Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Оттек, алынуы, қасиеттері, қолданылуы. №4 көрсетілім «Сутек пероксидінің ыдырауы».

Материал туралы қысқаша түсінік
Оттек, алынуы, қасиеттері, қолданылуы. №4 көрсетілім «Сутек пероксидінің ыдырауы». тақырыбында 8-сыныпқа арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру ұйымының атауы

Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп -гимназия

Пәні

Химия

Бөлім:

8.2D Сутек. Оттек және озон

Педагогтің аты-жөні:

Кентербаева Ақшолпан Байтореевна

Күні:

18.12.2024ж

Сыныбы: 8 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Оттек, алынуы, қасиеттері, қолданылуы.

4 көрсетілім «Сутек пероксидінің ыдырауы».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.2.2 -ауа құрамындағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшерін білу

Сабақтың мақсаты:

Оттектің химиялық қасиетттерін зерттейді, реакция теңдеулерін жазады.

Оттектің табиғаттағы айналымын реакция теңдеулері арқылы болжап, жаза алады.

Құндылықтар

Бірлік пен ынтымақ

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушы лықты ояту.

5 мин.





















Зерттеу тапсырмасы

4 мин







Өткен білімді еске түсіру

3 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2.Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Атомдар, молекуларалар» әдісін пайдалану. Үш топқа бірігеді.

І топ: Оттегі

ІІ топ: Озон

ІІІ топ: Сутегі











Зертеуге берілген жемістерді кептірудің бірнеше әдістерін, адам ағзасына әсерін сұрайды.






Өтілген сабақтарды пысықтау мақсатында «Ұяшықтармен жұмыс» ұйымдастырылады. Wodrwall платформасында жасалынды.

Жасырылған ұяшықтың нұсқасы таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.




1.Оқушылар ұстазымен амандасады.



2.Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Атомдар, молекуларалар» әдісін пайдаланып, оқушылары тренд музыкасымен билейді. Жағымды атмосфера орнатады. Музыканы үзіп бір сан айту арқылы молекулалар құрастырылады. Осылай үш рет қайталанады.

Оқушылар үш топқа бірігеді. Топ басшылары топтың аты жасырылған кеспе қағаздан таңдайды.




Оқушы үй жағдайындағы «Кептірілген жемістерді алудың бірнеше әдістері: күн астында, көлеңкеде, кептіргіш шкафтарда дайындау.

«Адам ағзасына қандай әсері бар» тақырыптарындағы зерттеу жұмыстарын қорғайды.


Сутек ғаламдағы ең кең таралған элемент. Ғалам массасының 3/4  бөлігі сутектен тұрады, жер қыртысының құрамында 1% шамасында сутегі болады. Сутек бос күйінде өте сирек кездеседі. Сутек қосылыс күйінде тас көмір , мұнай , минералдарөсімдіктер және жануарлар ағзаларында кездеседі. Сутек атомдық нөмірі 1  тең элемент.  Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде бірінші топта 1-ші   периодта орналасқан. Сутек ең жеңіл газ . Ол ауадан 14,5 есе жеңіл. Қалыпты жағдайда сутек тек  фтормен және белсенді металдармен ғана әрекетттеседі. Қыздырғанда молекулалалық сутек жарылғыш және жанғыш болып келеді.


«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



















Дескриптор:

Жалпы-2 балл








Дескриптор:

Дұрыс үш жауапқа -1 балл


Презентация

Музыка

Кеспе қағаздары












https://wordwall.net/ru/resource/53456465






Жаңа сабаққа кіріспе

2 мин









3 мин

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау Мұғалім зертханалық жұмыс жасайды, химиялық реакция теңдеуін жазады, реакция теңдеуі арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Қауіпсіздік ережесін сақтау (көзілдірік тағу, қолғап, ақ халат)



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.





«Bilim class» платформасынан бейне ролик көрсету

Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады.



1.Тәжірибе жұмысынан қандай ой түйдіңдер?

2.Бұл тәжірбиенің бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар?

Зертханалық жұмысты бақылайды, химиялық реакция тедеулерін дәптерлеріне жазады.

2KMnO4=K2MnO4+MnO2+O2

Калий калий марганец (ІV)

перманганаты манганаты оксиді





Оқушылар «Bilim class» платформасынан бейне ролик көреді, жаңа тақырыптың термин сөздерін дәптерлеріне жазады.



Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Презентация

Сынауықтар, спирт шамы, қысқыш, калий перманганаты, шырпы, тұрғы





















https://bilimclass.kz/upload/online_mektep/lesson/c9a2caf5d26884c19a899d3d16c3a42c/5.jpg?v1636448061378

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

6 мин.

4 көрсетілім «Сутек пероксидінің ыдырауы».

Оттегі – жай зат

Оxygenium – «қышқыл тудырушы»

Жер бетінде таралуы:

Атмосферада – 21%

Жер қыртысында-49,13%

Адам организмінде - 65% т.б

Оттектің химиялық таңбасы “О”, Оның салыстырмалы атомдық массасы 15,9994 әдетте,есептеуге 16 деп алынады.Оттек молекуласы екі атомды О2 жай зат болып саналады.

Біздің ғаламшарымыздағы атмосферада оттек бос күйінде 21% шамасында болады.Жер қыртысында басқа химиялық элементтермен қосылыс түріндегі оттектің массасы 49,13%-ға тең химиялық элементтер кіреді.

Физикалық қасиеттері

Аллотропиялық формасы: оттегі О2, озон О3

Агрегаттық күйі: газ

Түсі: түссіз, дәмсіз, иіссіз, суда нашар ериді

Молекула құрамы: О2

Тығыздығы: 1429 кг/м3

Балқу температурасы: -218 С

Қайнау температурасы: -183 С

Оттегінің алыну жолдары

Өнеркәсіпте:

сұйық ауадан, суды электролиздеуден

Лабораторияда:

калий перманганатынан, бертолле тұзынан, т.б

Табиғатта:

фотосинтез процесі

Отегінің алыну жолдары

а) 2KMnO4 = K2MnO4 + MnO2 + O2↑

б) 2H2O = 2H2↑ + O2↑

в) 2H2O2 = 2H2O + O2↑

г) 2KClO3 = 2KCl + 3O2↑

д) 2HgO = 2Hg + O2↑

Оттектің қолданылуы

Авиация қозғалтқыштарында, Медицинада, Қопару ісінде

Авиацияда,космонавтикада тыныс алу үшін, Химия өнеркәсібінде, Металлургияда, Металл пісіруде

Металл кесуде, Металлургияда


4 көрсетілім «Сутек пероксидінің ыдырауы».





Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады



Оқушылар «сутек пероксидінің ыдырауын» бейне роликтен көреді



Жаңа тақырыптың мазмұнын түсінеді.

































Оқушылар түсіндірілме рекция теңдеулерін дәптерлеріне жазады.


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



Презентация

Жасанды интелект

Gamma Aii

Видео










Жұптық жұмыс

6 мин

Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырма

«Есебін тауып, есептей біл» әдісі

Есептерді оқушыларға жеке орындатады.

Адасқан сөздерді ретімен койғанда мағыналы сөйлем шығады


















1 Сутек пероксидінің оттек алу реакциясының теңдеуін жазып,16г оттек алу үшін қажетті сутек пероксидінің массасын есептеңдер.

А).34г (тәуелсіздік)

Б) 18г (егемендік)

В).20 г(бостандық)

Г). 19 г(мемлекеттік)


2 Судың айырылу реакциясын жазып,90 г суды айырғанда түзілетін оттектің массасын есептеңдер.?

А) 90 г (іргесі),

Б) 80г (тұғыры),

В) 20г (байрағы) ,

Г) 30г моль (туы)


3 Массасы 43,4г сынап (ІІ) оксидін айырғанда түзілетін оттектің зат мөлшерін есептеңдер.

А)6,2 мольөшпес)

Б) 4,5 моль (күшті)

В) 0,1 моль (берік)

Г) 8 моль (мықты)


4 Массасы 24,5г калий хлоратын KCLO3 айырғанда түзілетін оттектің массасын есептеідер.


А)30г (жансын),

Б) 6,3(тұрсын),

В) 9,6г(болсын),

Г) 10г (болу)


«Тәуелсіздік тұғыры берік болсын»


Дескриптор.

Жалпы -3 балл

1.Есептің шартын жазады-1 балл

Реакция теңдеуін жазып, теңестіреді-1 балл

Есептің шешімін шығарады-1 балл


Презентация

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері


































Топтық жұмыс

6 мин

Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырма

Тапсырма 3 жеке жұмыс

«Оттектің көршілерімен қатысы» қызықты реакция теңдеулерін жазу

1.Оттек көп қабатты үйдің 2 – қабатында тұрады. Ол бірде өзін сынамақ болып «Мен қандаймын, көршілеріме барсам, мені қалай сыйлар екен?» деп көршілерін араламақ болады. Ол 1-ші қабаттағы 1-ші пәтердегі көршісіне барып, ондағы элементпен қосылып айдын көлге айналады:

Жауабы: 2Н2 + О2 = 2Н2О


2.Тоңып қалған оттек жылыну үшін 2-ші қабаттағы № 6 пәтердің есігін қағады. Оттек осы пәтердің иесімен қосылып жанып, жарық бөледі:

Жауабы: С + О2 = СО2


3.Көміртектің үйінен шығып, сол жақ көршісіне соғып кетпекші болады. Осы пәтерге кірген бойда найзағай ойнап, аспан айналып жерге түскендей болады:

Жауабы: N2 + О2 = 2NО – Q


4. Қатты дауыстан қорқып, үшінші қабатқа шығады. Алдында № 15 пәтердің есігі ашық тұр екен, оттек осында кіреді. Бөлме іші кенеттен жап - жарық болып, ашық жалынмен жанып, бөлме іші ақ түтінге толады:

Жауабы: 4Р + 5О2 = 2Р2О5


5.Бұдан соң оттек № 14 пәтерге келіп, екеуі қосылып топырақ пен сазға айналды:

Жауабы: Si + О2 = SiО2


6.Оттек өзінің осындай қасиетіне таңдана түседі. Ол енді металдар орналасқан қабаттарды аралап көрмекші болады. Сырт көзге жанбайтын, бойында мықтылық, беріктік қасиеті бар көршісі – темірдің үйіне ақырын тарсылдатып, кіріп еді ол жалын және түтін шығармай шатырлап жанып, қуанып темір қағына айналды:

Жауабы: 3Ғе + 2О2 = Ғе3О4

Дескриптор: Жалпы - 1 балл

Әр дұрыс жауапқа -1 балл

Презентация

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.






Сабақты бекіту

5 мин

Өтілген сабақты бекіту тапсырмасы.

1 «Екі шындық, бір өтірік» әдісі

Оқушылар жаңа тақырып бойынша «Оттектің қасиеттері және оның қолданылуы» қағазға екі шындық, бір өтірік мәлімет жазады. 3-4 Оқушылар кезектесіп –дауыстап мәліметтерді оқып дәлелдейді, қайсысы шын, қайсысы өтірік.

Дескриптор:

Жалпы -3 балл

Әр дұрыс жауапқа -1 балл

Плакат

Маркер

8-сынып оқулығы

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.

Бағалау. Әр оқушының тапсырма орындауына, дұрыс жауап беруіне қарай жинаған балдарын мұғалім тексереді.



Үй тапсырмасы.

Зерттеу жұмысын жасау.

«Химиялық қарапайым тәжірбиелер»

«Алма неге қараяды?»

101 беттен №1-3 есептер



«Classroomscreen» платформасы арқылы, оқушылардың бүгінгі сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын алады

Жинаған жалпы балдарын мұғалімге хабарлайды.






1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бағаланады


Колбаны балға толтыру


1-24 номерлер бағалау тақтасы



Рисунок 1


















«Бекітемін»

Мектеп –гимназия директоры

________ Г.А . Бахалиева

«___» ________ 2024жыл


«Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп -гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: Оттек, алынуы, қасиеттері, қолданылуы. №4 көрсетілім

«Сутек пероксидінің ыдырауы».

Picture 12


Пәні: Химия

Пән мұғалімі: Кентербаева Акшолпан

Сыныбы: 8 «А»




2024-2025 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2024
293
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі