Материалдар / Ашық сабақ өзін-өзі тану пәні: "Адал және ақкөңіл болу" 2-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ өзін-өзі тану пәні: "Адал және ақкөңіл болу" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Өзін-өзі тану пәнінен жаңа талаптарға сай құрылған сабақ. "Адал және ақкөңіл болу" 2-сынып сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2021
278
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім

Ынтымақты отбасы

Педагогтың аты – жөні

Имаканова Кульмайра Кошановна

Күні

07.12.21 ж

Сынып: 2

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

13

Сабақтың тақырыбы

Адал және ақкөңіл болу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Адам мәдениеті

Құндылығы

Дұрыс әрекет

Қасиеттері

Шыншылдық, турашылдық, әдептілік, сыйластық, әділдік, ізеттілік.

Сабақтың мақсаты

оқушыларға адал және ақкөңіл болудың маңыздылығын сүйіспеншілік құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері

1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы ақкөңілділік қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті


Оқушының әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жағымды көңіл – күй


Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастады. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем


Көздерін жұмып отырады.

Алған әсерлерімен бөліседі.

«Хрустальная грусть» компози- циясы

  1. Үйге тапсырманы тексеру

Біздің боталарымыз қоржындар таба алмай жүр екен. Көмек береміз бе?

«Ғажайып адам» ертегісін оқу ( суретті көрсету).

Сұрақтар:

  1. «Ғажайып адамның» ғажайыптығы неде?
    2. Сен ғажайып адамды кездестірсең, қандай үш тілек тілер едің? (Ғажайып адамның суреті көрсету арқылы сұрақ қою)
    3. Неліктен ғажайып адам баланың тілектерін орындады деп ойлайсыңдар?
    4. Ғажайып адам болғың келе ме? Неліктен?
    5. Сенің айналаңда осындай «Ғажайып адамдар» бар ма? Әңгімелеп береді.

Ботаның қоржынын береді.

Сурет


  1. Сабақтың дәйексөзі.


Дәйексөз: Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
Нақыл сөз

Сұрақтар:

1. Адалдық дегенде нені түсінесіңдер?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

Мұғалім: Адалдық –адам бойындағы таза ниет, ар-ұятқа сәйкес келетін әркеттер. Отан алдындағы борышқа жауапкершілікпен қарау.

Ақкөңілділік – жақсы қасиет. Өзгенің жетістігіне қуана біледі. Көмек беруге, қуантуға дайын тұрады. Ақкөңілділік пен адалдық дұрыс әрекетке жатады.

Дәптермен жұмыс.

Оқушылар бір неше рет қайталап, дәптерге жазып алады. Талдау сұрақтарына жауап береді.






Ботаның қоржынын береді.

презентация

  1. Оқиға айту (Әңгіме)

Мұғалімнің сыйы

Адалдық

М. Дүйсенов

Самат пен Марат, көрші Айман апаның үйіне жиі келіп тұрады.

Марат бүгін апаның үйіне сөйлей кірді.

Айман апай, бірдеңе айтсам, сіз Саматқа айтып қоймайсыз ба?

Ол не?

Жоқ, сіз айтыңызшы, Саматқа ,түк те, тіпті мынадай да айтпайсыз ба? – деп, Марат шынашағының көрсетті.

Айман апай:

Жарайды, айтпай-ақ қояйын, – деп уәде етті.

Мен кешегі кәмпиттердің бәрін де өзім жеп қойдым. Саматқа берген жоқпын.

Кеше Айман апай дүкеннен кәмпит әкеле жатып:

  • Мынаны өзің же, ал мынаны Саматқа апарып бер деп,- Маратқа екі кәмпит беріп еді.

Марат «жарайды» деп, томпаңдай басып кеткен. Айман апай ойланып:

Бүгін кешегіден де тәтті кәмпит әкеліп саған апарып бер деп Саматқа беріп жіберіп едім, – деді. Мараттың көзі шаттанып кетті.

Апай рас айтасыз ба?

Рас.

Әй, Самат, сені ме бәлем? – деп Марат кетейін деп. Айман апай оны тоқтатып алды.

Сен, немене, төбелескелі барамысың?

Маған берген кәмпитті ол неге жеп қояды?

Кеше сен жеп қойған соң, ол да жеп қойған шығар. Әй, бүгінгі кәмпит тәтті-ақ еді-ау! Сырты күміс қағазбен қапталған, бал татып тұрған тамаша кәмпит еді!

Айман апай кәмпитті мақтаған сайын Мараттың іші удай ашып кетті. Кеше өзінің бір қате жібергенін түсініп:

Мен енді Саматқа берген кәмпитті жемеймін, өзіне апарып беремін, – деді.

Басқаның адал болуын тілесең, алдымен өзің адал бол. Менің жаңағы Саматқа саған кәмпит беріп жіберіп едім дегенім жай, ойын сөз. Самат сендей емес, біреудің сыбағасына қол сұқпайды, апарып береді, – деді Айман апай.

Сұрақтар:

  1. Марат апайдан нені өтінді? Неліктен?

  2. Айман апай неліктен бүгінгі алған кәмпиттерді мақтады?

  3. Неліктен адам алдымен өзі адал болуы керек?

  4. Осындай жағдайларда өздерің қандай әрекет жасар едіңдер? Әңгімелеп беріңдер.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.








































Ботаның қоржынын береді.

сурет

  1. Шығармашылық жұмыс.


1 – топ: «Бурабай» Адалдық сөзіне өз ойларыңды жазыңдар.

2 – топ: «Нұрсұлтан» Досқа адал болу мағынасы сөздер жазу.

Оқушылар топпен жұмыс жасайды

Ботаның 3 қоржынын тауып береді.


  1. Жобалау қызметі

Отан туралы мақал-мәтел айту.

Ботаның қоржынын береді.

сурет

  1. Топпен ән айту

Келші, келші, балашым
Өлеңін жазған: Қабдікәрім Ыдырысов
Қ Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.

Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар көңілің

Ақ болар, деп ойладым.


Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды

Оқулықтың 47 –бетіндегі әннің сөзі.



Тақтада ән мәтіні көрсетіледі

Музыка, домбыра


  1. Үйге тапсырма

«Аманатқа қиянат жасама...» өсиет әңгімені оқып 3-сұрақ ауызша құрастырып келу

Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады


  1. Сабақтың қорытынды сәті.


Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!