400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық сабақ өзін-өзі тану пәнінен тақырыбы "Сыйластық бастаулары"

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныпқа арналған сабақ жоспары Өзін -өзі тану мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы




Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі:" Айсары жалпы білім беретін мектебі"КММ

Күні: 07.12.2020 ж

: 14

Мұғалімі: Кошек Ж.М

Сыныбы: 8

Тақырыбы: Сыйластық бастаулары

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық.

Мақсаты:оқушыларға «сыйластық», «ізгі қарым-қатынас», «парыз» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

-оқушыларға өмірдегі үйлесімділіктің негізі сыйластық туралыұғындыру;

-оқушыларды кез келген сәттегі олардың қарым- қатынасының ізгі болуынабаулу;

-сыпайылық,бауырластық,қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.http://bilim-all.kz/

2.http://midedu.ozin-ozi-tanu.kz/library/show/id/90

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №13 – сабақ. Сыйластық туралы эссе жазу.

2. Келесі сабақ. №14, «Сөз анасы - сәлем» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Сөздің басын неліктен сәлемнен бастау керек?

  2. Қазақ халқының дарқан ниетінен қандай қасиеттерді байқауға болады?

  3. Өзің ылғи да сәлемдесіп жүресің бе? Айтып бер.


  1. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға дәптерге жаздырту)

Сыйлассаң - сыйлы боласың.

Нақыл сөз

Сұрақтары:

1.Сыйластық ұғымын қалай түсінесіңдер?
2. Сені сыйлаған кездегі сезімің?
3. Сені сыйламаған кезде нені сезінесің?
4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?



  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

«Ағайындылар туралы аңыз»бейне көрсетілім

Сұрақтар:

  1. Ағайындылардың арасындағы сыйластықты қалай түсіндіруге болады?

  2. Жанашыр бауырлардың бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер бар?

  3. Өздерің бір-бірлеріңе риясыз жақсылық жасай аласыңдар ма?

  4. Өздерің бауырларыңнан шынайы қамқорлық сезінгенде қандай күйде боласыңдар?Әңгімелеп беріңдер.


5. Шығармашылық жұмыс.

Тапсырма: «Мақалдарды толықтыр»

  1. Сыйлапберген су …. 

  2. Ерді асы үшінсыйлама,
    ...үшінсыйла.

  3. Көптісыйлағаның - ...сыйлағаның.

  4. Үлкендісыйлау - ….

  5. .... сәні – сыйластық.

Керекті сөздер: ағайын, кісілік, басы,тәтті,өзіңді


6. Топпен ән айту.

М.Өрісбаев «Өмір сыры»

1)Өмір деген –

Жанымның шуағындай жарқырайды.

Көңіл деген –

Бар кезде шарықтап шалқымайды.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қ/ы

Бұл дүниені

Жарығым қайта оянып көрер болсам

Өмірге қайта айналып келер болсам

Сезер – ек бақыттың шын бағасын

2)Бақыт деген –

Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы

Уақыт деген –

Өзгермес сұрапыл соқса тағы

Арман деген –

Жүректің жұбанышын көз ілмейтін

Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың

Қ/ы

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қ/ы


http://ozin-ozi-tanu.kz


7. Оқу тапсырмасы.

1. №14 – сабақ. №4 тапсырманы орындау. (өлеңді талдап,сыйластық белгілерін дәптерлеріңе жазу)

2. Келесі сабақ. №15, Шәкен Күмісбайұлының «Отан» мәтінін оқып келу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.04.2021
681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі