400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Өзін-өзі тану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қосымша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Краснознаменное орта мектебі

Мерзімі: 25.11.2019 жыл

Тәрбиеші: Калыбекова. А .С.

Сыныбы: 0 «А» тобы Оқушы саны:6

Тақырыбы: «Отбасындағы сүйіспеншілік»

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер:отбасы, қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншілік.


Ресурстар

Мақсаты: «Сүйіспеншілік» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;

-Сыйластық, сүйіспеншілік туралы сезімдерін дамыту;

-Сыйластыққа , сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)


Оқулық ,дәптер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті:

Тыныс алу.

Тәрбиеші: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...


Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)


немесе


1..................2


Дәйексөз

Өзіңді танығың келсе өз-өзіңе сүйіспеншілікпен қара.Отбасы-ол үлкен ұуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы.Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген сөз бар.

Тәрбиешінің сыйы.

Әңгімелеу

Таным тағылымы (аңыз әңгіме)

Енді балалар мен сендерге Бір ананың жеті қызы деген әңгімесін оқып берейін.
Бір ананың жеті қызы болыпты. Бірде олар алыста тұратын ұлына кетеді. Үйге бір аптадан кейін оралады. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғанғандарын айта бастады.
- Мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым,- деді біріншісі.
- Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөлдей күттім,- деді екіншісі.
- Мен мамасын сағынып жылаған кішкентай балапандай болып жыладым,- деді үшіншісі.
- Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын,- деді төртіншісі.
- Сен менің түсіме раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің,- деді бесіншісі.
- Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым,- деді алтыншысы.
Жетінші қызы үндеген жоқ.Ол шешесінің аяқкиімін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді.
• Қыздар анасына өз сүйіспеншіліктеріңізді қалай білдіреді?
• Сендер аналарыңа сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?


1.Данышпандардың өмірлік қағидалары қандай?

2.Қай таным жандарыңа жақын?

3.Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер?

1.Есті болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?

2.Жан дүниемізде ішкі тыныштық қай кезде орнайды?

3.Өздеріңді өздерің қалай тәрбиелеп жүрсіңдер?


Шығармашылық жұмыс.

«Отбасы туралы сурет салу»


Топпен ән айту:

«Мен әдепті баламын» әні

С:А.Асылбеков Ә:И.Нүсіпбаев

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

Қ-сы: Айтқан тілді аламын,Айтқан жерге барамын,

Мен әдепті,мен әдепті баламын.

Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,

Қашанда мен үлкендерге жол берем.

Абайсызда қалса біреу сүрініп.

Мен сүйеніш боп әрқашан қол берем.

қорытынды

Балалар бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.Сау болыңыздар.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
599
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі