15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Өзін-өзі тану" пәнінен интеграцияланған: дүниетану сабағының жоспары
Калиаскарова Индира Мияссаровна
Әулиекөл бастауыш мектебі
« Өзін- өзі тану» пәнінен интеграцияланған: дүниетану сабағының жоспары
Тақырыбы:
Егіншілік
пен мал шаруашылығы
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер:қамқорлық, жауапкершілік, тәртіп.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан ауылшаруашылығының басты салалары - егіншілік пен мал шаруашылығы туралы түсіндіру.
Сабақтың міндеттері: Қамқорлық жасау адамның азаматтық міндеті екендігін түсіндіру;
Оқушылардың бойындағы бір-біріне деген жауапкершілік қасиеттерін кеңейту.
Қоғамға риясыз қамқорлық көрсетуге, жауапкершілікікпен тәртіппен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі:
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:
INSERT, Бес жол өлең, Венн диаграммасы,
тест, топтастыру
Сабақтың
көрнекілігі: карточкалар, суреттер,
сызбалар, энциклопедиялар (5 дана)
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. (сыртқы
тыныштық)
Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»
Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.
Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, 18 кабинеттен шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.
Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.
Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.
Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.
Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.
Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, институтқа қарай аяңдаймыз. 18 кабинетке келіп өз орнымызға отырайық.
Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз. Сұрақтар:
1. Балалар, қандай әсер алдыңдар?
2.
Сендерге жағымды әсер етті ме?
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру . «Суқойма
өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбына
шағын тест алу 5 мин
1. Өзен,
көл, батпақ не деп аталады?
А. Көл
Ә.
Су
Б. Суқойма
2. Мөлдір ағын сулар
мен тоғандарда не өседі
А. Гүл
Ә.
Жапырақ
Б. Балдырлар
3. Суда жүретін
қаз, үйрек, аққу балапандарын немен
қоректенеді?
А. Балықпен
Ә. Құртпен
Б.
Нанмен
4. Судың тыныш жағалауын қандай
аңдар мекендейді?
А. Қоян, түлкі
Ә.
Ондатр
Б. Қасқыр, түлкі
ІІІ.
Жаңа сабақты түсіндіру, меңгерту (ішкі
интеграция)
1.
Оқушының қызығушылығын оятып, зейінін,
логикалық ойлауын дамыту мақсатында
«Лото» ойынын ойнату,онда
оқушыларды бір-біріне қиянат
жасамауға,достыққа,бірлікте орындауға
шақыру.
Шарты:
- Оқушыларға жануарлар
бейнеленген карточка үлестіру;
-
Карточкадағы суреттің мағынасын ашатын
сипаттау сөздер айту, ал оқушылар сол
суретті фишкалармен жабу;
- Көлденеңінен
кез келген бір қатар жабылса сол жеңімпаз
атанады.
- Жеңімпаздарға сыйлықтар
беру;
1. Балапандарын балықпен қоректендіреді.
Біріккен сөз. (Бірқазан).
Ия балалар дұрыс айтасыдар. Әрине,
Бірқазан ол қандай құс? оқушылар жауабы
(тұмсығы ұзын,жыл құсы,емін көлден тауып
жейді т.б) дұрыс айтасыздар, Бір қазнның
Қазақстанда екі
түрі бар: бұйра
бірқазан және қызғылт
бірқазан.
Олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің
алабын мекендейді. Бірқазан – топтанып
жүретін құстар. Олар қоректерін
(балықтарды)
көбіне суқұзғындарымен бірлесіп
аулайды.Бірқазан
– жыл құстары, наурыз айында ұшып
келеді.Олар саны аз құс болғандықтан, Қорғалжын
қорығы
қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау
одағының және ұлттық «Қызыл
кітапқа» енген.
Бір қазанда адамдар тәрізді достықта,
ұнтымақтастықта өмір сүреді.Бізде
достарымызбен,от басымызбен, қоршаған
ортамен бірге болсақ, істеген
іс-әрекеттерімізді сүйіспеншілікпен,
бар мейірімізбен бірігіп жасасақ қана
бір дәрежеге жетеміз.
2.
Үй жануары. Төлі-лақ (Ешкі)Әрине дұрыс
айтасыздар балалар, жарайсындар.Ешкінің
бізге қандай пайдасы бар?оқушылар жауабы
(сүт береді, етін жейміз, түбіт, түбітінен
мамамыз шұлық,қолғап, шарфик т.б тоқып
береді) әлбетте балалар ешкінің адам
баласына берері мол.Ол өзінің ақ сүтімен
барлық адам баласын емдейді.Ешкінің
сүті дәрумендерге өте бай.Бізде, өз
бойымыздағы бар жақсылықтарымызды адам
баласына сыйлай білуіміз қажет.
Бойымыздағы бар жақсы қасиеттерімізбен
бөлісіп, риясыз сүйіспеншілік білдіре
беруіміз керек.
3. Өте шапшаң орман
жануары, саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды
кептіреді. (Тиін)Ал тиін туралы не білеміз
кім айтқысы келеді? Оқушы жауабы (тиін
жаңғақпен қоректенеді,өте сүйкімді,
ағашта өрмелеп жүреді т.б) дұрыс айтасын,
Тиін-әрі епті. Әрі жеңіл қимылдайтын.
Әрі жақсы өрмелейтін және талдан талға
оңай секіретін омыртқалы жануар.Қоректері:
емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам
(миндал).орман жаңғағы, гүлдердің қауызы
және т.б. Ғылыми болжам бойынша дүние
жүзіндегі миллиондаған ағаштар тиіндердің
көміп-сақтаған, кейін ұмытып кеткен
қаушақ сорттары ағаш тұқымдастарынан
өсіп жетілуде.Кішкентайғана тиіндардың
өзі өз елдеріне осындай жақсы пайдаларын
тигізуде.Бізде өз отанымызға, қолымыздан
келген көмегімізді аямай адал еңбек
етуіміз қажет. Өз туған елімізге шың
жүрегімізбен жаңашырлық таңытсақ қана,
біздің еліміз көркейіп, ал адамдарымыз
бір марқайып, ал келешек ұрпақ міне осы
жақсы істеріңізден үлгі алып өседі.
4.
Құстың ұрпағы (Балапан)
5.Қалың шөп
арасына ұя салады, киелі құс (Аққу)
6.
Ертеде бұл жануарға соқа жегіп, жер
жырттқа, алып күш иесі (Өгіз)
7. Үй
құсы, шөже (Тауық)
8. Бостандық құсы
(Қыран)
9..... қарқ етті,
Ірімшік
жерге салп етті. (Қарға)
10. Төрт түліктің
бірі, сүтінен шұбат жасалады
11.
Балапандарын басып шығарып, балықпен
қоректендіреді. (Құтан)
12Дала жануары,
құйрығының ұшы қара, біріккен сөз
(Қарақұйрық)
Шығармашылық
іс-әрекет, топтық жұмыс.
ІІ.
Мағынаны тану. Сыныпта үш орталық құру.
Бұл жұмыс сыныпта жүелі қалыптасқан,
оқушылар шартын біледі. Үш топта 5-6
баладан болады, орталықтың спикерлерін
сайланып, бағалау парағымен
таныстырылады.
Бағалау
парағы
Оқушының аты-жөні 1-тапсырма
2-тапсырма 3-тапсырма 4-тапсырма
5-тапсырма
Әр топтың өз тапсырмалары
бірнеше данадан партада дайын
тұрады.
1-орталық: «Білім»
орталығы
2-орталық: «Шығармашылық»
орталық
3-орталық: «Ақпарат»
орталығы
1-орталық – «Білім»
орталығы
1- тапсырма: Мәтінді
мәнерлеп оқып, мазмұнын талдау
2-тапсырма:
INSERT стр-сы Мәтіннен оқығандарын талдап
кестені толтырады.
Ү- білемін - -
білмеймін + мен үшін жаңалық ? мені таң
қалдырды
2-орталық: «Шығармашылық»
орталық
1-тапсырма: Өзіңе ұнаған
мақал-мәтелдерді көшіріп ал, мағынасын
топта аш.
А) Ел көркі — мал, өзен көркі—
тал
Ә) Бақпаса мал өспейді,
Баптамаса
егін өспейді.
Б) Ат қадірін
білмесең,
Жаяушылық көрерсің.
Ас
қадірін білмесең,
Ашаршьшық көрерсің
2.
Қауын, алма, бидай, жылқы, сиыр, түйе,
тауық сөздерінің таңдаған біреуіне
ребус құр
3. “Бес жол өлең”
стр-сы
Сөздер: Күріш, қой, ешкі, тауық,
жүгері
3-орталық: «Ақпарат»
орталығы
Орталықта екі түрлі тапсырма
бар
1. Дарынды оқушыларға: Балаларға
арналған танымдық энциклопедиялар
«Аруна» баспасы
2. Үлгерімі төмен
балаларға:
1.Суретті бояу
2.
Мал шаруашылығының дамуына нелер қажет?
(топтастыру)
Ү.
Сабақты
қорыту:
Қорытынды. Венн диаграммасы 7
мин
Интербелсенді тақтадағы суреттерді
көре отырып оқушылар ойларын жинақтап
қорытынды жасайды.Оқушылар
қорытындылап болғаннан кейін мұғалім
сабақ соның бүгінгі тақырыппен
интегациялап оқушыларға шағын мағұлмат
беріп, қиянат жасамауға жетелеп
қорытындылап аяақтайды.
Егін мен мал шаруашылығы бір-бірімен егіз іспеттес.Егінге өсу үшін,оларды баптап күту керек.Суын уақытылы құйып,топырағын қопсытып,арам шөптерін жұлып отырса егін де жайқалып өсіп,өз жемісін береді.Ал малшаруашылығы да, дәл солай десек болады уақытылы шөп-жемін,суын беріп,бар мейірімінді төгіп баптап қарағанда ғана малда төлдеп көбейіп өседі. Сол сияқты балаға жас кезінде риясыз сүйіспеншілікпен,қиянат жасамауға дұрыс әрекетпен тәрбиелесек еліне қызмет ететін , бойында адамгершілік қасиеті мол нағыз азамат болып өседі.
Үй тапсырмасы туралы ақпарат.
«Егіншілік» тақырыбына жоба құрастырып келу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген