіс болды. Оқушылар берілген сұрақтарға кірімей жауап бере алды.

  2. Топпен жұмыс сабақты жақсартуға ықпал етті. Сабақты түсінген оқушылар топпен ақылдасып білмегендерге түсіндіріп отырды.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Оқушылардың дерлік барлығы сабаққа белсене қатысып отырды. Есеп шығаруда халықаралық бірліктер жүйесіне келтіруді еркін меңгерген, схемалармен жақсы жұмыс жасай білді. Барлық шартты белгілерді жаттап келген. Саят, Нұрбақыт, Жасмин, Диас өте алғырлықпен берілген тапсырмаларды жылдам орындап отырды және оқушылардың көпшілігі токтардың тізбектей және параллеь жалғануын үш тілде жақсы айта алды. Жаңа сабаққа ағылшын тілін кіріктіру өте ұтымды болды. Оқушылар тақырыптарды жақсы меңгеріп келген. Сыныпта дарынды және үлгерімі төмен оқушылар болды. Келесіде үлгерімі төмен оқушыларға қосымша, жеңілдетілген тапсырмалар дайындап барамын.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
1745
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі