400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ою-өрнек сәніміз" балабақша орта топ"Күншуақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным».

Бөлімі: Тіл дамыту, жапсыру, құрастыру.

Тақырыбы: «Ою – өрнек сәніміз».

Білімділігі: Балаларды халық мәдениетіне үйрету. Балаларды ою – өрнек түрлерімен таныстыру. Ою - өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып балалардың шеберлігін ұштау.

Дамытушылығы: Балалардың есте сақтауын, жылдамдық, шапшаңдық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, сұлулыққа жинақылыққа назар аудара отырып, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, сызу, қию, жапсыру.

Дидактикалық материал: Интерактивті тақта, ұлттық ою - өрнектер, киіз үлгісі, ою – өрнектердің сызбасы, құмтерапиясы, желім, трафарет.

Сабақтың барысы:

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық

Қозғаушы







Ұйымдастыру, іздестіру.





































































































Қорытындылау және талдау.

Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық -2 мин
Таза ауадан дем алып
Жүрек жылуын алайық.
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға сыйлайық.


- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?

- Біз қай ұлттың баласымыз?
- Иә, біз қазақпыз, біздің өз рәміздеріміз, тіліміз, салт - дәстүріміз бар.
Бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы «Ою - өрнектер сәніміз».
- Балалар, әр халықтың өзіне тән ұлттық белгілері бар. Қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі – ұлттық ою - өрнектері. Ертеде ою - өрнек арқылы бір нәрсені біліп, үйренуге болған, ол бір мағына ұғымды берген.
Тәрбиеші: - Қане, балалар ою өрнек туралы не білесіңдер?
Елмурат айта ғой. Ою - өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, “Орнамент” (әшекей) деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан.
Тәрбиеші: Ою - өрнектің қандай түрлерін білесіңдер?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар осы ою-өрнекті ата-бабамыз өздерін қоршаған табиғаттан, жан-жануарлардан алған екен. Мына бейнетаспадан оюдың түрлерін көрейік. Мысалы: мына «қошқар мүйіз» оюын қошқардың мүйізіне қарап, «жұлдыз» оюын жұлдызға, «құс қанаты» оюын құсқа қарап, жасаған екен.

Тәрбиеші:- енді осы ою - өрнек туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

Ою ойғанның – ойы шұқыр.


Өз үйінде ою оймаған,

Кісі үйінде сызу да сыза алмас.

Ойсыздан оюшы шықпайды.

Ғажайып сәт.музыка әуенімен шет елден қонақтар кіріп келеді. Шет елден қонақ кіріп келеді. Балаларменамандасады..
- Good morning children! Здравствуйте ребята!
Балалар бізге шет елдерден қонақтар келіпті.

Сіздер қай жақтан келдіңіздер? Откуда вы приехали? Ресей мен Англиядан келдік. Біз аздап қазақша білеміз. Қазақтың салт дәстүрін білгіміз келіп Қазақстанға келдік. Балалар біз сіздермен ойын ойнағымыз келіп тұр.Сендер ағылшынша ,орысша білесіңдерме? Логикалық ойын: Мен сендерге дорбамнан суреттер алып көрсетемін. Сендер атын

ағылшынша орысша айтасыңдар. суреттер . Ең бірінші қоржынды сұрайды.Бұл не?Аты қалай аталады?

/Қоржын/Бұны маған Қазақстандағы достарым сиға берді.

«Ненің суреті жасырылған?»

Ойынның шарты: жасырылған суреттерді тауып, атын ағылшын тілінде ,орысша айтасыңдар. Қонақтар суреттер көрсету арқылы сұрайды.

Мынау не?

Түйе – Camel камэл

Құс – Bird бөд

Қошқар – Ram рәм

Қаз – Goose гус

-Балалар, біздер осы ою - өрнектерді көзімізбен көру үшін ауылға әндетіп ауылға барғыларың келеме? Әжеміз біздерді ауылға текемет тоқуға, басқұр жасауға көмектесуге шақырған. Қонақтарды ерте барайық.
- Балалар ауылға сергіту жаттығуын жасап әндетіп барады.

Сергіту сәті.
Ал балалар, тұрайық,
Ою-өрнек сызайық.
«Қой ізі» мен «қос мүйіз»,
«Қарға тұяқ», «Құс қанат»
«Бүршік» пен «Гүл» әдемі

Ою- өрнек әлемі.
Әжемізге барайық, сәнді өрнек салайық. Сәлеметсізбе әже?
Бұл кестенің сырына қанық болып.

Қошқар мүйіз, өрнегін салып беріп,

Өнерімен өзгелерді тамсандырған әже сізге Біздің балалар көмекке келді?
Әже: Амансыңдар ма балаларым. Жолдан қиналмай жеттіңдер ме?
Сендердің қадамдарың құт болды, осы ою - өрнектердің сырын білуге қонақтарымызға бар білгендеріңді бірге айтып ою- өрнек туралы түсінік берейік. Мен де бұл
Өнерді- таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Қошқардың мүйізінен үйрендім. Ал отырыңдар балалар.
Тәрбиеші; Балалар Мынау: кілем
Мынау: қоржын, текемет осының бәрін әжеміз өзі жасаған.
Балалар, қараңдаршы қандай әсем бұйымдар. Енді балалар біз қазір 3 топқа бөліну арқылы әжемізге өз білімдерімізді көрсетіп әрі әжемізге көмектесеміз.

1-топ Оюды қияды сырмақты безендіреді. 2-топ Оюды түрлі-түсті құммен безендіру.

3- топ Марьлімен жапсыру арқылы оюды бояу. Барлық топпен жұмыс: Трафаретпен қағаз бетіне құм себу арқылы оюлар жасау.

Орындау тәсілін көрсету

1-ші топқа:

Балалардың үстелдерінде қағаз бетінде оюлар бейнеленген сол оюды қиып, кілемшеге жапсырып безендіреміз.



2- ші топқа:

Дайын оюға бірінші кілей жағып, оның үстінен түрлі түсті құммен безендіреміз.



3- ші топқа:

Марьліні суға малып аламыз, содан сол марьліні оюдың бетіне жапсырып үстінен гуашпен бояймыз.

Тәрбиеші балалардың жұмыстарын мақтап әжеге айтады,көрсетіп.
Әженің алғысы .Ой балалар шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер.Сендерге біраз базарлықтарым бар соны қабыл алыңдар.Қыздарға қазақтың білезіктерін,ұлдарға асықтар силауға болады.??????
Жақсы балалар әжеге сау бол айтайық. Балалар бізде осы жерден қайтайық

Шетелдіктер ой балалар, қандай білімді едіңдер біз ою -өрнек туралы біраз нәрсе біліп алдық ,біз елімізге барып қазақ халқының ою- өрнегі туралы айтып беретін боламыз.

- Good bye children!До свидания ребята!
- Good bye!
Бүгін сабақта не жайлы өттік.Сабақ сендерге ұнадыма? Ұнаса

қолдарыңдағы сигналдарыңды көрсетіңдер.Ұнаса қызыл, ұнамаса жасыл сигналды көрсетесіңдер. Сабаққа барлығың жақсы қатыстыңдар. Сендерге

рахмет. Осымен сабағымыз аяқталды.




Балалар шаттық шеңберіне тұрып сәлемдесу рәсімін айтады.




Балалар таңдана қарайды















Балалардың жауаптары




















Балалар мақал мәтелдерді айтады.







Балалар амандасады.

























Ою - өрнектердің аттарын орысша ағылшын тілінде атайды.












Барлығы қимылмен әндетіп айтады.














































Балалар әжемен қоштасады.






Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Ұлттық ою - өрнек туралы білу.

Нені игеру керек: Берілген жұмыстарды дұрыс орындау.

Нені жасай білу керек: Ою – өрнектерді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
24 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
15704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі