400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, 1 курс

Материал туралы қысқаша түсінік
Электр тізбектерінің жалғану тәсілдерін білу, үйрену, оларды есеп шығару арқылы дәлелдеу, күнделікті өмірде қолдану жолдарын меңгеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Колледж: М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тұяқова Меруерт Алханқызы

Тобы:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Электр тізбектерінің жалғану тәсілдерін білу, үйрену, оларды есеп шығару арқылы дәлелдеу, күнделікті өмірде қолдану жолдарын меңгеру.

Сабақтың мақсаты

  • Барлық білім алушылар: Электр тізбектерін және өткізгіштің жалғану анықтамасын біледі.

  • Білім алушылардың басым бөлігі: Электр тізбектерін және өткізгіштің жалғануын қолданып, есептер шығара алады.

  • Кейбір білім алушылар: Күрделі есептерді шығару арқылы күнделікті өмірде қолданылуын біледі.

Бағалау критерийі

Күлдіргіштер

Тілдік мақсаттар


Негізгі сөздер мен тіркестер:

Электр тогы, Кернеу, кедергі, ток күші, өткізгіш, параллель жалғау, тізбектей жалғау.


Глоссарий:


1 Тізбек- цепь- chain

2 Кедергі –  сопротивление - resistance

3 Ом – ом - ohm

4 Кернеу – напряжение - tension

5 Ток күші - сила тока - strength of current


Құндылықтарға баулу




«Мәңгілік Ел» құндылықтары: студенттерді өзара ынтымақтастыққа, азаматтық жауапкершілікке баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс

«Математика», «Электротехника» пәндері

Тақырып бойынша алдыңғы білім


Электр заряды, электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер. Конденсатор, электрсыйымдылық. Ом заңы туралы студенттер біледі, түсінігі бар.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)






Топқа бөлу



























Миға шабуыл 
Үй тапсырмасы

Жеке жұмыс



























«Ой қозғау»














І.Ұйымдастыру. 

1.1. Сәлемдесу. Түгелдеу.

1.2.  Аудиторияға  жағымды ахуал туғызу мақсатында «Шаттық шеңберін» құру

Бұл әдіс білім алушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық білім алушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.


Төменде көрсетілген жасырылған суреттер үшбұрыш, төртбұрыш, көпбұрыш және квадрат пішіндерімен қиып қойылады.




Топ атаулары:

  • Кернеу

  • Кедергі

  • Ток күші

  • ЭҚК


1 – тапсырма. Семантикалық карта

БАҒАЛАУ критерийі

  1. Сұрақтарды толық оқып, мазмұнын түсіндіріңіз;

  2. Кестеде берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріңіз;

Дескриптор

  1. Сұрақтарды толық оқи отырып, мазмұнын түсіндіреді;

  2. Берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алады;



Қ Б күлдіргіштер арқылы жүргізіледі








ІІІ. Түрлі суреттер көрсетіліп, сол суреттерден білім алушылар нені байқады, бүгінгі тақырыптың тақырыбын ашатындай, өзекті не байқағандары туралы сөйлейді. Білім алушылар өзара пікір алмаса келе, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын айтады.





Музыка






Суреттер






























Интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар





























Интербелсенді тақта, суреттер

Сабақтың ортасы

( 27 минут)
































Жеке жұмыс

ІҮ. Жаңа сабақ:

«Электр тізбектері. Өткізгішті тізбектей және параллель жалғау»

Ток көзі және оның полюстерін қосатын өткізгіш тұйық электр тізбегін жасайды.

Электр құрылғыларын тізбектей қосу






Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:

U=U1+U2+U3+…

I1=I2=I3=…

R=R1+R2+R3+…






Электр құрылғыларын параллель қосу.







Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.

I=I1+I2+I3+…

U1=U2=U3=…

1/R=1/R1+1/R2+1/R3+…



2-тапсырма. Есептер шығару.

БАҒАЛАУ критерийі

  1. Есеп мазмұнын түсініңіз, шығару жолын түсіндіріңіз;

  2. Шығару жолын кестемен көрсетіңіз.

Дескриптор



  1. Есеп шығару мазмұнын түсінеді, шығару жолын түсіндіреді;

  2. Шығару жолын кестемен көрсете алады;

20-жаттығу 1. 94 - суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1 = 36 Ом өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1=9 В. Кедергісі R2 = 64 Ом болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің R3 кедергісін анықтаңдар.

2. 95 - суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=44 Ом өткізгіш арқылы I1=5 А ток өтеді. I2=0,8 А ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтаңдар.

Қ Б күлдіргіштер арқылы жүргізіледі






Б.А.Кронгарт, Физика. Алматы

«Мектеп», 2014 ж











































Б.М. Дүйсембаев, Физика және астрономия. Алматы

«Мектеп», 2015 ж


Сабақтың соңы

( 8 минут)

«Сұрақтар ілмегі» топтық жұмыс

3 – тапсырма.. Сұрақтарға жауап беру

Бағалау критерийі

  1. Сұрақтарға нақты жауап беріңіз;

  2. Сұрақтарға дәлелді жауап беріңіз.



Дескриптор

  1. Сұрақтарға нақты жауап бере алады;

  2. Сұрақтарға дәлелді жауап келтіре алады;

Сапалық есептерден сұрақтар

  1. Аккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып қояды неге?

Жауабы: аккумуляторды зарядтау кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді. Егер қақпақ ашылмаса жиналған газ аккумуляторды жарып жіберуі мүмкін.

2. Қараңғыда қант сындырғанда әлсіз жарқылды байқауға болады. Осыны түсіндіріңдер.

Жауабы: Қант сындырғанда зарядталады.

3. Неге электр сымдарына қонып отырған құс, жоғары кернеуді қосқанда ұшып кетеді?

Жауабы: Электростатикалық өрістен құс қауырсындары өзара әсерлесіп аралары ашыла бастайды. Осы қолайсыз әсер құстың ұшуына себеп болады.

4. Электр желісіне ұшып келіп қонған құсқа токтың әсері неге білінбейді?

Жауабы: Құстың денесі мен оның аяқтары арасындағы өткізгіш бөлігі өзара параллель. Мұндай тізбектегі ток күші кедергіге кері пропорционал құс денесінің кедергісі АВ өткізгіш кедергісінен анағұрлым артық болатын, ондағы ток күші аз. Ол құсқа қауіпті.





ҚБ күлдіргіштер арқылы жүргізіледі








Нені білді? Нені үйренді? Соны анықтау мақсатында бірнеше сұрақтар қойылады.










Кері байланыс «Бағдаршам» арқылы жүргізіледі.

Жасыл түс – барлығы түсінікті

Сары түс – әлі де сұрақтар бар

Қызыл түс – түсінген жоқпын





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


С туденттерге мадақтау арқылы қолдау көрсетемін. Қабілетті студенттерге жаңа тақырып бойынша үлестірме кестелері арқылы тапсырмалар беріледі.



Электр тогы жұмыс жасағанда сақталуы керек қауіпсіздік ережесімен таныстыру;

«Математика», «Электротехника» пәндерімен пәнаралық байланыс

«Мәңгілік Ел» құндылықтары: студенттерді өзара ынтымақтастыққа, азаматтық жауапкершілікке баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма?

Барлықоқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Сабақ мақсаты шынайы болды.

Бүгін білім алушылар электр тізбектерін өткізгіште жалғау тәсілдерін үйренді.

Саралау шаралары бойынша кейбір білім алушылардың түсінуі баяу болғандықтан өзара арқылы түсіндіріліп, ал кейбір білім алушылар есептеуді тез шығарып отырды.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

  1. «Сұрақ ілмегі» әдісі;

  2. «Ой қозғау» әдісі


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Бейнефильмді қолданғанда;

2: Табиғатпен байланыcтыра отырып, тәжірибе жасағанда.



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Қабілетті оқушыларға күрделі тапсырмалар енгізу қажет екенін байқадым.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
426
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі