жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Өзін-өзі тану 2 сынып Дос болуды үйренеміз
Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
Абай (Ж) атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Ашық
сабақ
Тақырыбы: Дос болуды үйренеміз
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Қирабаева Жібек
2019 жыл
|
Күні:08.02.2019 ж Сынып: 2 «а» |
Мектеп: Абай атындағы жом Мұғалім: Қирабаева Ж. |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Дос болуды үйренеміз |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Досқа адалдық сүйіспеншілік құндылығының негізі екендігін түсіндіру . |
||
|
Сабақтың мақсаттары |
айналадағының бәрін жақсы көру достық сезімді нығайтатындығын үйрету; - жан-жануарларды жақсы көруге, олармен достық қарым-қатынас жасай білуге баулу; - бауырмалдыққа, достыққа, татулыққа тәрбиелеу. |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Сүйіспеншілік |
||
|
Пәнаралық байланыс |
ана тілі, музыка |
||
|
Ресурстар |
оқулық, дәптер, түрлі-түсті қалам. |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы
5 минут
10 минут |
Шаттық шеңбер Шеңберде тұрған оқушылар бір – біріне гүл беру арқылы тілектерін жолдайды. Түрлі-түсті кеспе қағаздар арқылы топқа бөлінеді. (5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты, Талап. Жағымды көңіл-күйге ену «Су астына саяхат»
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Менің досым» тақырыбына жазып келген әңгімесін оқиды. Дос дегеніміз кім?
Өз ойларын ортаға салады.
|
Шаттық шебері
Сазды әуен Хрусталь-ый грусть
|
|
|
Сабақтың ортасы 5 минут
10 минут
3 минут
5 минут
|
Жаңа сабақты түсіндіру Дос болуды үйренеміз Дәйексөз. «Достықты достық шақырады» А.Құнанбаев
Шын дос қандай болады? Әңгімелесу. «Жаман жолдас» Ы.Алтынсарин - Аю неліктен әлсіз ауру адамға тимеді? - Шындығында аю оған сондай ақыл айтты ма? - Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр? - Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет етер едіңдер? СЕРГІТУ СӘТІ. Топпен өлең айту. Жан досым (Т.Молдағалиев)
Iздегенде
табылатын қасыңнан,
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Шығармашылық жұмыс 1-топ: «Адал дос» болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төмендегі сөз және сөз тіркестерін ең маңыздыларынан бастап орналастырып, таңдауларыңды түсіндіріңдер.
2-топ: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқу: Адам – адамға ..., жолдас, ... . Досы жақсының, ... де жақсы. Көп ақшаң болғанша, көп ... болсын. Дос – досқа ... . Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың. 3 топ: Дос туралы 4 шумақ өлең құрастыру.
|
Сұрақ парақшалары.
Оқулық, дәптерлер.
Сергіту сәті
Сызба парақшалары.
|
|
Сабақтың соңы Рефлексия 2 минут
|
Үйге тапсырма. Келесі сабақ: «Достық ережесі» толықтырып жазып келу.
Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады. Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Сау болыңыздар!!!
|
стикерлер
Смайликтер |
||
Шаттық шеңбері
Тыныштық сәті
Шығармашылық жүмыс

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген