жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Өз ойыным" 4-сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» |
Мектеп: №13 орта мектеп |
|||||
Күні:11.12.2019ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова С.С. |
|||||
Сынып: 4«а»-сынып |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
||||
Сабақ тақырыбы |
||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
4.4.2.2 өз сценарийі бойынша ойын жасау |
|||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Айнымалы түрлерін ажыратып, Scratch бағдарламасында жоба құрастыра алады. Көптеген оқушылар: Scratch программалау ортасында өз сценарийі бойынша ойын жасауды үйренеді. Кейбір оқушылар: Ойын құрастыру кезең барлық тақырыптарды бекітуіне ықпал етеді. |
|||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика және терминология: Айнымалы – Переменная –Variable, Жол-Cтрока-String; Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Айнымалы ұғымы саған таныс па? Scratch –те спрайттарды қалай қозғалтады? Есіңе түсір! |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды. |
|||||
Пәнаралық байланыстар |
Ағылшын тілі, орыс тілі, сурет, математика. |
|||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
|||||
Бастапқы білім
|
Scratch бағдарламасы: оқушылар дайын сценарий бойынша ойын құрастыра алады және Scratch программалау ортасында бірнеше сахналармен, кейіпкерлермен жұмыс атқара алады. |
|||||
Сабақтың түрі |
Аралас сабақ (Жаңа білімді қолдану және бекіту) |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
2 мин.
2 мин.
5 мин.
3 мин.
7 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, психологиялық ахуал туғызу. «Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру). Мақсаты: Оқушылар гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі. І – топ – «Scratch» ІІ – топ – «Скрипт» ІII – топ - «Спрайт» IV- топ - «Мысық»
Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманы оқушылар «Көршіңді тексер» әдісі бойынша дәптерлерін ауыстырып, тақтадағы жазылған жауаптармен «+», «-» арқылы тексереді, бірін-бірі бағалайды;
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын талқылау. - Айнымалы ұғымы саған таныс па? - Суретке қарап математика пәнінде айнымалыны қолдану жайлы не айтуға болады? - Scratch –те спрайттарды қалай қозғалтады? Есіңе түсір! - Scratch бағдарламасында тілді қалай ауыстырамыз? - Scratch-те кейіпкердің дыбысын қалай шығарады? - Сахнаны қалай ауыстырады? Мақсаты: Жаңа сабаққа кіріспе жасау. Тиімділігі: Оқушы ойын еркін айтуға, сыни ойлауға дағдыланады. Бағалау: Әрбір дұрыс жaуaпқa «жұлдызшa» aлып отырaды. Саралау: Диaлог және қолдaу көрсету
(Ұ) «Түртіп алу» әдісі Оқулық және жұмыс дәптерімен жұмыс. Оқулықтан «Жаңа білім» бөлімі бойынша оқып шығып, керекті сөз тіркестерінің түсініктемесін жұмыс дәптерлеріне жазып алады. (Ұ) Сөздікпен жұмыс: Түртіп алу.
Мақсаты: Жаңа сабақта кездесетін сөздіктермен танысады. Бұл үш тілділік білім беру жүйесіне өз септігін тигізеді. Тиімділігі: Балалар үш тілділікке дағдыланады.
(Т) «Кластерлер» әдісі бойынша оқушылар постерлерге төмендегі тапсырманы топ ішінде орындап, тақтада қорғап түсіндіру қажет. Оқушылар алдымен топ ішінде тапсырманы талдап, салыстырады. Кейін топтар арасында пікірлерімен бөліседі. Тапсырма: «Жасырылған блокты тап» ойынында, берілген тапсырмадағы әрбір команданың түсіне қарай, қандай блоктардан алынғанын ажыратып тап. Мақсаты: идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау. Тиімділігі: топпен жұмыс жанданады. Оқушыларлың алған білімдерін қолдана алу дағдысы қалыптасады. Саралау: оқушылардың қажеттілігіне қарай қолдау көрсете отырып түрткі сұрақтар беремін. Материалды оңай меңгеруі үшін тапсырманы оңайдан қиынға күрделендіремін. Бұл тапсырманы түсінбей отырған оқушыларға белсенді оқушылар түсіндіреді, сондай-ақ өзім де қолдау жасап отырамын. Бағалау: оқушылар қарсы топтардың жауаптарын сәйкесінше «Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен бағалайды. |
Қағаздан жасалған ГҮЛ
Белсенді тақта
Интерактивті тақта, АКТ.
Жұлдызша
Оқулық, жұмыс дәптері
А4-қағазда берілген тапсырма
|
||||
Сабақтың ортасы
7 мин.
|
(Д) Компьютермен жұмыс. Оқушылар жұмысты жеке отырып компьютерде нұсқау бойынша орындайды. Өз ойыным (Ө, Ж) Оқушылардан алғашқы сабақтарда құрастырған өз ойындарының сценарийлерін ашуды сұраңыз. Оларға өз жобаларын құрастыруға немесе дамытуларына уақыт беріңіз. (Ұ) Оқушылармен құрастырылған жобаларды сыныптастарына ұсыну түрлерін талқылаңыз және бағалау критерийлер туралы естеріне салыңыз. Жобаларды қорғау рәсімін ұйымдастырыңыз. Бір-бірін алдын ала талданған критерийлер бойынша бағалауларын сұраңыз.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
||||
Сергіту: Мақалдың сыңарын тап. |
|
Оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды. |
||||
Сабақтың соңы |
Үй тапсырмасы: Бүнінгі таңда балалар арасында ең танымал болған 3 ойынды анықта. Ойынның танымалды болуына әсер еткен қандай негігі себептер болуы мүмкін. Өз болжамыңды жаз Өз жобаларын құрастыру. «Бас бармақ» кері байланыс.
|
Түрлі түсті суреттері бар журналдар, флипчарт, желім
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмала ры арқылы білдіре алады. |
||||
Қосымша ақпарат |
||||||
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. |
|||||
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау парақтары |
|||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
|||||
Қорытынды бағалау |
||||||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2. |
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген