Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ашық сабақ Өзін-өзі тану Жақсылық жасай білейік

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні бойынша өткен ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Сыныбы: 4

Тақырыбы: Жақсылық жасай білейік

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Жақсылық жасау,қамқорлық,қайырымдылық, мейірімділік.

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: топтастыру, топтық жұмыс,миға шабуыл, сұрақ-жауап.

Мұғалімі: С.К.Кисымбетова

Сыныбы: 4 Оқушылар саны: 23

Сабақтың мақсаты: Адам бойындағы жақсы құндылықтарды ажырата білуге бағыт бағдар алу

Күтілетін нәтиже:

1.Адам бойындағы жақсы құндылықтарды ажырата алады.

2.Жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашады;

3.Топтық жұмыс жасайды, бір-бірін тыңдайды.;

Ресурстар:

Оқулық, дәптер, үнтаспа, слайд.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу,оқушыларды тугендеу.

2. 5Т ережесі

3. Жоспармен таныстыру: 1. Тыныштық сәті

2. Топқа бөліну

3. Бейнеролик қарау

4. Үй тапсырмасы

5. Дәйексөз

6. Оқулықпен жұмыс

7. Шығармашылық жұмыс

8. Сергіту сәті (ән орындау)

9. Рефлексия

10. Үйге тапсырма

11. Тыныштық сәті

4. Сабақ барысында екі жұмыс салыстырмалы түрде бағаланады (үй тапсырмасы, оқулықпен жұмыс), топтық бағалау.


Тыныштық сәті: «Күннің нұры» (музыка әуенімен 2минут)

Ыңғайланып отырыңыздар,денелерінізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолдарыңызды айқастырмаңыз. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз... Оймен осы нұрды қолдарыңызға, аяқтарыңызға бағыттаңыз.Сіздің қолдарыңыз бен аяқтарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ойша айтыңыз: «мен нұрлымын... нұр менің ішімде... мен нұрмын».




Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз...

Жәймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.


Топқа бөлу:қызыл, қызғылттүсті жүрекшелерді таңдау

Жүрекшелердің жазуына сәйкес, екі топқа бөліп отырғызу.

«Кайырымдылық»-қызыл, «Қамқорлық»-қызғылт


Ой қозғау:

Бейнеролик көрсету:«Жақсылық жасай білейік»

  • Фильмді көріп нені байқадық?

(балалардың жауабы)

  • Олай болса бүгінгі сабақта біздер не туралы әңгімелесеміз?

(оқушылар сабақ тақырыбын ашады)

(слайд)

Әңгімелесу:(қиықшалар)

«Қайырымдылық» тобына:

  • Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

  • Жақсы адам бойында қандай қасиеттер болады?

«Қамқорлық» тобына:

  • Жақсылық жасау адамның жасына байланысты ма?

  • Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?

Топтардың жауаптары тыңдалады.

Мұғалім: - Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жақсылық жасай білейік»

Үй тапсырмасы:

«Жақсылық пен жамандық» ертегіні оқып, талқылауға сұрақтар дайындап келу.

«Қайырымдылық»тобы:

  1. Адам ата, ұрпақтарын қалай сынады?

  2. Адам неліктен балыққа көмек берді?

  3. Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?

«Қамқорлық»тобы:

  1. Адам торғайға қалай көмектесті?

  2. Адам ата ұрпағына қандай батасын берді?

  3. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы ой- пікірлерің қандай?

Сұрақтарға жауап беру барысында оқушылардың өз ойларын ортаға салады.

Топтық бағалау:«Шыршаны безендіру»

Мұғалім:

- Балалар ертегідегі негізгі ой не?

- Тәрбиелік мәні неде?

- Түйінді ойымыз? (нақыл сөз, мақал- мәтел айтуға болады)

Мағынаны тану:

Дәйексөз:

Мұғалім: - Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа толы болады. Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді. Өйткені оны адамдар, айналасы, жақсы көреді, сыйлайды, онымен достасқысы келеді. Осындай жетістіктерге ол

өзінің жақсы істері, жақсылықтары арқылы жетті. Сондықтан халық: (Инт.тақтада)

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген.

халық мақалы

Оқушыларға қайталатады.(1,2 топтар) 2 рет.

Оқулықпен жұмыс:оқулық 85 бет

Оқушыларды жақсылық жасауға ынталандыр мақсатында оқулықтағы тапсырма беріледі.

(«Ойлан», «Жұпта талқыла», «Пікірлес» комектесетін құрал, топ ережесі беріледі)

І- Қайырымдылық тобы: Қарлығаш пен дәуіт- халық ертегісі.

ІІ- Қамқорлық тобы: Аю мен тышқан- латыш ертегісі.

Әңгіме желісі бойынша туындаған оқиғадан шығу жолдарын іздестіру, өз ойларымен жалғастырып айту.

Топтар бір- бірін бағалайды.

Мұғалім: Адамдар бір-біріне қайырымдылық, қамқорлық таныту арқылы жақсылық жасайды.

Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылдық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді.

Топтық бағалау:«Шыршаны безендіру»

Шығармашылық жұмыс:Еркін жазу стратегиясы( ережесі беріледі)2минут. Ереже:

1.бүгінгі сабақ

2. тез жазу

3. қатені ойламау

(Дәптерлерінен оқиды) «Фейерверк»- бағалау»(бәрі бірге)

Сабак барысын талқылау

Сергіту сәті:«Бала тілегі»

Сөзі: С.Молдасанұлы әні: Ф.Жолдасова

1.Бал- балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.


2.Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан- байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.



3.Қалықтаған көгершіндер көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным тілегім сол менің де.


Рефлексия:

Мұғалім:-Балалармына жүрекше аппақ әлі ішінде ештеңе жоқ,ал сіздер жүректеріңнен шыққан жақсы тілектеріңді алдарыңдағы жүрекшелерге жазып мына менің жүрегіме салыңдар.(Ақ жүрекке қызыл жүрекшелерін жабыстыру)

Мінеки балалар сіздердің кішкентай жүректеріңмен , жақсы тілектеріңмен, мейірімділіктеріңмен менің жүрегіме қосылып үлкен мейірімді жылы жүрекке айналдық.

Салыстырмалы түрде топтық бағалау қорытындысы:

«Шыршаны безендіру»

Ең әдемі, ойыншығы көп ілінген шырша - сабаққа белсенді қатысқан топ.


Үйге тапсырма беру:

Бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» суреттерінен қиықшалар жасап, суреттерге сәйкес мақал- мәтелдерін қиықшаларға жазу.



Сабақтың қорытынды минуты

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12