Ашық сабақ өзін-өзі тану пәнінен тақырыбы "Отбасы татулығы-қоғамдағы татулық"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ өзін-өзі тану пәнінен тақырыбы "Отбасы татулығы-қоғамдағы татулық"

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сыныпқа арналған сабақ жоспары Өзін -өзі тану мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: "Айсары орта мектебі"ММ

Мерзімі: 11.01.2021 ж. №18 сабақ

Мұғалім: Кошек Ж.М

Сынып: 9 «»

Оқушылар саны:

Тақырып:Отбасы татулығы – қоғамдағы татулық.

Құндылық:Сүйіспеншіілік.

Қасиеттер: риясыздық, мейірімділік, қамқорлық.


Сабақтың мақсаты:оқушыларға адам өмірінде отбасының, ондағы сүйіспеншілік пен қамқорлыққа негізделген қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру арқылы Сүйіспеншлк құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеті:

  • оқушыларға отбасындағы риясыз сүйіспеншлік, риясыз қызмет ұғымдарын жүрегімен сезінулеріне жағдай жасау;

  • оқушылардың мейірімділігінің дамуына ықпал ету;

  • оқушыларды риясыздыққа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.


Ресурстар:


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Өткен сабақты еске түсіру, жаңа сабақты бастау.


Дәйексөз

«Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады»

Ыбырай Алтынсарин

Дәйексөздің мәні неде?


Жаңа ақпарат

Адамның жеке басының алғашқы дамуы отбасынан басталады және ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алар емес, себебі адам баласы дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірі аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отбасы сүйіспеншілікті сезіне білуге үйретеді, жақсылыққа жетелейді, үлкендерді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелейді, Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Отбасында баланы жақсы тәрбиелесе, ол әдепті, ақылдыазамат болып шығады. Анасына қарап – қызын ал», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді дана халқымыз. Әр баланың көкірегінде адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік отбасында орын алады.


Әңгімелеу

Отбасы ошағы

(Аңыз әңгіме)

Ертеде бір ауылда үш жас отбасы өмір сүріпті. Біркездері ол ауылға бақыт келіп қоныстады. Ол өзінің қайотбасында жарық пен жылу толы болса, сонда қонатынынхабарлады.

Бірінші отбасы өз үйлерін күміске толтырды. Үй жарықболды, бірақ күмістің жарығы үйді жылыта алмады.

Екінші отбасы өз үйлеріне алтынды толтырды. Ол үйжарық бола түсті, бірақ жылулық бәрібір болмады.Тек, үшінші тапқыр отбасы өз үйлерінің ошағына отжақты.Оның әсерінен үй жарық болып, жылуға толды.

Әрине, бақыт сол үйге мәңгілік қоныстауды ұйғарды. Олүй иелерімен бірге баланың дүниеге келуін, әр отбасымүшелерінің туған күндерін, отбасы құрған күндерін жәнеалтын той күндеріне дейін болуға қалды.


Талдау сұрақтары:

  1. Күміс пен алтын ненің нышаны (символы) деп ойлайсыңдар?

  2. От ненің нышаны деп ойлайсыңдар?

  3. Бақыт неліктен от жағылған үйді таңдады?

  4. Бақытты отбасы деп қандай отбасын айтуға болады?

  5. Өз отбасыңда татулық пен сүйіспеншіліктің күшеюіне қалай үлес қосып жүрсң?


Шығармашылық іс-әрекет

«Отбасы – татулық мекені» тақырыбына ақын, жазушы ретінде өлең, әңгіме құрастыру.


Үй тапсырмасы

Алға командир. 116 бет. Мәтінді оқу.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.04.2021
947
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі