400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Өзін-өзі тану"ЖАҚСЫ КӨРУДІ ҮЙРЕНЕМІЗ " 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағы

Мектеп «Шолаққорған» жалпы орта мектебі

Мерзiм

Тақырып: ЖАҚСЫ КӨРУДІ ҮЙРЕНЕМІЗ

Құндылық: дұрыс әрекет,ақиқат,сүйіспеншілік

  • Қасиеттер: бәрін жақсы көру; отбасындағы сүйіспеншілік; жан-жануарларды жақсы көру; ақкөңілділік; бауырмалдық; достық; татулық және т.б.

Мұғалiм: Тасходжаева Ж Сынып:2«Ә» Оқушылар саны:10


Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның жаны мен тәнінің үйлесімділігі туралы түсіндіре отырып,сүйіспеншілік, дұрыс әрекет,ақиқат құндылықтарының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

- оқушыларға дұрыс әрекетті ұғындыру арқылы адалдық ,сүйіспеншілік қасиеттері туралы түсінік беру.

- оқушыларды жан тазалығына мән беруге үйрету арқылы саналық қасиетін дамыту.

- оқушыларды жан мен тән сұлулығын дамытуда адалдық, саналық, қиянат жасамау қасиеттеріне тәрбиелеу.



Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырамыз,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыздар.Қолымызды тізеге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолыңыз тек жақсы,істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналады.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға ,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы ,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз.Құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздеріңізге жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты көреді.Сіздің басыңыз түгел нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды.Сіздің денеңізден шығып,жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,

достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұрды бүкіл әлемге ,барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге , барлық тірі жандарға тараталық.Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз; «Мен Нұрмын. Нұр менің ішімде.Мен Нұрмын».Осындай Нұр ,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осында әсемқалыпта сақтаңыз.Жаймен көзді ашуға болады.Рақмет!



Ресурстар:

Балалар орындайды

Алдыңғы білім: Шынайы сүйіспеншілік Лариса Кобзева


Адам өз сүйіспеншілігін қалай білдіре алады?

  • Бәріне сүйіспеншілікпен қарайтын адам, қандай адам? Әңгімелеп беріңдер.

  • Жақындарыңа, достарыңа, айналадағы адамдарға сүйіспеншілігіңді іспен қалай көрсете аласыңдар?




Сабақ барысын талқылау:



Өз ойларын айту

Әңгімелеу (сұхбат Шегіргүл мен Бәйшешек Михаил Андрианов


Шегіргүлден қандай қасиеттерді байқадыңдар?

  • Қалай ойлайсыңдар, адам сүйіспеншіліксіз өмір сүре ала ма? Неліктен?

  • Сүйіспеншілік қандай ғажаптарды жасай алады? Мысалдар келтіріңдер


Оқулық



Сұрақтарға жауап береді


Кімде-кім жақсы көрсе, сол күшті. Нақыл сөз



1-тапсырма. Жасы кіші балаларды қалай қуантар едіңдер? Қарт адамдарға қандай сый-құрмет кӛрсетуге болады? өз ойларыңды жазып кӛрсетіңдер.

2-тапсырма. Төменде ұсынылған сөйлемдерді жалғастырып жазыңдар.

Мен ата-анамды сүйемін, өйткені...

Мен отбасымды сүйемін, өйткені...

Мен Отанымды сүйемін, өйткені...

Мен мектебімді сүйемін, өйткені...

Мен табиғатты сүйемін, өйткені...

Мен әлемді сүйемін, өйткені


Дәптермен жұмыс


Тапсырма орындау

5. Топпен ән айту.


Құттықтаймын мама, туған күніңмен!

Өлеңін жазған: Мұқағали Мақатаев

Әнін жазған: Нұрғиса Тілендиев

Нұрын төккен маған,

Шуағымсың – сен!

Айналайын, мама, Қуанышыңмен! Шаттандырған мені,

Жұбанышым – сен!

Құттықтаймын сені,

Туған күніңмен!

Аялаған мені,

Ән қанатымен.

Құттықтаймын сені, Салтанатыңмен!

Бақытты ғой заман,

Қандай көңілді!

Мен тілеймін саған,

Бірге айту

Дамытушылық тапсырма: суретпен жұмыс,дәптермен жұмыс



Бағалау:

Белсене қатысқан оқушыларға смайликтер үлестіру.


Балаларға улестіру

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Басбармақ әдісі

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


1-тапсырма Сурет пен мәтінді сәйкестендіру


2-тапсырма.


2-тапсырма. Риясыз сүйіспеншіліктеріңді сахналап кӛрсетіңдер. • үй-ішіңе; • туған-туыстарыңа; • көршілеріңе; • қонақтарға

3-тапсырма Достық сөзіне сөйлем құрастыр




Денсаулық сақтау технологиялары

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері кезінде қауіпсіздік ережелері туралы түсінік қалыптастыру


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: .Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.

2.Жоспарланған әдістерім сабақтың өтуіне тиімді болды. Алайда келесі жолы басқа да әдістер қолданамын.


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: .Жұптық, жеке тапсырмалар сабақты жақсартуға ықпал етті.

2.Көрнекілік пайдалану сабақты жақсы түсінуге ықпал етті

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1.Оқушылардың толық қамтылуын қадағалау.

2.Тапсырмаларды жас ерекшелігіне және қабілетіне қарай дайындау































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
2933
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі