жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Өзін-өзі тану"Адал және аққөңіл болу" 2 сынып
Түркістан облысы ,Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, «Шолаққорған» жалпы орта мектебі
Өзiн-өзi тану сабағы
Мектеп «Шолаққорған» жалпы орта мектебі
Мерзiм
Тақырып: Адал және аққөңіл болу
Құндылық: дұрыс әрекет,ақиқат
Қасиеттер: шындықты айту; ұрлық жасамау; уәдені орындау; ұрыспау; денсаулық пен тазалық; ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау; тілалғыш болу
Мұғалiм: Тасходжаева Ж Сынып:2«Ғ» Оқушылар саны:10
Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның жаны мен тәнінің үйлесімділігі туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет,ақиқат құндылықтарының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: - оқушыларға жан саулығын ұғындыру арқылы адалдық ,сүйіспеншілік қасиеті туралы түсінік беру. - оқушыларды жан тазалығына мән беруге үйрету арқылы саналық қасиетін дамыту. - оқушыларды жан мен тән сұлулығын дамытуда адалдық, саналық, қиянат жасамау қасиеттеріне тәрбиелеу.
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз). Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз: Денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: Ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жануар, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан – жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді әрлі – берлі жарқырай қалқыған әсембалықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз....бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір көз нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
|
Ресурстар: Балалар орындайды |
||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім: Ғажайып адам
«Ғажайып адамның» ғажайыптығы неде?
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
|
Сабақ барысын талқылау:
Өз ойларын айту |
||||||||||||||||||||||||||||||
Әңгімелеу (сұхбат) Аманатқа қиянат жасама...
Саудагер неліктен аманатқа қиянат жасамақ болды?
|
Оқулық
Сұрақтарға жауап береді |
||||||||||||||||||||||||||||||
2. Дәйексөз Адаладық жүрген жерде,адамдық жүреді. Нақыл сөз. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||
4. Шығармашылық
жұмыс 1-
Төменде берілген сөздерден нақыл сөз
құрастырыңдар, мағынасын түсіндіріп
беріңдер. Тиісті
сөздер: адалдық, адамдық, жүреді, жерде,
жүрген
Сыйластық,сүйіспеншілік
Дөрекілік,әдепсіздік 2-тапсырма.. Төменде берілген әріптерді пайдаланып, адал және ақкөңіл адамға тән қасиеттерді құрап, дәптерге жазыңдар
|
Дәптермен жұмыс
Көрініс көрсетеді
Тапсырма орындау |
||||||||||||||||||||||||||||||
5. Топпен ән айту. Келші, келші, балашым Өлеңін жазған: Қабдікәрім Ыдырысов Қ Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев Айым болып тудың ба? Күнім болып тудың ба? Ата жолын қудың ба? Әке жолын қудың ба? Бұл дүниеге келген соң, Сұрауы бар судың да. Айдарыңнан айналдым, Маңдайыңнан айналдым. Торсық шеке, тоқ шеке Бақ болар, деп ойладым. Ашық жанар-көңілің Ақ болар, деп ойладым. Қуанышым-арай жүз, Сөйлесерміз талай біз. Бар ағайын жиналып, Мәз боп саған қараймыз. Сендей бала ешкімде Болмаған деп санаймыз. Жалғыз дара – өзіңсің, Атасының көзісің, Әжесінің сөзісің, Мен барымды аяман, Ботақаным, сен үшін. Не деп енді мақтайын? Айтуға сөз таппаймын. |
Бірге айту |
||||||||||||||||||||||||||||||
Дамытушылық тапсырма: суретпен жұмыс
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау: Белсене қатысқан оқушыларға смайликтер үлестіру.
|
Балаларға улестіру |
||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген