400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Өзін-өзі тану" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәнінен 2-сыныпқа арналған ашық сабақ үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты

Мерзiмі: 20.12.2017 Мұғалiм: Нагуманова С.К.

Сынып: 2 Оқушылар саны: 12

Тақырып: Күш бірлікте Сабақ № 15

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, татулық

Мақсаты:

Отбасындағы ізгі қарым-қатынас жасау туралы түсініктерін кеңейте отыра, үлкенді үлгі тұтып, кішіге қамқор болу арқылы татулық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Отбасы татулығы туралы түсініктерін тереңдете келе, үлкенді сыйлау қасиеттерінің маңызын ашу;

2.Оқушының бойында отбасындағы үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттерін дамыту;

3.Отбасында өзара үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға, татулыққа тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Өзін-өзі тану пәнінің бағдарламасы, Алматы 2010

Өзін-өзі тану оқулығы 2-сынып, 2010

(АКТ мүмкіндігі)

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi

«Орманға саяхат»

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, 308 аудиториядан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, институтқа қарай аяңдаймыз. 306 аудиторияға келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

-Орманға саяхат мәтінен қандай әсер алдыңыздар?


Үй тапсырмасын тексеру (14-сабақты сұрау)

53-беттегі «Піл мен маймыл» ертегісін сахыналау.


Ескерту

Дәйексөз.

Татулық – табылмас бақыт.

Халық мақалы

  1. Дәйексөзді оқыту/жеке,жұппен, ұл, қыз

  2. Дәйексөзді жазғызу

  3. Дәйексөздің мәнін ашу

-Мақалдан не түсіндіңдер?


Әңгімелеу. Ырыс алды – ынтымақ. Аңыз әңгіме.

Баяғыда бәр ақылды қария болыпты оның тоғыз ұлы болыпты.Бірақ балалар әкесін тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп-тұрады. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкені кішісін аямайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Бірлігі жоқ тоғыз баланы әркімдер –ақ ұрып кете береді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомылады. Айласы таусылған шал таудан бірқұшақ тобылғы әкеліп, балаларын түгел шақырып алады.

Содан соң:

-Қане, балалрым , күштеріңді сынып көрейін, мына тобылғыны тобымен сындырыңдар, - дейді.

Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды.

Қария тобылғының бауын шешіп:

-Енді бір-бірден сындырып көріңдер, - дейді.

Балалар тобылғыны сол заматта- ақ шарт-шарт бөлі:

-«Міне, сындырдық», - деп мақтанысады. Шал балалрын отырғызып қойып, нұсқалы сөзін бастайды.

-Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп, ынтымағың жоқ болса, дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бытыр-бытыр сындырады. Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендерді ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Менің айтарым сол, - дейді.

Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем-кетікке көмектесіп, ынтымақта өмір сүреді. «Ырыс алды - ынтымақ» деген сөз содан қалған екен.

Сұрақтар:

1. Қария балаларына бірліктің мәнін қалай түсіндірді?

3. «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

2.Балалары қарияның өсиетін түсінгені мәтіннің қай жерінде айтылған?

4.Он жыл өткеннен соң осы отбасының балаларын қалай елестетесіңдер?


Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

1. Сынып оқушыларын топқа бөлу/ пазыл арқылы

1-топ (Құмысқалар) 2-топ (Қарлығаштар) 3-топ (Аралар)

irc_mi irc_mi

2. Тапсырмалар

1-топ. 61-бет. Мақал-мәтелдерді аяқтау. Достық/татулық туралы бір мақал табу, мағынансын түсіндіру.

2-топ. 61-бет. «Өмірлік сый» мәтінді оқу, сахналық қойылым дайындау.

3-топ. «Үлгілі отбасы болу үшін не керек?» тақырыбына кластер құру

3. Тапсырмаларды орындау

4. Тапсырмаларды талқылау

5. Қорытындылау


Топпен ән айту.

"Достар" әні
Әнін жазған: Айжігіт Асанов
Сөзін жазған: Фариза Оңғарсынова

Ақ, қарамыз, сарымыз.

Тату доспыз бәріміз.

Достық жайлы ән салып,

Шырқатайық, кәне, біз.

Қайырмасы: Жүзімізге қараңыз,

Бал-бұл жанған баламыз.

Бізге қымбат күг шуақ,

Бізге қымбат Анамыз.

Күннің нұрын сүйеміз,

Қырдың гүлін сүйеміз.

Бізді ойнатып тәтелер.

Күлдіргенін сүйеміз.

Қайырмасы: Балдырғанбыз арай жүз,

Бал-бұл жанып қараймыз.

Ойыншықтар біздерде,

Көп болғанын қалаймыз.

Таласпаймыз біз бірақ,

Отырмаймыз тұнжырап.

Қуысамыз көгалда,

Жүгіреміз құлдырап.

Қайырмасы:Ән саламыз күнде біз,

Шаттық толы іргеміз.

Біз мәңгіге достармыз,

Біз мәңгіге біргеміз.


Үй тапсырмасы.

№15-сабақ. «Менің отбасым» тақырыбына сурет салу

№16 –сабақ. 63-64-бет. Жағдайаттарды оқып, оз ойыңды топшылып кел.


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка әуені

Оқушылар, бүгінгі сабақта көптеген ойлар айтылды, сол ойларды әркез жадымызда ұстайық. «Ырыс алды - ынтымақ» – достығымыз жарасса, алымбайтын қамал жоқ екені назардан тыс қалмасын.

Сабақ аяқталды. Рахмет




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
640
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі