Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ою-өрнектердің жасалу жолдары 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ою – өрнектер өнерін үйрету үстінде эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта, қабілетін арттырып, көркемдікпен, әсемдікпен жасалғанына көздерін жеткізе отырып, оюдың әдіс -тәсілдерін үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Еңбекке баулу Пән мұғалімі: Абдрахманова Айгуль

Күні: Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектердің жасалу жолдары.

Мақсаты:

  1. Ою – өрнектің түрлерімен таныстырып, оның бүктеу және қию әдістерін үйрету;

  2. Оқушыларды халқымыздың салт - дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой өрісін дамыту;

  3. Оқушыларға ою – өрнектер өнерін үйрету үстінде эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта, қабілетін арттырып, көркемдікпен, әсемдікпен жасалғанына көздерін жеткізе отырып тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: жұппен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, тарих, әдебиет.

Көрнекілігі: Ләтипа Қожықованың суреті, ою-өрнектүрлерінен жасалған буклет, кітаптар, оюлардың үлгілері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша үлестірмелі парақтар арқылы жұптық жұмысын ұйымдастыру. Әр жұп берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Ою дегеніміз не? (Ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті кесу арқылы өңдеу)

  • Композиция дегеніміз не? (Композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу)

  • Ритм дегеніміз не? (Ою – өрнекте бір элемент қайталанып келсе, мұны ритм дейміз)

  • Төрт жолдық өлең шығару, поэзия минуты. Енді үйден дайындап келген өлеңдерін болса, оқиық.
    Оюларға
    сүйсініп,

Қайран қалып тұрасың

Көре білсең түсініп

Одан көп сыр ұғасың

  • Орнамент дегеніміз не? (Қазақтың ою және өрнек қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді, мағынасы - сәндеу, әсемдеу, әшекейлеу)

  • Симметрия дегеніміз не? (Симметрия дегеніміз - ою-өрнектің екі жағының тең болуы)

  • Колорит деген не? (Бұйымға салынатын ою – өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы - колорит деп аталады)

  • Төрт жолдық өлең шығару, поэзия минуты.

Оя алсаң ою әдемі,

Үйлесін оған көлемі.

Бояуымен үндескен

Ою әсем түр - түспен

ІІІ. Жаңа сабақ

Қожықова Ләтипа Мұңайтпасқызы (1892, қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы– 1960,  Алматы) – сән және қолданбалы өнер шебері, КСРО, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1957). Ауыл мектебінде оқыған. Қоңырқожа Қожықовқа тұрмысқа шыққан. Түркістан Республикасы ОАК Ташкентте ашқан Қазақ педогогикалық училещесіндегі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқан. Үйірме мүшелерінің күшімен “Шығыс кештері” ойын-сауық бағдарламасы бойынша әзірленген “Біржан – Сара” спектаклінде (реж. Д.Әділов) Сараның анасының рөлін ойнаған (1921). 1925 – 36 жылы Қазақ драма театрында, 1936 – 58 жылы Абай атындағы Опера және балет театрында қызмет етті. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысқан (1936). 1937 – 38 жылы ері Қоңырқожа, үлкен ұлы Қожахмет және жақын туыстары саяси қуғынға ұшырағанда мойымай, шығармашылық өнерін дамыта түсті. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Ф.Рузвельтке сыйға тартылған, Мемлекеттік тапсырыспен Қожықова Ләтипа Мұңайтпасқызы тіккен қазақтың ұлттық киімдері қазір АҚШ-тағы Рузвельт музейінде, сондай-ақ, ежелгі қазақ қолөнері дәстүрінде тоқылған сәндік бұйымдары мен ұлттық киім үлгілері Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі мен Қазақстан республикасының облысы музей қорларында сақтаулы.

Ләтипа Қожықова көбіне киімдерді дайындап, ою-өрнектермен безендірген.

Бүгінгі сабақта ою-өрнектің жасалу жолдарын көрсетемін.

а) - Қане, бірінші киіз үйге кіріп көрейік.

«Өнер – таусылмас азық, жоғалмас байлық»,- дейді халық даналығы. Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы - ою - өрнектер.

  • Ою - өрнек не үшін қолданылады? (Ою – өрнек тұрмыста, бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек)

  • Халқымыз оюмен нені әшекейлеп безендірген? (Ою – өрнек әр түрлі үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі мүйіз тектес болып халқымыздың жиі пайдаланатын заттарында - өру, тігу, құрау, қию арқылы үй жиһаздарына, зергерлік бұйымдарға, кілем, сырмақ, текемет, қоржын, ыдыс-аяқтарға, киім – кешектерге безендіріліп салынған)

Кезенде өнертанушы В.Чепелев «қазақтар тек ою - өрнек әлемінде өмір сүрген сияқты»,- деп атап көрсеткен.

Ежелден қолөнерді қастерлей білген халқымыздан мұра болып келе жатқан тұрмысқа оюланған қажетті бұйымдар өте көп.

Қазақ шеберлері әр нәрсені жарық, көркем, төлді етіп жасауға тырысқан.

ә) - Ал, енді білейік, қандай ою түрлері бар. Ол үшін екінші киіз үйге кіріп көрейік. (Ою-өрнек кестесі)

Ою - өрнектің атауы мен түрлері өте көп. Ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған.

«Ою - өрнекті қайдан, кімнен үйрендің ?» - деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев:

Таудың бұлағынан, ойдың құлағынан

Апамның киізінен, Ешкінің мүйізінен, - деген өлең жолдары жоғарыда айтылғандардың дәлелі.

б) Әр түрлі өрнек үлгілерін жасаушы, қазақ ою - өрнегінің шебері - оюшы. - Келесі киіз үйге кіріп көрейік. Бұл киіз үй - шеберхана. Шағын еңбегімізде - қолөнерді әрі қарай дамытып, осы шеберханада жетілдіру керекпіз. - Балалар, әжелеріміз ою үлгісін жасауды, оюды кімдерден үйренген? Оларды өз әжелерінен, аналарынан, әпкелерінен үйренген. Осылай ұрпақтан ұрпаққа ауысып, бүгінге жеткен. Бізде ою ойып көрейік.

IV. Сарамандық жұмыс

  • Балалар, мүйіз оюын қиып үйренейік. Қию алдында, қайшымен жұмыс

Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталайық.

1. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау қажет.

2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме

3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.

4. Қайшымен жұмыс кезінде жолдасының көңілін бөлме.

5. Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

- Жарайсыңдар, енді жұмысымызға кірісейік. Мына мүйіз оюын қию нұсқасына назар аударыңдар (қағазды бір бүктеу әдісін көрсету)

Жұппен жұмыс

1 . «Қошқармүйіз» оюын ою

2 . «Сынық мүйіз» оюын ою

V. Сергіту сәті

1) тапсырма: Ою, өнер туралы мақал – мәтел айтып жарысады.

2) Мақалдың жалғасын табу.

1. Ер қадірін ер білер, ....( зер қадірін зергер білер)

2. Ақыл көпке жеткізір, ...(өнер көкке жеткізер)

3. Оюды оя алмаған....(ойсыз)

4. Ойсыздан...(оюшы) шықпайды

3) Сұраққа жауап

- Қазақ оюының кең тараған түрі (мүйіз оюы)

- Қыз есімімен аталған өрнек (ботакөз)

- Гүл оюы нені бейнелейді? (қуаныш)

- Үзілмейтін бағыт, мәңгілік нышаны не? (дөңгелек оюы)

VІ. Сабақты қорытындылау.

- Ою - өрнек қанша топқа бөлінеді?

- Ою дегеніміз не?

- Симметрия дегенініміз не?

І. Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма: Бүктеу, қырқу тәсілдері бойынша ою – өрнек түрлерін дайындау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2019
1338
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12