400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ою-өрнек құрастырымыз 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ою – өрнектің түрлерімен таныстырып, оның бүктеу және қию әдістерін үйрету.Шығармашылық идеяларын түрлі тәсілдермен орындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар. Бөлімі:Салт-дәстүрлер және фольклор.

Мектеп: № 9 В.А.Савва атындағы ЖББМЛ.

Күні: 04.03.2020

Мұғалімнің есімі: Згаева А.Б.

СЫНЫП: 2 Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ою-өрнек құрастырамыз

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

2.1.3.2 Шығармашылық идеяларды дамыту үшін белгілі дерек көздерінен ақпараттар жинау

Сабақтың мақсаты:

  1. 1. Ою – өрнектің түрлерімен таныстырып, оның бүктеу және қию әдістерін үйрету;

2.Шығармашылық идеяларын түрлі тәсілдермен орындау.

Бағалау критерийі

- Дерек көздерінен ақпараттар жинап ою – өрнектің түрлерін сипаттайды, ажырата алады.

- Ою – өрнекті бүктеу және қию әдістерін үйренеді.

- Шығармашылық идеяларын түрлі тәсілдермен орындайды.

Тілдік

мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

кілемдер, сөмкелер, қалпақтар, киіздер, тоқыма бұйымдар,

өрнектер, түстер, белгілер;

ою-өрнектер: қошқар мүйіз, су, береке, сынық мүйіз, гүлдер, молшылық, өрмекші, айшық, тұмар, шаңырақ, құсқанаты.

Диалог үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Материал қалай деп аталады?

Ол қалай жасалған?

Ол қайда пайдаланылады?

Құндылықтарды дарыту

Топтарда бір-бірімен қарым-қатынас және ортақ шешім таба білу, қабілетіне қарай жұмыс істеуге дағдыларын дамыту. Сөз сөйлеу қабілетін дамытады. Эстетикалық және көркемдік талғамын, шығармашылық белсенділігін дамыту. Отанына,ұлтына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, өзара түсіністік, бір-біріне деген құрмет.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға презентация көрсету барысында АКТ-ны қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылар үйренгендерін, шығармашылық жұмыста қолданады.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих,бейнелеу.


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлемдесу Психологиялық ахуал қалыптастыру:





Оқушылар тілек тілеп 3 топқа бөлініп отырады.

Білу және түсіну





































Жаңа білім























































Сергіту сәті

- Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын видеоға назар аударайық .

- Осы таспадан көргендерың қазақтың ұлттық қол өнер бұйымдарына жатама?

- Неліктен оларды ұлттық қолөнер бұйымы деп атайды? (Себебі олар шеберлердің қолымен жасалынып,ұлттық оюлармен безендірілген)

- Ежелден кележатқан тұрмыста пайдаланатын бұйымдардың қазіргі замандағы жаңа үлгіде жасалған бұйымнан айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар? Мысал келтіреді: Ағаштан жасалған ыдыстар қазіргі пластик,шиша ,фарфор құрамында түрлі қоспалары бар,лакталган ыдыстарға қарағанда табиғи таза денсаулыққа еш зиянын келтірмейді.

Тапсырма №1. Топтық жұмыс

Қазақтың қолөнер бұйымдарын таныстыру .

Оқушыларға Ежелден кележатқан тұрмыста пайдаланатын бұйымдарды ұсынып талқылауды сұраймын:

1 топ-кесеқап

2 топ- домбыра

3топ- бас киім

Дескриптор:

  • бұйымның түрін, жасалған материалын айтады;

  • безендіру әдісін түсіндіреді ;

ІІ. Жаңа сабақ

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсаттары мен таныстыру:

Ою-өрнектың шығу тарихы туралы видео көрсету.

«Ою – өрнекті қайдан, кімнен үйрендің ?» - деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев:

« Өнерді таудың бұлағынан, Қойдың құлағынан, Апамның киізінен, Қошқардың мүйізінен үйрендім.» - деп жауап берген екен. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері алуан түрлі. Олардың әрқайсысының өз атауы бар. 200-ге жуық түрі белгілі. Кез- келген қазақ халқының заттарына қарасақ сандық, ыдыс-аяқтар, зергерлік бұйымдар, кілемдер, ұлттық киімдер, ұлттық музыкалық аспаптардың барлығыда ою- өрнектермен өрнектелген. 

- Балалар, әжелеріміз ою үлгісін жасауды, оюды өз әжелерінен, аналарынан, әпкелерінен үйренген. Осылай ұрпақтан ұрпаққа ауысып, бүгінгі күнге жеткен.

Енді балалар, бәріміз түгел тақтаға қарап ою-өрнекті қию тәсілдеріне назар аударайық. (Видео-слайд)

Ою-өрнек қию алдында, қайшымен жұмыс техникалық қауіпсіздік ережесін қайталайық.

Қауіпсіздік техникасы ережелері

1. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау қажет.

2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме

3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.

4. Қайшымен жұмыс кезінде жолдасының көңілін бөлме.

5. Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

Тапсырма №2: Жеке жұмыс.

"Микрофон" әдісі арқылы орындалады.

Бір бүктеп қию тәсілі арқылы ою – өрнек түрлерін қию.

Дескриптор:

1. Бір бүктеп қию тәсілін үйренеді .

2. Ою – өрнек түрлерін сипаттайды.

" Бас бармақ" әдісімен бағалау.

Дайын композицияға таныстырылым жасағанда өзара бағалау жүргізеді.

III. Сергіту сәті "Көңілді күн. "

IV. Практикалық жұмыс


Тапсырма №3: Топтық жұмыс.

"Менің қолымнан бәрі келеді" әдісі арқылы орындалады.

Топ басшысы келіп 1 карточка таңдайды.

1 – топ. «Жануартектес» оюларын түрлі-түсті қағаздан қиып,аппликация техникасында орындайды.

2 – топ. «Өсімдіктектес» оюларын суреттейді.

3 - топ. «Космогониялық » оюларын мүсіндейді.

Дескриптор:

1. Ою – өрнек түрлерін атайды.

2. Шығармашылық идеяларын түрлі тәсілдермен орындайды.

3.Өрнектерден әртүрлі композиция құрастырды.

" Қол шапалақ" әдісімен бағалау.

Дайын композицияға таныстырылым жасағанда өзара қол шапалақтап бағалау жүргізеді.

АКТ -видео

















Әр топ берілген бұйымды талқылайды.

















АКТ- презентация











АКТ-презентация









АКТ-дан Қағазды бір бүктеп қию әдісін көрсету







Оқушылар берілген ресурстармен жұмыс жасайды

















Сабақты бекіту



Кері байланыс

"Попкорн" әдісі бойыша қайталау жұмысын ұйымдастыру.

Сұрақ-жауап : - Ою – өрнек қандай топқа бөлінеді?

- Ою-өрнек дегеніміз не? (Әшекейлі сурет пен сызықтарды белгілі бір тәртіппен орналастыруды ою-өрнек дейміз.) - Симметрия дегенініміз не? (Симметрия дегеніміз – ою-өрнектің екі жағының тең болуы) - Ою – өрнек не үшін қолданылады? (Ою – өрнек тұрмыста, бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек)

Рефлексия "Білім ағашы " әдісі.

"Попкорн" әдісімен сабақты бекітеді.


Үйге тапсырма: Ою-өрнек туралы мақал жаттап келу.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
659
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі