жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ .Өзін- өзі тану 4 сынып Қуаныш- жан шуағы
Өзін-өзі тану сабақ жоспры
Мектеп: Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі «Жалтыр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мерзімі:
Тақырып: Қуаныш - жан шуағы
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: Мейірімділік шынайылық, адалдық, қамқорлық, достық,
кешірімділік
Мұғалім: Семья М.
Сынып: 4 «А»
Оқушылар саны:10
Мақсаты: Оқушыларға риясыз сүйіспеншілікпен «бақыт», «қуаныш» «сыйластық», мейірімділік» туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері:
- оқушыларға қуаныш сезімінің адам
өміріндегі мәнін түсіндіру; Білімділік: оқушыларға қуаныш сезімнің адам өміріндегі мәін түсіндіру; Дамытушылық: өзара жағымды қарым- қатынас жасау іскерліктерін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,сыйлстыққа, мейірімділікке тәрбиелеу |
Ресурстар:
|
Сабақ барысы:
5Т ережесімен таныстыру Тыныштық сәті. (2 мин) «Орманға саяхат» (баяу музыка) Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз. Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз. Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды. Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз. Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз. Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын. Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. сыныпқа келіп өз орнымызға отырайық. Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз. - Тыныштық сәтінен алған әсерлеріңіз қандай?
Балалар сендер үйде В. А. Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» атты әңгімесін оқып келдіңдер. Талқыланатын сұрақтар:
|
АКТ, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,оқулық, дәптер,ватман,маркер, сөздер жазылған қима қағаздар,суреттер,желім, қайшы) үнтаспа |
Дәйексөз. (5 мин) «Қуаныш - өмір шаттығы» Халық даналығы Балалар дәйексөзді ұлдар боп 1 рет,қыздар боп 1 рет , хормен қайталау.
Балалар
дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Осы дәйексөзді дәптерге
жазып алыңдар.
«Қуаныш
- өмір шаттығы» балалардан сұралады,
жауап алынады. |
Кітап,дәптер |
«Ақылды ит» (қосымша) Бейнеролик бойынша сұрақтар: Әңгiмелеу: Алма толы шелек. Адам өзіне жеміс ағаштары бар зәулім үй сатып алады. Уйдің жанында ескі үйде көршісі туратын еді. Ол әр қашар ренжулі жүреді. Ол үнемі жаңа көршісінің ауласына қоқыс төгіп, ренжітуге тырысыпты.Бір күні адам көтеріңкі көңіл күймен сыртқа шықса, лас су толы шелек алдында тұр еді. Ол шелекті алды да лас суды төгіп, шелектің ішін жарқыратыып тазалап, ішін ең ірі, тәтті алмаға толтырып, көршісінің есігін қақты.Есік қағылғанын естіген көршісі «Қолыма түстіңбе,бәлем !»деп жанжалдасуға дайындалған нашар оймен есікті ашқанда, адам қолындағы шелек толы алманы ұсынып:-әркім өз байлығымен бөліседі, тату тәтті өмір сүреді. 1.Көршілер арасындағы келіспеушілік неден туындады? 2.Көңіл күйлерін басқара алды ма? 3. Көршісінің әрекетінен ойы қалай өзгерді? |
Интарактивті тақта |
(15 мин) Балалар үш топқа бөлінеді. 1
топ:
«Жақсылық-куаныш
белгісі»
тақырыбында ой толғау жаздыру
2
топ:
«Қуаныш»
сөзіне
бес жолды ¬өлең құрастыру
тапсырылады. 2.
шаттық, думан 5. Бақыт) 3 топ: «Қуанышқа бөленген бақытты отбасы үйі» тақырыбына сурет салады. Оқушылар қағазға өз ойларын жазады. Әр топ оқушылары жауаптарын плакатқа жазып, тақтаға шығып қорғайды. Басқа топтар өз пікірлерімен толықтырады. Бұл отбасының негізін не құрайды? (Сүйіспеншілік)
Күлімдеу,
адамдарға қуаныш сыйлай білу - өзіңнің
де өзгенің де, олардың да өмір жасын
ұзартып, денсаулықты жақсартады.
Барлық адамдармен күліп амандасу,
үнемі ақжарқын жүру, айналаңа қуаныш
сыйлау - асыл қасиет. Бізде көңілді,
қуанышты, үнемі күлімдеп жүру үшін
өзгелерге, айналамызға риясыз
сүйіспеншілікпен қуаныш сыйлай білуге
тиіспіз. Ойын-жаттығу:
«Көршіңе қуаныш сыйла» |
Қалам,дәптер,ватман,маркер |
Үй тапсырмсы. (1 мин) Оқулықтан - 95 беттегі «Мұны қалай түсінеміз?» әңгімсін оқып келу және Бауыржан М. Ар туралы пікірін оқып,кластер жасау арқылы өз ойыңды білдіресің |
|
Теріп едік жемісін сезім бақтың, Сыйластықтың алауын өзің жақтың. Сенің думан тойыңның әнін естіп, Есігіңді шыдамай өзім қақтым. Қ-сы: Бүгін қандай тамаша Көңілді күн 3-рет Сені қуанышыңмен құттықтаймын Бақытты бол, жан досым! 2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп, Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп. Есігіңнен мен кіріп келгенімде Қуандың ау балаша мені көріп. Қ-сы: Бүгін қандай тамаша Көңілді күн 3-рет Сені қуанышыңмен құттықтаймын Бақытты бол, жан досым!
|
үнтаспа |
Баяу әуен қосылады. Көзімізді жұмып,еркін отырайық. Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік,өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығынжүрегімізге салып,көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көзіміздіашайық. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген