ашық сабақ, өзін-өзі тану 8 кл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ, өзін-өзі тану 8 кл

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ , Таным қуанышы Мұғалім «Қайтқанда» Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні айтып береді. Сұрақтар арқылы әр адамның шынайылық, мейірімділік қасиеттері арқылы Сүйіспеншілік құндылығын ашады. Сонымен қатар, қоғамға қызмет ететін адамдардың ең маңызды сапасы шынайылық екенін баса айтады. «Қайтқанда» Мұхтар Әуезовтің әңгімесі. («Абай жолы» романынан үзінді Сұрақтар: - Аналары Абайды қалай қарсы алды? • Абай өзінің наным-сенімдерге көзқарасын қалай байқатты? Неліктен? • Абайдың аналарымен қарым-қатынасынан жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қалай түсінуге болады? • Абайдың бойынан қай қасиеттерді байқадыңдар? • Сізде, өз анаңмен қандай жағымды оқиғалар өтті?
Материалдың қысқаша нұсқасы

.

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

8-сынып сабақ жоспары


Бөлім:1

Таным қуанышы

Мұғалімнің Аты-жөні, тегі

Танашбаева Әсемгүл Айсұлтанқызы

Мерізімі:

05.09.2021

Класс: 8

Оқушылар саны: 25

Қатыспаған оқушылар: 0

Сабақтың тақырыбы №1

1. «Бұл әлемге келген соң...»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Өмір мектебі арқылы адамгершіліктің шыңына шығу. Өмір мәңгілік жасампаздық ретінде. Адам және оның болашағы .


Құндылық


Сүйіспеншілік

Қасиеттер

мейірімділік, ізеттілік, еңбексүйгіштік

Сабақтың мақсаты

оқушыларға «әлем», «өмір», «адам» ұғымдарын түсіндіру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.


Сабақтың міндеттері


-оқушыларға адамның рухани әлемі туралы түсінік беру;

-терең толғануға, өздігінен ізденуге, адам игілігі үшін риясыз қызмет етуге баулу;

-мәңгілікті уақытшадан, шындықты жалғаннан ажырата білуге тәрбиелеу.



Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)


1. Жағымды көңіл күй (1-3 мин)


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

Мұғалім «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін өткізеді.

Оқушылар сабаққа дайындығын бақылау.

Оқушылар нұрға бөленіп, жағымды күйге келіп, терең ойлауға икемделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,

https://www.youtube.com/watch?v=JZZ3y30leU

2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)


Жазғы демалысты отбасымен қалай өткізгені туралы мәліметтер сұрап білу. Сонымен қатар оқулықтағы жоба бойынша қоғамға қызмет етуді қалай түсінетіні туралы түсініктерін білу. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте айналасындағы қарым –қатынасы туралы сұрап білу.

Оқушылар мұғалім сұрағын тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, мейірімділік пен еңбексүйгіштікке байланысты адам өмірінің шынайы тағдыры туралы терең ойланады.


3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...»

Абай

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Мұғалім дәйексөзді дәптерге жазуды ұсынады.

Оқушылар Абайдың қанатты сөзінің мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады.

Презентация,

3 слайд.

Жұмыс дәптерлері.

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

(4-8 мин)


Мұғалім «Қайтқанда» Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні айтып береді.

Сұрақтар арқылы әр адамның шынайылық, мейірімділік қасиеттері арқылы Сүйіспеншілік құндылығын ашады. Сонымен қатар, қоғамға қызмет ететін адамдардың ең маңызды сапасы шынайылық екенін баса айтады.

«Қайтқанда» Мұхтар Әуезовтің әңгімесі. («Абай жолы» романынан үзінді

Сұрақтар:

- Аналары Абайды қалай қарсы алды?

Абай өзінің наным-сенімдерге көзқарасын қалай байқатты? Неліктен?

Абайдың аналарымен қарым-қатынасынан жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қалай түсінуге болады?

Абайдың бойынан қай қасиеттерді байқадыңдар?

Сізде, өз анаңмен қандай жағымды оқиғалар өтті?

Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды "Ана" және «үлкен алдындағы», "перзенттік парыз", «Ана мейірімі» ұғымдарын түсінуге жетелейді, сонымен қатар олардың өзара байланысын түсінуге көмектеседі.

Оқулық, № 1 сабақ 8-беттегі

«Қайтқанда» әңгімесі

5. Шығармашылық жұмыс

(12-15 мин)


Мұғалім оқушыларды 3 топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады: «Абай» сөзімен кластер, акроөлең құрастырып жазу.

«Қоғамға қызмет ету» жобасы бойыншағы оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды.

Оқушылар "Ата-ана алдындағы-бала парызы" постерін жасап, өз жұмыстарын сыныпқа таныстырады.

Жоба бойынша

1-тапсырма сұрақтарына жауап жазады.

Флипчарттар, баяу әуен қойылады.


https://www.youtube.com/watch?v=r01fTe07kXQ


6. Үй тапсырмасы (1-2 мин)

Алдын ала берілген үй тапсырмасы: оқулықтан №2 сабақ 11-13-бет Бақытжан Майтанов «Тағылым» әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Жоба тапсырмасы бойынша 2- тапсырма желісімен өткен материал Абай Құнанбаев туралы мақала жазып келу беріледі.

Оқушылар үй тапсырмасын оқиды. Абай Құнанбаев туралы мақала жазады.

Оқулықтағы

11-13 беттегі

7. Топпен ән айту

(2-3 мин)



Мұғалім оқушылармен бірге Қарақат Әбілдинаның «Аяулы ана» әнін орындайды.

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=xVDd587r6-M

8. Сабақтың қортынды сәті (1 мин)

Мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жетулеріне тілек білдіріп бүгінгі сабақ үшін рахмет айтады.

Оқушылар рефлексия жасайды.


«Мен бүгін сабақтан қандай әсер алдым?»

Баяу композиция қойылады.

https://www.youtube.com/watch?v=qYNDmpMkBZs






«Абай» сөзімен кластер, акроөлең құрастырып жазу.

А-ар-намысты, жоғары қойған

Б-байқағыш, білімқұмар

А-ата-анасын құрметтеді

Й- Ибраһим оның шын аты




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
19.01.2022
714
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі