400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Өзгелермен үндесу 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Қазақ-мектеп гимназиясы  

Мұғалiм: Ескенова А. Т.

Сабақ: №9

Тақырып: Өзгелермен үндесу

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық.

Сынып

Оқушылар саны

Қатысқан оқушылар саны

Мерзімі

күні

айы

жылы

6«а»






6«ә»






6«б»






6«в»







Сабақ мақсаты: Оқушыларды айналасындағы адамдармен жылы қарым – қатынас жасаудың маңызын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:

- Оқушыларды адамдарға риясыз қызмет жасауға баулу үйрету.

- Оқушылардағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

- Оқушыларды шынайы болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (оқулық, дәптер, маркерлер, ақ қағаз)

Сабақ барысы. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру.

Тәртіп

Талап

Тазалық

Тыныштық

Татулық


  1. Жағымды көңіл-күйге келу.

«Орманға саяхат»

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, 304 аудиториядан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, институтқа қарай аяңдаймыз. 306 аудиторияға келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

- Оқушылар тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөліседі.


2. Үй тапсырмасын тексеру


Ескерту

3.     Дәйексөз.


Досы көппен сыйлас

Досы азбен сырлас

Мақал

3.1 Дәйексөзді оқу. /қыздар, ұлдар, бәрі бірге/

3.2 Дәйексөзді жазу.

3.3 Дәйексөзді қалай түсінесің?/мағынасын ашу


4.    Әңгiмелеу. «Бес тиын» 41-43бет Авторы: Өтебай Тұрманжанов


   5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

1 тапсырма, 43 бет.

Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіріңдер.


2 тапсырма, 43 бет.

«Өзіңді жұрт сыйласын десең, алдымен өз-өзіңді сыйла» деген қанатты сөзді «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдісімен талқылап, мәнін түсіндіріңдер.


3 тапсырма 43-44 бет

Берілген жағдаяттарды мұқият оқып, шешімін табыңдар.



    6. Топпен ән айту.

Достарым 49бет

Сөзін жазған: Хасен Закариянов

Әнін жазған: Оралхан Көшеров



7.Үй тапсырмасы.

44-46 бет оқу. Тынышбек қалай түзелді? Авторы: Анна Қаржаубай Омарұлы


8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

- Балалар енді бүгінгі  сабақта өткен  кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді  осы барлық жағымды  әрекеттерімізді жүрегімізде  сақтайық.

Сіздерге көп рахмет!


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
2025
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі