Табиғат
ғажаптары
Садыкова
Айкал Ануарбековна
№25
Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы
Өзін-өзі
тану пәнінің мұғалімі
Шымкент
қаласы
Құндылық:
Қиянат жасамау.
Қасиеттер:
сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Сабақ
мақсаты:
Қиянат жасамау нағыз адамның ісі екенін
оқушыларға түсіндіру.
Міндеті:
1.
Қиянат жасамау ұғымының мәнін ашу;
2.
Бұрыннан адамзат баласына берілген
сүйіспеншіліктерін жандандыра отырып
қиянат жасамауды дамыту;
3. Қиянат
жасамау арқылы сүйіспеншілікке бөлену,
үйлесімді өмір сүру.
Ресурстары:
оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың
әдісі:
Миға шабуыл, сұрақ-жауап
Сабақ
барысы:
1.
Ұйымдастыру
кезеңі.
Сәлемдесу,
оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа
қатысуды тексеру.
2.
Нұрға
бөлену.
«Менің
жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу
әуен тыңдай отырып жасау.
3.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге
берілген «Бала және інжугүл қоңыраулары»
(105 бет) ертегісі бойынша сұрақ қою арқылы
ертегінің мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1.
Балалар, інжугүл дүниеге қалай келді?
2.
Ал бала інжугүлге неліктен қызықты?
3.
Інжугүл балаға қандай өтініш айтты?
4.
Бала інжугүлді неліктен жұлмады?
5.
Егер сендердің өмірлеріңде осындай
жағдай болса, не істер едіңдер?
Сабақ
барысын талқылау:
4.
Дәйек сөз.
«Қайырымды
іс жаса, қайырлы болар әр ісің»
халық
нақылы
Яғни, біз барлығына қайырымдылық
жасасақ, әрбір жасаған ісіміз бізге
жақсылық пен қуаныш алып келеді. Гүлдерге,
жан - жануарлар мен өсімдіктерге, тіпті
үстіміздегі киімге, отырған орындығымызға,
мектебімізге жақсы қарайтын болсақ,
олар да бізге рахметін айтады. Ұстаздарымыз
бен ата - анамызды тыңдап, айтқанын
орындайтын болсақ, ол біздің оларға
қиянат жасамай, қайырымдылықпен
қарағанымыз болады.
(Дәйек сөзді
дәптерге жазып, 2 - 3 рет бірге қайталап
оқимыз)
5.
Әңгiмелеу (сұхбат).
Қиянат
жасамау дегеніміз ол:
Жақсы ой ойлау
- әлемге қиянат жасамау,
Жақсы сөз
айту - тілге қиянат жасамау,
Жақсы
әңгіме тыңдау – құлағымызға
қиянат
жасамау,
Жақсылықты көре
білу – көзге қиянат жасамау,
Дұрыс
тамақтану - денсаулығымызға
қиянат
жасамау,
Дұрыс іс - әрекет
жасау - денемізге қиянат жасамау.
Құрбыларымызды
ренжітпеу – достыққа қиянат
жасамау.
Аңыз
айту. 5 мин
«Не
айтатыныңды ойлап ал»
(ойға қиянат
жасамау, өйткені әрбір ой іске
ұласады)
«Қиянат келтірмеген жаза»
(Іс
- әрекетте қиянат жасамау, әрбір іс -
әрекет мінезді қалыптастырады)
Сұрақ
қою: 5мин.
-
Балалар енді сендер қиянат жасамау
дегенді қалай түсінесіңдер?
- Қиянат
жасамау үшін не істеу керек?
6.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12
мин.
Жағдаяттардың
шешімін табу.
1
- жағдаят
Сен
бірнеше достарыңмен сабақтан қайтып
келе жатыр едің қасыңдағы құрбыларың
киноға барайық деген ұсыныс жасады.
Бірақ сен сабақтан соң анаңның берген
тапсырмаларын орындауың керек. Құрбыларың
қызық кино жүріп жатқанын айтып сенен
өтініп тұр. Сен не істейсің?
2
- жағдаят
Сабақтан
қайтып келе жатқан жолда сен бірнеше
балалардың талдағы алманы алу үшін
талдың бұтақтарын сындырып жатқанын
көрдің. Сен не істейсің?
(топтарға
беріп, әр топ өз шешімін бірлесіп
шығарады)
Дәптермен
жұмыс
Дәптердің
ортасына күннің суретін салып, күннен
тараған сәулелерге жақсы қасиеттерді
жазамыз. (тақтаға сызып көрсетемін)
Оқушылардың
қандай қасиеттерді жазғандарын ортаға
салып айтамыз.
Қорытындылау.
Жақсы
ойлар ойлаймыз,
Жақсылықты көреміз,
Жақсы
әңгіме тыңдаймыз,
Жақсы істер
жасаймыз,
Біз бақытты баламыз.
Дәптерге
жазып, бірнеше рет қайталап оқимыз.
7.
Топпен ән айту.
«Ақ
көгершін» Сөзі: А. Жұбановтікі, әні: Н.
Баймұхамедовтікі
8.
Үй тапсырмасы.
«Қиянат
жасамау - нағыз адамның ісі» тақырыбында
өз
ойларынан немесе бастарынан
өткізген оқиғалары туралы шағын әңгіме
жазу. Келесі сабаққа «Суретші туралы
ертегі» әңгімесін оқып келу.
9.
Соңғы тыныштық сәтi.
-
Балалар, енді бір сәт тынышталып,
көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі
сабақтан алған әсерлерің мен жақсы
ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші...
(сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен
бірге қалу үшін жүректеріңе салып,
сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші.
(сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар
жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер
өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты
жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар
сол үшін сендерге рахмет айтамын!