Материалдар / Ашық сабақ Өз еліңді танып біл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Өз еліңді танып біл

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ елінің тарихы мен ұлттық болмысы туралы өткізілген ашық интеллектуалдық ойын сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2021
359
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Өз еліңді танып біл» атты кіріктірілген сайыс сабақ

Мақсаты: оқушыларға қазақ елінің мәдениеті мен әдет- ғұрпы, қоғамдық өмірі туралы түсінік беру, қазақ елінің болмысын таныту, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.


Көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері.


Қош келдіңіздер, құрметті әріптестер! Сайысымызды бастамас бұрын бізде іс-шара сайыс сабақ болғандықтан әділ-қазылар алқасы сайланады.

Әділ-қазылар алқасымен таныстыру:



Кіріспе сөз. «Өнерлі халық - өміршең халық» демекші, қазақ елінің әдет- ғұрпы, материалдық құндылықтары мен болмысын танып білуге бағытталған «Өз еліңді танып біл» атты кіріктірілген сайыс сабағымызды бастаймыз.


Сайыс сабағының бағдарламасымен таныстыру.

  1. Командалар өздерін таныстыруы

  2. Үй тапсырмасы

  3. «Кім жылдам» ойыны

  4. Танымдық ойын

  5. «Тақия тастау» ойыны

  6. Практикалық тапсырма



  1. Командалар өздерін таныстыруы. Команда басшысы шығып өздерін таныстырады (команданың атауы, эмблема, ұрандары болады).

Әділ-қазылар бағасына назар аударайық.

2.Үй тапсырмасы:Қазағымызды қазақ етіп танытатын Ұлттық құндылықтарымыз. Сол себепті кезек үй тапсырмасына беріледі. Үй тапсырмасында балаларға үйге қазақ еліміздің материалдық құндылықтарына тоқталу болатын. Енді үй тапсырмасына кезек берейік.Слайд бойынша үйге берілген үй тапсырмасын қорғайды. Үш топ өздерінің дайындаған үй тапсырмасын (слайд түрінде) қорғайды. Командадан бір адам шығып үй тапсырмасы бойынша сөйлейді.

1 –Команда: Ұлттық тағамдар (А-1-1 тобы)

2- Команда: Ұлттық киімдер (В-1-1 тобы)

3- Команда: Ұлттық аспаптар (Д-1-1 тобы)

Picture 1 Picture 3



Әділ-қазылар бағасына назар аударайық.

3. «Кім жылдам»ойыны. Бұл жерде слайд бойынша командалар сұрақтарға жауап береді. Қай топ бірінші жауап берсе сол топ өзіне ұпай жинайды. Сұрақтар осы мәдениеттану мен қоғамтану пәндеріне байланысты болады.

1. Елбасы мақаласындағы «Ұлы даланың жеті қырын» атаңыз.

2. “Аң стилін” кімдер қалыптастырды?

3. “Алтын адам” қай жылы, қай жерден табылды?

4. “Алтын адам” қай жылы, қай жерден табылды?

5. Тәуке ханның тұсындағы заң жобасы қалай аталады?

6. Қазақстанның Тәуелсіздігіне арналған ескерткіш қай қалада?

7. Қазақстанның Тәуелсіздігіне арналған ескерткіш қай қалада?

8. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы, қай күні қабылданды?

9. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін қай жылы жариялады?

10. Байғазы деген не?

11. Қазақтарда жыл мезгіліне байланысты көшіп-қонулары қалай аталады?

12. Шілдехана дегеніміз не?

13. Ерулік дегеніміз не?



Әділ-қазылар бағасына назар аударайық.

4. Танымдық ойын. (Сандарға байланысты). Қазақ халқында сандарға да байланысты түрлі ұғымдар бар. Сол себепті Бүгінгі сайысымызды қызықты өтуі үшін келесі кезекті танымдық ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез - келген бір асықты аласыздар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен.?
«3» саны
- Үш мақсатты ата (жол мақсаты - жету, дау мақсаты - біту, сауда мақсаты - ұту)
- Үш арсыз (ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)
- Үш алыс (кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын)
- Үш биді атаңыз (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
- Үш жүзді атаңдар (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
- Үш даусыз (мінез, кәрілік, ажал)
- Жігіттің үш жақын жұртын ата.(ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)
- Үш арыс (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
- Үш сауап (шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен)
Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
- Үш тәтті (жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)
«5» саны
- Бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
- Бес асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
- Бес байлық (Әуелгі байлық - денсаулық.
Екінші байлық - еркіндік.
Үшінші байлық - тіл байлық.
Төртінші байлық - қайрат - күш, ақ жаулық.
Бесінші байлық - балаңыз.)
- Бес қаруға нелер жатады?(мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)
- Бес жақын кімдер? (Тату болса - ағайын жақын,
Ақылшы болса апайың жақын.
Бауырмал болса - інің жақын,
Инабатты болса - келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың.)
«7» саны
- Жеті жұт.(құрғақшылық, мал жұтау, оба,(індет), өрт, соғыс, жер сілкіну, сел (тасқын)
- Жеті күнді атаңдар (Бүгін - дүйсенбі.
Ертең - сейсенбі.
Бүрсігүні - сәрсенбі.
Арғы күні бейсенбі
Қасиетті күн жұма
Соңғы күні - сенбі
Азына - жексенбі.)
- Жеті қазынаны атаңыз.(ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)
Жеті атаны таратыңыз?
(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.)
- Жеті жетімге нелер жатады?
(Тыңдаусыз қалған сөзжетім,
Қиюсіз қалған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу – қазсыз көл жетім.
Елінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де солжетім.)

Picture 10 Picture 11



Әділ-қазылар бағасына назар аударайық.

5. «Тақия тастау» ойыны. Қазақ халқында сондай ақ түрлі ойын түрлері бар. Мысалы айтатын болсақ, Көкпар, Тенге ілу, Қыз қуу, т.б. Ендігі кезекте біз «Тақия тастау» ойынын негізге ала отырып өткіземіз. Ойын шарты мынадай: Бір топ келесі топқа сұрақтарын қояды. Ол сұрақтар осы ойын түрінде қойылады. Бұл сұрақтар қоғамтану пәніне қатысты болады. Мысалы Д-1-1 тобы-В-1-1 тобына, А-1-1 тобы-Д-1-1 тобына, В-1-1 тобы А-1-1 тобына сұрақтарын қояды. Тақияға топ өзінің дайындаған сұрақтарын салып қарсылас топтан кез-келген бір балаға береді. Сол бала сұраққа жауап беруі тиіс. Егер жауап бере алмаса өнерін көрсетеді.

Әділ-қазылар бағасына назар аударайық.



6. Практикалық тапсырма.Бұл жерде топтар «Болашақ Қазақстан» тақырыбы бойынша постер жасап, қорғау.
Постер құрып жатқан кезде ұпайлар саны қорытылады. Сонымен қорытылады. Осымен біздің «Өз елінде танып біл» атты сайыс сабағымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!





Picture 8

Picture 6 Picture 7







Picture 9

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!