жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Өзін-өзі тану"Әсемдік әлемінде" 2 сынып
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
«СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«ШОЛАҚҚОРҒАН» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Өзін-өзі тану
Тақырыбы: Әсемдік әлемінде
Сыныбы: 2
Пән мұғалімі ЖТасходжаева
Бекітемін_______________
Бастауыш сыныптар
жөніндегі орынбасар Ж.Бекпенбетов
Мерзiм:
Тақырып: Әсемдік әлемінде
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: сұлулық, мейірімділік, қамқорлық
Сынып: 2 Оқушылар саны:
Мұғалiм: Ж.Тасходжаева
|
Сабақтың мақсаты: Табиғатпен үйлесімділікте өмір сүру туралы түсініктерін кеңейтіп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: табиғат сұлулығының мәнін түсіндіру 2.Дамытушылық: айналадағы
дүниенің барлығына сүйіспеншілік көзбен қарау сезімдерін дамыту |
Ресурстар: Интербелсенді тақта, бейнеролик, плакат, бояулар |
|
Сабақ барысы: Оқушыларды түгелдеу,сабаққа назарын аудару Ұйымдастыру кезеңi. 5 Т ережесін еске алу. Сыныпты топқа бөлу. 1-топ «Табиғат» мақал-мәтел айтады. 2-топ «Жер» туралы не білетіндерін ортаға салады. Тыныштық сәті. №4 «Орманға ойша саяхат» 3мин. Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! |
Ресурстар: |
Анжелика Карабутова Аударған Рабиға Ізғұттынова «Біз бәріміз бірдейміз»
|
Сабақ барысын талқылау: |
Дүниені түзеткің келсе,әуелі өзің түзел. Ақселеу Сейдімбек Ақселеу Сейдімбек-этнограф-ғалым, филология ғылымдарының докторы,профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. |
Қанатты сөзді оқушыларға естерінде сақтауды ұсыну, дәйексөздің мағынасын ашу. |
|
Бейнеролик«Табиғат – адамзатқа аманат» 3мин.
Данышпаннан сұрапты: -Дүние қайдан басталады? -Сенің екі көзіңнен, -дейді данагөй. Менің екі көзім тек жақсылықты көргей! Өйткені жамандық өзін-өзі көрсетеді. Табиғат жердегінің бәріне көз сыйлаған. Көздің міндеті -, мәселе нені, қалай көруде –өмірдің терең мәні осы. Кейбіреуге от- дүниенің тіреуі, енді біреуге –дүниенің жұты. Бір ғана нәрсе толассыз: мынау әлемге,өмірге адамдарға жақсылық көзімен ғана қарау керек. Оқулықпен жұмыс Өсиет әңгіме «Патшаның қызы неге бақытсыз?..» 1.Кіші қыздың бақытының сыры неде? 2.Әңгімедегі «Өмір айна сияқты» деген ойды қалай түсінесіңдер? 3.Үлкен қызға қандай құндылықтар мен қасиеттер тілер едіңдер? 1.Дәптермен жұмыс «Жақсылық жалғасын табады» «Кішкентайға немқұрайды қарама» тақырыбында әңгіме жазады. 2.Жағдаятты шешу.
|
|
|
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. Ойын: «Мен қандаймын?» Оқушыларға парақшалар таратылып беріледі. Онда адам бойындағы қасиеттер жазылған. Оқушылар берілген қасиеттер өз бойларында бар болса, сол сөзді алып, гүлдің қасына жапсырады. |
|
|
4.Топпен ән айту. «Әрқашан күн сөнбесін!» Өлеңін жазған: Лев Ошанин Әнін жазған: Александр Островский. Аударғандар:Ізтай Мәмбетов Қабдікәрім Ыдырысов Күн әдемі,көк әлемі, Бұл- суреті жас баланың. Ақ қағазға слған ізі, Қалдырған бұл сөзі: Қайырмасы: Әрқашан күн сөнбесін! Аспаннан бұлт төнбесін! Қасымда болсын мамам, Болайын менде аман. |
|
|
5.Үй тапсырмасы. «Патшаның қызы неге бақытсыз» мазмұнын айту. 2-тапсырманы орындайды. 108-бет |
|
|
6.Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларлы мадақтау. |
|
|
7. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қосылады. (3мин) - Қазір көзімізді жұмайық,бүгінгі сабақты ойша еске түсірейік. Айтылған барлық жақсы ойларды, табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді жүрегіміздің түбіне орнықтырайық!
|
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз |
Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылат ын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. |
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
|
||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген