Ою-өрнек
сәніміз
Мақсаты:
Ұйымдастырылған ашық оқу
іс-әрекетін қазақтың ұлттық бұйымдары, тұрмыстық қолданбалы заттар
туралы түсінік беру. Ою - өрнек туралы мағлұмат беру.
Дәстүрлі
емес әдіс - тәсілдерді қолдана
отырып, саусақпен ою - өрнекті салуды үйрету.
Баланың есте сақтау қабілетін, елесін дамыту. Балаларды
шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қолданатын әдіс -
тәсілдер:
Көрсету, түсіндіру, көркем сөз, жұмбақ шешу, ойын ойнату, қайталау,
мадақтау.
Өту
барысы
Тәрбиеші:
Сәлеметсіздерме балалар.Бүгін біз үшін маңызды
күн.Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті. Олай болса «Ою-өрнек
сәніміз» атты ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетін бастайық. Әуелі
келген қонақтармен амандасайық.
Тәрбиеленушілер:
Сәлеметсіздерме
Тәрбиеші:
Балалар,
айтыңдаршы, біз қай елде тұрамыз?
-Қазақстанда қандай ұлттар
тұрады?
-Қазақстан еліндегі ұлттар
қалай тұрады?
-Әр ұлттың өз мәдениеті мен
салт-дәстүрі бар. Бүгін біз қазақтың ұлттық ою-өрнектер түрлерімен
танысамыз. Ою-өрнектер латынның орнамент – әсемдеу, сәндеу деген
сөзінен шыққан. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да
көп, 360-қа тарта түрлері бар. Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ
халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі болып келеді. Үй ішінің
тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеу
үшін қолданған. Ою-өрнектерді – жануарлар, өсімдіктер, геометриялық
пішіндерге ұқсап келеді. Бүгін біз ою-өрнектің осындай түрлерін
өтеміз: «Қошқар мүйіз», «Сынық мүйіз», «Итқұйрық», «Ботакөз»,
«Таңдай», «Қос дөңгелек». Осы ою-өрнектермен біз бүгін жұмыс
істейміз.
Балаларды ою түрлерімен
таныстыру,кері байланыс жасау.
1 ойын: «Ою-өрнек
құрастыр»
Шарты: Балалар 4 топқа
бөлінеді.Әр топқа 4 ке бөлінге ою беріледі.Оюды құрастырып,атын
атауы керек.
Сергіту
сәті:
Бас
бармақты бассам егер,
«Ботакөз»
боп шығады.
Алақанды
ашсам егер,
«Бестаңба
боп шығады.
Егер
жұмсам алақанды,
«Тарақ»
оюы шығады.
Оюларды
білетін,
Біз ақылды
баламыз.
2 ойын:
«Кесенің оюын тап»
дидактикалық ойын.
Ойынның
шарты: Балалар берілген ою-өрнегі бар кеселерге
түріне және түсіне ұқсас ою-өрнектерді табады.
Тәрбиеші: Келесі ойынды біз
үстелдің басында ойнаймыз.
3 ойын:«Кілемшені
ою-өрнекпен безендір» дидактикалық
ойыны.
Ойынның
шарты: Балалар суретке қарап
немесе өз ойымен, кілемшені ою- өрнектермен
безендіреді.
Қорытынды:
Тәрбиеші: -Балалар, біз бүгін сендермен не туралы
өттік?
-Қандай
ою-өрнектер естеріңде бар?
-Бүгінгі
сабақта қандай ойындар ұнады?
-Балалар,
бүгін сабақта қатысқандарын үшін мен сендерге сыйлық жасап әкелдім,
бояу-кітапшалары. Бұл бояу-кітапшасында, ою-өрнектер салынған, оны
бояп, атауы жаттауға болады. Және де сандық, кілемше, киім-кешек,
ыдыс-аяқта ою-өрнегі бар суреттер де бар. Рахмет сендерге балалар.
Сау болыңдар!
Шұбарши
мектеп-бөбекжай-балабақшасы
«Ою-өрнек
сәніміз»
Ұйымдастырылған ашық оқу
іс-әрекеті
Тәрбиеші:Қазақова
Т.Ж

2025 жыл сәуір
айы