жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Ою ойғанның ойы ұшқыр" даярлық топ
-
2 Ою ойғанның ойы ұшқыр
-
3
Оңтүстік
Қазақстан обл
Төлеби
ауданы №1 мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі
Жаркымбекова Перизат
Улыкбековна
Тақырыбы : Ою ойғанның ойы
ұшқыр
Тақырыбы : Ою ойғанның ойы ұшқыр
Мақсаты: Оқушыларға ою-өрнек түрлерін таныстыру.
Ой-өрістерін кеңейтіп,сөздік қорларын молайту.
Ұлттық ою-өрнектерді дамытып,бағалай білуге,эстетикалық тәрбие
беру.
Көрнекілігі: Ою түрлері,буклеттер,нақыл сөздер
1 . Ұйымдастыру: Кіріспе
-даярлық оқушыларының дайындаған «Ою ойғанның ойы ұшқыр»
тақырыбына дайындаған ашық сабағына хош келдіңіздер!
- Өнерді таудың бұлағынан
Қойдың құлағынан
Апамның киізінен
Қошқардың мүйізінен үйрендім ,дегендей өрнек таусылмас азық,жұтамас
байлық дейді халық даналығы.Қазақтың қас өнері де,өзінің тума
бітімімен,көркемдік мән-мағынасымен шын мәнінде халқымыздың
ғасырлар бойғы талғамынан өткен асыл қазынасы.Осының бірі
ою-өрнек.Оларды жоғалтпай үйреніп,әрі қарай дамыту біздің
міндетіміз.Ою-өрнектерде халқымыздың дүниетанымы,өзін қоршаған орта
мен сұлулығы туралы түсінігі бейнеленген.Оюдың түсінің,болмысының
да өзіндік сырлары бар.Олар бірнеше түрге бөлінеді:
2.. Ұлттық ою-өрнек түрлері. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де,
атаулары да көп. Бұл жерде 500-ге тарта түрлері қарастырылады.
Ою- өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке
түрі боп келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық
киімдерді, бұйымдарды әшекейлеудегі негізгі мәнерлі өнер әдісі -
ою-өрнек элементтерін меңгері болып табылады.
Ою-өрнек сөзі өзінің нағыз мәнін толығымен аша алмайды, оның
заңдылықтары тек өнерде ғана емес, табиғатта, ғылымда, техникада
болғандықтан өрнектің мәнін өлшемсіз кең түрде ашуға болады. Жалпы,
өрнек атауының мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болар
еді.
1. Ай,күн, жұлдыздарға (космогониялық) – көк әлеміне байланысты
өрнектер. Оларға «ай», «айшық», «жұлдызша», «күн нұры», «күн көзі»,
«күн сәулесі»
2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. Бұл оюдың
негізін «қошқармүйіз» өрнегі қалайды. «Өркеш», «түйе табан», «түйе
мойын», «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз»,
«сыңар мүйіз» т.б.
3. Аңға байланысты өрнектер:
«Бөріқұлақ», «түлкібас», «бөрікөз», «иттабан» т.б.
4. Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер:
«алақұрт», «жылан», «құмырсқа», «көьелек», «шыбынқанат», «тышқан
із».
5. Құстарға байланысты өрнектер:
«құсқанат», «қазтабан», «қазмойын», «құсмойын», «құс тұмсық»,
«қарға тұяқ» .
6. Өсімдік бейнелі өрнектер:
«арпабас», «үш, бес.алты, сегіз, он екі жапырақты гүлдер», «гүл»,
«жетігүл», «жауқазын», «жапырақ», «шытырман» т.б.
7. Қару-құралдарға байланысты өрнектер:
«балта», «ебелек», «өрім-өрмек», «өткерме», «шарбақ», «түйме»,
«безгек», «нөр», «ожау», «қармақ», «қайнар», «желі» т.б.
8. Геометриялық ою-өрнектер:
«қос тұмарша», «балдақ», «омыртқа», «ирек», «тарақ», «қаңқа», «қос
дөңгелек» және т.б.
Ұлттық киім зергерлік бұйым
Ою сөзіне топтастыру
Үй жиһаздары ши текемет алаша
1. Балалар ою-өрнек тарихымен таныстырат Жан жануарлар тектес ою -
өрнектер.
Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша,
клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде
кездеседі.
Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар
мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет,
киім-кешектердің жиегіне істетіледі.
Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп
келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те
аталады.
Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін
заттардың жиектеріне көбірек істетіледі.
Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын
өрнек.
2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.
Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін
өрнек.
Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан
гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай
дорбаға, аяққаптарға істетіледі.
3. Космогониялық ою - өрнектер.
Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын
бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.
4. Геометриялық ою - өрнектер.
Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес
өрнек.
Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған
өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.
Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың
жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі.
Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз»
оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы
адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы
дегенді білдіреді.
3.Сергіту сәті.
Мақал – мәтелдер жарысы.
Мысалы:
Еңбек түбі – береке,
Көптің ісі мереке.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
4. Сарамандық жұмыс.
Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай біз де
келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.Балалар өздерінднгі
оюлармен текемет үлгісін жасап шығады.
5.: . Мақалдың жалғасын тап.
1.Еңбек қылсаң ерінбей, тояды ...
2.Шешеннің сөзі мерген, шебердің ...
3.Ер қадірін ер білер, зер ...
4.Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ...
5.Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің ...
6.Не ексең, соны ...
7.Екпей егін бітпес, үйренбей ...
8.Ақыл көпке жеткізер, өнер ...
6.Балалар ою-өрнек туралы жаттаған өлеңдерін айтады.
7.Тест «Ою - өрнек»
Сұрақтар Жауаптар Дұрыс жауабы
1. Көне әлемге байланысты өрнектер А) Шұғыла
Б) Тышқан
С) Көбелек
А
2. Ою - өрнектің неше түрі бар? А) 300
Б) 400
С) 500
С
3.Гүл оюы нені бейнелейді? А) бейбітшілік
Б) қуаныш
С) дархан
Б
4. « . . . аузынан шөп алмайтын момын» теңеуі қай түлікке арналған
ою - өрнекте кездеседі? Көп нүктенің орны қай түлікке арналған? А)
Итқұйрық
Б) Сынық мүйіз
С) Қошқар мүйіз
С
5. Жануар тектес ою - өрнек: А) Иттіс
Б) Ботакөз
С) Құмырсқа
Б
6. Геометриялық ою - өрнек: А) Құсмұрын
Б) Сүйір
С) Жауқазын
Б
7. Кесте өнерінде көп қолданылатын ою: А) Жылан
Б) Қырық шақа
С) Алтын жіп мүйіз
С
8. Бас аяғы жоқ ою: А) Итқұйрық
Б) Сұлама
С) Тарақ
Б
Оқушы аты -жөні
Қорытындылау.
Соңы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген