400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ашық сабақ Өзін-өзі тану Сүйіспеншілік - өмір нәрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам бойындағы махаббат сезімін, өзіне, өзгеге деген сүйіспеншілігін танып, оны құрмет тұтуға баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сүйіспеншілік-өмір нәрі

Садыкова Айкал Ануарбековна

№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Шымкент қаласы

Құндылықтары:дұрыс әрекет.

Қасиеттері:шынайылық және сенімділік

Сабақтың мақсаты: Адам бойындағы махаббат сезімін, өзіне, өзгеге деген сүйіспеншілігін танып, оны құрмет тұтуға баулу.
Міндеттері:

-махаббаттың бар адамға ортақ көп қырлы, оның тек қана адамға тән іңкәрлі

сезім екенін білдіру;
-адамды, табиғатты, өмірді сүйе білуге оны құрметтеп, қадір тұтуға баулу;

-адамгершілікке, сенімділікке, сезімталдыққа, нәзіктікке тәрбиелеу; -

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Нұрға бөлену
. Музыка қосылады.
Ыңғайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз денеңізді босатып тынышталыңыз. Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз. Таза ауа, салдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл дем алудасыз, сіз күш қуатқа толысыз. Жер анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіп, қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.

Үй тапсырмасын тексеру:
- Сендерді жақсы көретін адамдарға қалай жауап беріп жүрсіңдер?
- Ана мен баланың арасындағы махаббат
қандай болады?
- Туған жер, табиғат қандай сезім тудырады?
- Мөлдір махаббат, шынайы махаббат, ұғымдарына анықтама берер едіңдер.
Әңгімелесу:
Ей, перзентім, адамның табиғи сұлулығы(сыпайы, биязы мінезі) болмаса, ғашық бола алмайды, өйткені махаббат дегеннің өзі табиғи сұлулыққа байланысты екені даусыз. Табиғи сұлулық дегеніміз – оның ұнамдылығы. Әрбір ұнамды мінез - құлық пен келісімді көріктен әдемілік пайда болады. Егер сен ғашықтықты көңілдің еркіне берсең, лажсыздан құмарлықтың құлы боласың.
Абай жолы( үзінді)
- Тоғжан сұлу етіп тұрған қандай күш?
- Махаббаттың адам өміріне, оның айналасындағыларға әсері қандай?

Дәйексөз:
«Өзіңе деген махаббат – тамаша нәрсе, өйткені ол - адамның өз қабілетін сезінгеннің белгісі» (Т.Гоббас).
- Осы дәйексөз сөздің мағынасын қалай ашар едіңіз? «Өзіңе деген махаббат» деген сөйлемді қалай түсінесіңдер?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
Туған жер табиғатқа деген махаббат, өзіңе деген махаббат, алғашқы махаббат тақырыптары бойынша әр топ пікірлерімен ашып қорғау.
Топпен ән айту: Алғашқы махаббат

Үй тапсырмасы:
1) Әр қайсымыз өзімізге, өз жүрегімізге тілек кемесі арқылы хат жазамыз, жссе жазу.
2) «Ғашықтық ғаламаты» мәтінің оқып келу.
Позитивті күйге келу: Баяу әуен қойылады.
Махаббат ол – үлкен құдіретті күш. Махаббат ол – сенімді дос, махаббат ол – шексіз бақыт.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады.
Бүгінгі керемет сабақ үшін Сіздерге көп рахмет!!!!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
921
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі