Ашық сабақ. Ою-өрнектер әлемі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Ою-өрнектер әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларды ою-өрнектермен таныстыру әдістемесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰІӘ түрі: Математика,қазақ тілі, көркем әдебиет,дене шынықтыру. Тақырыбы: Ою өрнектер әлемі Мақсаты: Балаларды ою-өрнек түрлермен таныстыру. Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын,интонациясы мен мимикасын беру, қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі дербес орындау. Балалардың ой-өрісін дамыту,айтылған сан бойынша танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету.Балалардың дене сапаларын қимыл белсенділігіне қажеттілікті дамыту болып табылады.Шығармашылық қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына сіңірту. Әдіс-тәсілдер: «Кілемді әшекейлейміз» әдісі,сахналау, түсіндіру, көрсету.

Ә/к

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс әрекеті

ҰІӘ

-Қайырлы таң Бүгінгі күн қандай керемет, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй силайық. Шаттық шеңбері: Көңілді күймен тамаша Бүгінгі күнмен жараса Сазды әуенге ілесе Би билейік тамаша Музыкалық әуенмен би элементтерін қайталайды.

Жарайсыңдар балалар!


ҰІӘ негізгі кезең

Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміздің тақырыбы: Ою өрнектер әлемі.

Тәрбиеші: Рахмет балалар,ал енді әжелеріміз тігіп берген көрпешелерге жайғасайық. Ал балалар экранға назар аударайықшы. Кімнің әжем,әжең саған не үйретіп жатыр.

Қазақтың қай ұлттық бұйымы болмасын ою өрнексіз болмаған.



Зерттеу жұмысы ою-өрнектердің түрлерімен және ажырату. Слайд көрсету. Тәрбиеші: Балалар осы өнердің бәрі ұлттық құндылықтармыз екен,ал осы ұлттық құндылықтармыз туралы ертегі тыңдағыларың келе ме? Мультифильм Видео көру. Ою-өрнектер түрлері өте көп. Ертеде әжелеріміз құстың,гүлдің, жануарлардың түрін ою-өрнектермен көрсеткен. Мінекей қараңдаршы қонақтар түрлі ойындар әкепті. Құрт ойындар: Балалар ою-өрнектердің сыңарын тауып, орнына қояды. Ою-өрнектер ойындар: Ою-өрнектердегі әрбір моншақтарды ыдыстағы күріштен тауып, өрнек бетіндегі көздерге қою. Санын санап,сандардың таңбасын табу.

Асық ойындар: Қошқар мүйіздің суретін түрлі түсті асықтарды қою.

Аяла:Бұл менің әжем,әжем маған құрт жасауды үйретіп жатыр. Арай: Бұл менің әжем, әжем маған ою-өрнек оюды үйретіп жатыр. Рамазан: Бұл менің әжем, маған асық ойынын үйретіп жатыр. Мұхан: Бұл менің әжем,әжем маған домбыра тартуды үйретіп жатыр. Омар: Бұл менің әжем,әжем маған қамшы өруді көрсетіп жатыр. Айкөркем: Бұл менің әжем,әжем маған құрақ көрпе құрауды көрсетіп жатыр.

Асық: Ой, достарым тұрыңдар, бәрің ұйықтап жатырсыңдар? Құрт: Сәлем бауырлар, асық сен қайда жиналдың? Асық: Мен қайнар ауылына барамын. Құрт: Не үшін? Асық: Мен қайнар ауылының балабақшаларын аралаймын Ою-өрнек: Несі бар,өзіміздің ауылдағы балабақшаларда да керемет ойындар мен сабақтар өтіп жатыр. Балабақшаларда ұлттық тәрбие барысымен «Раушан» балабақшасында ашық сабақ өтейін деп жатыр. Асық: Бәрекелді, жақсы жаңалық бәріміз бірге барайық. Ою-өрнек: Маған бір ой келді, не дайындап апарсақ. Құрт: Бауырлар, бір ойындар дайындап апарайық.

Қортынды кезең

Сергіту сәті: «Шаңырақ» ойыны Балалар түрлі түсті тақияларды бастарына кие отырып, шеңбер бойымен жүріп отырып өлең жолдарын қайталайды. Шеңбер болып жүреміз Керегені құрамыз Уық болып иіліп Шаңырақты құрамыз Балалар жүгіре барып үш түсті шаңырақты көтереді. Осы ою-өрнектер туралы қандай тақпақтар білесіңдер.

Кері байланыс.

«Кілемді әшекейлейміз» ойыны.

Ойынның мақсаты: Оюларды алып,атап,сұрақтарға жауап бере отырып кілемшеге орыналастыра алады.

Ойынның шарты: Сұраққа жауап бере отырып қалаған оюымен кілемшені безендіреді. -Бүгін біз нелер мен таныстық?

-Қандай ою-өрнектерді білесің?

-Бүгін біз немен жұмыс жасадық? -Қандай ойын ойнадың ?

-Қандай ою-қатты ұнады?

Нені безендірдің?

-Жарайсыңдар!


Айда: Тұмарша,қошқар мүйізі, Түйетабан,қой ізі. Өрнектеп киіз,алаша, Сызайық ою тамаша. Сайда: Омыртқа,гүл,жапырақ, Толқын,қайнар,тарақ. Өрнегін салсақ киімге, Тұрады кәдеге жарап. Рахымбек: Құсқанат,қайнар,бестаңба, Ирек су,толқын тез таңда. Жіліншік,ботакөз, балта, Өрнектеп шық ал да.

Қорлан: Саусақпен сыздым ауада, Қошқарымның мүйізін. Топ-топ бастым аяқпен. Өрнектерін киіздің. Аймерей: Шебердің қолы – алтын, Шешеннің сөзі – алтын.

Кілемді әшекейлейді. Құс қанаты Қызғалдақ Қошқар мүйіз



Күтілетін нәтиже:

Білуі: ою-өрнектердің атауларын білді.

Меңгеруі: балалар нәтижеге тез қол жеткізуді меңгерді.

Жасай алуы: ұжымммен, топпен жұмыс жасай алады.



































«Раушан» бақшасы мемлекеттік

коммуналдық қазыналық кәсіпорны









Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет

Тақырыбы: Ою өрнектер әлемі



















«Балбөбек»

Мектепалды даярлықтобы

Тәрбиеші: Ф.Есмаханова









2024ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2025
200
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі