400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Өзен аңғарының құрылысы" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Өзен аңғарының құрылысы" 8 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 20.11

Пәні: География

Сыныбы: 8


Сабақтың тақырыбы:

Өзен аңғарының құрылысы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.3.3.3 өзен аңғарының құрылысын түсіндіреді

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

өзен жүйесі, өзен бөліктері мен өзеннің қоректену типтері, өзеннің маңызын жергілікті жермен байланыстыра отырып,түсінік беру.

Оқушылардың көпшілігі

Өзендерге,оның келіп шығуы, құрылымына сипаттама бере отырып, оның бүкіл табиғи орталықтағы және адамзат өміріндегі жалпы тіршілік үшін маңызын түсіндіру.

Оқушылардың кейбірі

өзен туралы тірек білімдерін еске түсіре отырып, өзен тақырыбын оқып үйрету.

Бағалау критерийі

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Өзен және оның негізгі элементері,шоңғалдар мен сарқырамалар жайлы  ұғым қалыптастыру, жер бедері, тау жыныстары мен өзен ағысы сипатының   байланысын түсіндіру, өзендердің суға молығуы және өзенге сипаттама беру тәсілін меңгеру.


Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, әдебиет, дүниетану, тарих.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Шартты рай формасының қолданылу ережесін дағдыға айналдырады.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Мәселенің бір (екінші) жағын қарастыратын болсақ; Жоғарыда айтылған ойымызды қорытындылайтын болсақ; Менің пікірімше.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 мин


Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Жұптар сұрақтарға жауап береді:

1. Ертіс өзенінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы?
2. Қазақстан аумағында неше өзен бар?
3. Жазықтарда өзен торлары оңтүстіктен солтүстікке қарай арта ма, кеми ме?
4. Қазақстанның ең ірі өзені?
5. Қар – мұздық типімен қандай аймақтың өзендері қоректенеді?
6. Өзеннің су қимасымен бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшерін не дейміз?
7. Ертіс – Қарағанды каналын не мақсатта салды?
8. Қазақстандағы ең лайлы өзен?
9. Қазақстанның су энергетикалық ресурстарға бай өзені?
10. Қарағанды облысы өзендерін ата?

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады.

Презентация





Сабақ ортасы

30 мин



5 мин


Өзен бөліктері.
Бастауы- өзен ағып шығатын жер.
Сағасы- оның құяр жері.
Атырау- өзен сағасына жинақталып, тармаққа бөлінуі.
Аңғар- өзен бастауынан сағасына дейінгі әрі кең әрі ұзынша ойыс алқап.
Жайылма – аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі.
Өзен ағысы: жоғары- бастауына жақын, орта- екеуінің аралығы, аяғы- саға жағы.
Өзен жағасы: оң, сол.
Жүйесі- өзеннің барлық салаларымен бірігіп қосылуы.
Өзен алабы- өзен және оның салалары су жинайтын жер.
Өзендер: - таулы жер өзендері;
-жазық жер өзендері.
Өзен барлық салаларымен бірігіп өзен жүйесін
 құрайды.

Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі өзен алабына жатады.

Өзен алқаптарын бір-бірінен бөліп жататын қыраттарды суайрықтар деп атайды.

Өзен арнасындағы қатты жыныстарды шоңғалдар деп атайды.

Жартас өзен арнасын кесе көлденең алып жатса,су одан төмен қарай құлай ағып сарқырама жасайды.Мысалы.Анхел  — 1054 м,Ниагара,Виктория,т.б.

Өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгеруі ерекшелігін өзеннің режимі дейді.


2)Өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы сол өзен ағып өтетін жер бедеріне байланысты.Мысалы ,Жоңғар алатауынан басталатын Қаратал өзені бас жағында тар шатқалды бойлап ағады.Таудан шыққан соң,өзен құмды жазықты басып ағады.Көлге жақындаған сайын өзеннің аңғары кеңейіп,ағысы баяулайды.Содан соң жайылып бірнеше тармақтарға бөлініп барып,Балқаш көліне құяды.

Тау өзендері беткейлері тік,жартасты тар аңғармен ағады.Мұндай тар аңғарды шатқал деп атайды.

Жазық жерлермен ағатын өзендер ағысы баяу келеді.Ондай өзендерге – Іле,Сырдария,Жайық,Есіл,Нұра жатады.


3)Өзен аңғарының кей жерлерде қопсыған ,жұмсақ құм,саз жыныстарынан тұрады.Ондай жұмсақ тау жыныстарынан тұратын жерді өзендер біркелкі шайып отырады.Ал кей жерлерде қатты кристалдық тау жыныстары кездеседі.Олар кейде судың бетіне шығып жатады,Осындай өзеннің арнасындағы қатты жыныстарды шоңғалдар деп атайды.

Су шоңғалдардың үстінде ақ көбік шашып, сарқырай ағады.Өзен су тек шоңғалдардан өткеннен кейін ғана баяулап ,қайтадан бір қалыпты аға бастайды.Егер жартас өзен арнасын кесе –колденең алып жатса,су одан төмен қарай құлай ағып  Сарқырама  жасайды.

Жер шарындағы ең биік сарқырама- Анхель, ол Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінде.Оның биіктігі 1054 м. Екінші биік сарқырама – Африкадағы Замбези өзеніндегі Виктория, онда су 120 м биіктіктен құлап ағады.

Ал дүние жүзіндегі ең ірі сарқырамалар жүйесі Игуасу  каскадтары  болып табылады.Оның ені 2700 м,биіктігі 72 м. Онда 275 бөлек сарқырама бар. Ол Оңтүстік Америкадағы  Бразилия мен Аргентина шекарасында орналасқан.


4)Өзендерге жер асты сулары,мұздықтар, жаңбыр,еріген қар суы қосылады.Бұл су көздерінің әрқайсысының үлесі өзенге су жиналатын алаптың климат ерекшеліктеріне тікелей байланысты.

Экватор маңынағы өзендердің молғуында жаңбыр суы басты орын алады. Оларға суы аса мол Амозонка мен Конго өзендері жатады (аталған өзендерді картадан табыңдар).Алабына жаңбыр барлық  маусымда бір қалыпты жауатындықтан, бұл өзендердің деңгейі жыл бойы өзгермейді.

Қыста қар тұрақты жататын аймақтардағы өзендердің  негізінен қар суы мен  молығады.Биік тау басындағы мәңгі қар мен мұздықтардың етегінен басталатын өзендер сол еріген қар мен мұздың суымен молығады.

Өзендегі судың мөлшері жыл ішінде өзгеріп отырады.Ол өзеннің молығу сипатымен тікелей байланысты.Мәселен,қыстай жиналған  қардың еріген суымен молығатын жазық жердің өзендері –көктемде, ал басын тау басындағы қар мен мұздың еріген суынан алатын өзендер жазда тасиды. Судың тасуынан тасқынды айыра білу керек.

       Су тасуы —  деп жыл сайын белгілі бір маусымында қайталанып отыратын өзендегі су мөлшерінің едәуір көбейуін айтады.  Бұл кезде өзен арнасынан ұзақ уақытқа шығып жайылады.

Ал өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуін —тасқын дейді.Тасқын нөсер жаңбырдан немесе таудағы қар мен мұздың күрт  еруінен пайда болады.

Жазғы қуаң кезде өзен едәуір тайыздайды.Өзендегі судың ең төменгі күйін өзеннің сабасына түсуі деп атайды.Өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгері ерекшелігін  өзеннің режимі дейді.

. Тапсырма №1.Мұнда әрбір топқа төмендегі термин сөздерге анықтама беру тапсырылады.\Бұл тапсырманы орындауға 7 минут уақыт беріледі.\ 

жазық өзені тау өзені 
Ө з е н 

бастауы саласы сағасы 
Тапсырма №2 Төмендегі термин сөздерге анықтама беру. 

Ө з е н

Атырау  аңғар арна жайылма


Тапсырма №3 Төмендегі термин сөздерге анықтама беру. 

Ө з е н

жоғарғы ағыс орта ағыс төменгі ағыс



Тапсырма №4 Төмендегі термин сөздерге анықтама беру. 
Ө з е н

өзен жүйесі суайрықтар

өзен алабы өзен режимі


Топпен жұмыс

І-топ «Ертіс»

ІІ-топ «Миссисипи»

ІІІ- топ «Конго»


Cабақты бекіту кезеңі

Оқушыларға өзендер тақырыбында электронды түрде сұрақтар беріледі:\Әр бір топқа 5 сұрақтан\ 
1. Өзендер нешеге бөлінеді?\2-ге.таулықжәне жазықтық\ 
2. Өзеннің жылғалары қосылып басталар жері?\Бастауы\ 
3. Өзенге қосылатын тармақтар?\Салалары\ 
4. Өзеннің құяр жері?\Сағасы\

5.Өзен ағысы бойлап нешеге бөлікке бөлінеді?\3-ке.Жоғарғы,орта,төменгі ағыстар\

6.Өзен алабы деген не?Барлық сулары ағып келетін жері\

7.Өзен алаптарын не бөліп тұрады?\Суайрықтар,таулар,жоталар\

8.Өзендер қандай сулармен қоректенеді?\Жауын,қар,жер асты суларымен\

9.Еліміздегі қандай ірі өзендерді білесіңдер?\Ертіс,Есіл,Тобыл,Жайық,Сырдрья,Шу,Іле\


Презентация



Сабақ соңы

5 мин


Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?

Презентация


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға сөздік пайдалану арқылы қолдау көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.


Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды.

Ойлану


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?


Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?


Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
4638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі