Материалдар / Ашық сабақ "Ою-өрнек өрелі өнер "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ою-өрнек өрелі өнер "

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2021
698
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы: Ою- өрнек –өрелі өнер.

Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ою түрлері, зергерлік бұйымдар, «Тайқазан», «Алтын адам» суреттері және нақыл сөздер, бейнефильм.

«Өмірде екі байлық бар: білім, өнер». Өнер туралы сөз ететін болсақ, алдымен халқымыздың дәстүрлі қолөнері ойға оралады. Әрине бұл айтпаса да түсінікті. Халқымыздың қолөнері қолөнері ұлттық шығармаларымыздың ең жоғарғы формасы болып табылыды.

«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық».

Барысы.

І. Кіріспе

Құрметті ұстаздар мен қонақтар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ою- өрнек өрелі өнер».

Қазақ елі тәуелсіздігін алғалы, халқымыздың қолөнері қандай жетістіктерге жетіп отырғаны белгілі. Себебі, қазір біз ұмыт бола бастаған қолөнерді қайта жаңғырта бастадық.

Қолөнер – халқымыздың қасиеттімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы.

«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» - деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.

Өнер адамның дүнитанымына, сеніміне, адамгершілік-моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезіміне, алға қайған мақсатының айқындалуына әсер етеді.

«Жігітке жеті өнерде аз»,  «Аталық айтар ісің болсын» - деп, өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі жейтін тамығы, ішетін сусыны, рухани байлық деп бағалаған.

 

Видео: «ЭКСПО - 2017» халқамыздың ұлттық өнерін көрсететін алаң.

Би: Шаттық.

Ұрпақтан -ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнерді қадірлеу, дамыту, оны келешек ұрпаққа табыстау басты парыз.

«ОЮ-ӨРНЕК – ӨРЕЛІ ӨНЕР» БӨЛІМІ

 Оюы көптің өрнегі көп,

 Өрнегі көптің ермегі көп.  (Халық мақалы)

Ою-өрнек – тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әртүрлі тәсілді қолданылады.

Ою-өрнек үлгісінде әр халықтың ерекшеліктері, халықтық келбеті айқын танылады. Халықтың бізге жеткен ою өрнек үлгілері – бай мұра, сарқылмас қазына.

Қазақ қолөнерінде ою -өрнек өте кеңінен қолданылады.  Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарының ою өрнекпен безендірілмегені өте аз кездеседі.

Ою-өрнекті бекерден бекерге сала бермеген, әр өрнектің өзіндік мағынасы бар.

 

«Ою- өрнек түрлері» туралы қысқаша шолу.

«ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою -өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тірізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі.

«ГҮЛ» ою-өрнегін кестерлерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалайды, ол әр түрлі үйлесімде түрленіп, ою композициясының ортасына және жиегіне қолданылады.

«ҚҰСТҰМСҰҚ» бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою-өрнекті қиғанда ортасындағы сызықтың ұшының басы құстың тұмсығына ұқсас қиылады. «Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» сәлемдеме ретінде, жүзігі туыстар арасында дәнікер қызметін атқарған. Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген құстұмсық жүзік келсе, ата-анасы қуанып  көршілерін шақырған. Құс бейнесі халық түсінігінде азаттықтың белгісі. Жүзіккке қарап ата-анасы қызының ұзатылған  жерінің жақсы екендігін біледі.

«ТҰМАРША» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш-осындай тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.

ЖЫЛАН», «ЖЫЛАНБАС» ою-өрнегі балалардың тақиясына «көз тимесін» деп тағатын, жыланың бас сүйегіне ұқсас ою-өрнек. Бұл ою-өрнек жыланның бейнесін тұспалдап тұрады.

 

«Мақал құрастыру» ойыны

  • Тілі – бізі (Шешеннің тілі – шебердің бізі)

  • Қолы – сөзі (Өнершінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын)

  • Қолы – тоны (Қай біреудің қолымен тіккен тоны өнер)

 

«Ою хан мен Жою хан» ертегісі.

ІІІ. «Зергерлік өнер – зерделі өнер» бөлімі

«Шыдамы жеткен шебер болар» (Халық мақалы)

«Үй іші қарсақ, түлкі, құндыз, жанат

Зер тоқып, күміс шауып, ойған жанат» (І. Жансүгіров)

«Зергер адам – зерделі адам» дегендей бұл өнер кез-келген адамға дари бермейді. Зергерлік ерте заманнан келе жатқан өнер. Зергерлер сән-салтанат бұйымдарын, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей жасайды.

Зергерлік әшекей бұйымдар түрі.

Жүзік, сақина. Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекемелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік, құсмұрын жүзік, тасбақа жүзік т.б деп аталған.

Шолпы, шаш теңге. Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз  теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі.

Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.

Білезік – сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған, ашпалы-жаппалы, сом темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т.б деп әртүрлі атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі. Оларға неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбіне күмістен соғылады.

Сырға. Қаз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымдардың бірі – сырға. Қазақ зергелері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға деп әр өңірде алуан түрлі аталатын сырғалардың түрлері өте көп.

Қапсырма – бір-біріне топса арқылы бекітілетін екі бөліктен тұрады. Олар үш бұрыш, сүйір, доға тәріздес әр түрлі пішінде болады. Қапсырманың бетіне аң-құстың, ай мен күннің немесе өсімдік тектес өрнектер салынып, тастар қондырылып әсемделеді.

Алқа. Оны өңіржиек деп те атайды. Алқалар бір-біріне шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрышты әшекейлерден құрастырылады. Әр әшекейдің ортасына, жиектеріне асыл тастар орнатады.

Мақал-мәтелдер айту.

  • Зергерсіз болса – зер мұңлық

  • Ер қадірін ерлер біледі,

Зер қадірін зергер біледі.

  • Өнершінің қолы алтын

Өлеңшінің сөзі алтын.

  • Ана көрген тон пішнр,

Ата көрген оқ жонар.

  • Қолөнер – сырлы өнер.

ІУ. «Ағаш өңдеу» бөлімі

Шеберлінің қолында,

Кәсіп болған бұл ағаш.

(Қашаған жырау)

«Қолөнер – сырлы өнер»,  демекші ағаш өңдеу арқылы шеберлер түрлі ұлттық ғажайып дүниелер жасаған.

Қазақтың ағашты өңдеп, пайдалануы ең алдымен оның көшпенді өмір салтының қажетін өтеуге байланысты болған. Киіз үйдің сүйегі мен есігі, босағасы мен керегесін  ағаштан жасаған. Сонымен қатар үй жиһаздары, ас бұйымдарын пайдаланып өрнектеп жасаған.

Дегенмен ата-бабамыз ағашты киелі деп санап,  жөн жосықсыз құрта бермеген. Табиғатты аялап, экологиялық тепе-теңдікті сақтап отырған. Ағаштың қасиетін ашатынына жыр жолдарын келтіре кетуге болады. Бір күні Қашаған жырау Есқали деген сопының үйіне келеді. Сопы оның домбырасын көріп, «шайтанның қу таяғы бұл үйге қайдан келді», - деп жақтырмаған сыңай танытады. Сонда Күржіманұлы Қашаған домбырасын ала сала мына бір жырды төпей жөнеледі

Оқушы: «Қолымдағы бұл ағаш» өлеңі.

Мінеки, халқымыз  ағаштың әр түрлі қасиеттерін жоғары бағалап, адам тұрмыста тұтынатын әр түрлі бұйымдар жасап, «Әкеден мал қалғанша, тал қалсын», «Бабын тап та бақ өсір» деген нақыл сөздерді бекер айтпаған.

Ағаш шеберлері ағаштан ерекше, әр ағашқа тән қасиеттерін жақсы біледі. Сол ағаш туралы Қорқыт ата айтыпты дейтін жолдарды назарларыңызға ұсынамыз.

Оқушы:  «Қарағайдың түбінде» өлеңі

Қорытынды:  Олай болса, қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалтпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті. «Бүгінгі кісібің – ертеңгі нәсібің»,- деп бекер айтылмаған. Ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер шеберлерінің туындыларын, көне мұраларын тауып, оны түрлендіріп жаңғырту және ұлттық қолөнер арқылы эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құрамына айналдыру біздердің парызымыз.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!