«№14
Н.Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебі»
мемлекеттік
мекемесі
Отырар
қаһарман қала
ашық
сабақ
Пән
мұғалімі: М.Т.Барлыбаева
Сабақтың
тақырыбы: Отырар қаһарман қала
Сабақтың
мақсаты
Білімділік:
Оқушыларға Отырар қаласы туралы
жан-жақты мағлұмат бере отырып білім
деңгейін көтеру.
Дамытушылық:
Оқушылардың ойлау
қабілетін,қызығушылығын,белсенділігін
арттыру.
Тәрбиелілік:
Оқушыларымызға Отырар қаласын айта
отырып,елін сүюге,еліне халқына қызмет
етуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі Жаңа сабақ
Сабақтың
көрнекілігі слайд,тест,карта,деңгейлік
тапсырма,сөзжұмбақ,бағалау парағы
Сабақтың
әдісі: топпен жұмыс,сұрақ-жауап
әдісі,ұпай кімге бұйырады,сиқырлы
ұяшықтар
Сабақтың
барысы.
І.
Ұйымдастыру
О
қушыларды
түгелдеу,сыныпты 4 топқа бөліп
отырғызу,Отырарға саяхат сабағын
ұйымдастыру.
ІІ.
Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырып
Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби тақырыбын
сұрақ жауап әдісі арқылы қорытындылау.
ІІІ.Тарих
пәніне жалпы шолу мақсатында «Сиқырлы
ұяшықтар» ойыны арқылы оқушыларға
«Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Ұлы
жеңіске 70 жыл», «Шығыс ғұламалары» және
«Тарих толқынында» тақырыпшалары арқылы
оқушылардың білім деңгейін бақылау
және шыңдау.
ІІІ.
Жаңа тақырып Отырар қаһарман қала
бейнефильм көрсету (5 мин)
Мұғалім
түсіндірмесі
Отырар
қаласы алғашқы кезде әртүрлі атаулармен
аталған. Атап айтатын болсақ;
Тұрарбанд,Тұрар,Тарбанд,Фараб деген
атпен аталып келген. Оның билеушісі
Қайырхан. Өмір сүрген жылдары 1165-1220 ж
ж. Қайырханның тұсында қала өте бай
қалалардың қатарында болды. Бұған себеп
Ұлы жібек жолының бойында орналасуы.
Ұлы жібек жолы Қытайдағы Хуанхэ өзенінен
басталып Еуропаға дейінгі аймақты
қамтыған. Отырар қаласы мықты дуалмен
қоршалған. Қалаға кіретін 5 қақпа болған.
Қала екі үлкен дуалмен қоршалған.
Біріншісі қаланың бүкіл аумағын
қоршаса,екіншісі қаланың ауқатты
адамдары тұратын бөлігін басқалардан
бөліп тұру үшін салынған. Осы тұста яғни
1206 жылы Моңғол империясы құрылып оның
ханы болып Шыңғысхан хан болып сайланады.
Оның мақсаты аса күшті әскери-феодалдық
мемлекет құру болды. Шыңғысхан көптеген
жерлерді өзіне бағындырады. 1218 жылы
Шыңғысхан 450 адамнан тұратын (500 түйемен)
керуенді Отырарға жібереді. Мұны естіген
Қайырхан керуенді тонап, адамдарын
өлтіреді. Бұл оқиға Орта Азия мен Оңтүстік
Қазақстанға басып кіруіне басты сылтау
болды. 1219 жылы қыркүйекте Шыңғысханның
150 мың әскері Отырар қаласын қоршайды.
Бұл қалың қолды Шыңғысханның ұлдары
Шағатай мен Үгедей басқарады. Қайырхан
50 мың әскерімен Отырар қаласын қасық
қаны қалғанша қорғайды. Өздерінің
жеңіліп өлетінін білген Қараша Қайырханға
берілу керектігін айтқанда Қайырхан
көнбей қарсыласатынын айтады. Ал Қараша
болса Сүпіхан қақпасы арқылы өзінің
әскерлерін алып шығып беріледі. Міне
осыдан кейін моңғолдар Отырарды 1 айдың
ішінде басып алады. Қайырхан қасық қаны
қалғанша күресіп ақыры қолға түсіп
Көксарайда оның тамағына ерітілген
қорғасын құйып азаптап өлтіреді. Міне
балалар қандай қиыншылықпен келген
тәуелсіздігіміздің қадіріне жете
білейік.
ІV.
Жаңа тақырыпты оқушылардың меңгергенін
анықтау мақсатында «Отырар бітпес
қазына» тест тапсырмасы беріледі.
V.
Осы шартымызда ең көп ұпай жинаған
белсенділік танытқан оқушымен «Ұпай
кімге бұйырады» шартына өтеміз. Ал
сыныптағы ең төмен көрсеткіш көрсеткен
оқушылар жаңа сабақ бойынша тестпен
жұмыс жасайды. Ал «Ұпай кімге бұйырады»
ойынының шарты 50/50,досымның көмегі,залдан
көмек беріледі. Әр оқушыға 4 сұрақтан
қойылады.
Бүгінгі
сабағымызды Шахановтың мына бір өлең
жолдарымен аяқтасам деп отырмын.
-Даңқын
қайда төске өрлеген?
Екі
жүз мың әскерменен
Алты
ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала
алмау,
Алты
ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау
–
Ойы
– дауыл, сезімі – аспан,
Тек
жеңіспен көзін ашқан
Менің
алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба,
Намысыма
сызат түсті мына сенің арқаңда, -
Деп
Шыңғыс хан Шағатайға оқты көзін қадады.
Сергіту
сәті.
Бағалау.
Үйге
тапсырма М.Шахановтың өлеңін жаттау