400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ашық сабақ. Өзіңді және басқаларды түсіне білу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керек. Сабақ жоспарында ерекше білімді қажет ететін балалар үшін кіріктірілген тапсырмалар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Тексерілді________

Пәні: Өзін-өзі тану Сабақ № 13

Тақырып: Өзіңді және басқаларды түсіне білу.

Мұғалім: __________________________________________________

Құндылық: Дұрыс әрекет құндылығы

Қасиеттер: ата-ананы үлкендерді, мұғалімдерді, тілалғыш, батылдылық

Сынып: 3 «А», «Ғ», «Г» ; «Е», «Д», «Ж», «З»; «В», «Б» «Ә».

Мерзімі: _____________________________________________________


Сабақ мақсаты: Оқушыларға өзіңді және басқаларды түсіне білудің маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

  • Оқушыларға түсіне білудің мәні туралы білім бере отырып, ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау қасиеті туралы түсінік беру;

  • Оқушыларды өзін және басқаларды түсіне білуге, шешім қабылдауға үйрету арқылы тілалғыш қасиетіне баулу.

  • Оқушыларды батылдылыққа тәрбиелеу.


Ресурстар

Оқулық, үнтаспа, үлестірмелі материалдар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин.

«Арманымның суреті». Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз.Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


Сабақ барысын талқылау: Баяу ән қосылып турады.

5 Т ережесі

2.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин. «Үйді сағындым» әңгімесін сұрау.

*Адам туған үйін үнемі сағынып тұруының себебі не?

*Туған үйдің жылылығын қалай сезінесің?

*Туған үйге сүйіспеншілігінді қалай білдіресің?

*Өзің туған үйіңді қалай жақсы көресің?

Қасым Қайсенов 56 бет оқулықтан

3.Дәйексөз. «Сыйласаң сыйлы боласың».

1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

2. Сыйласаң сыйлы боласың дегенді қалай түсінесің?

3.Сыйлау білу үшін адамға қандай қасиеттер керек?

Мақал

4.Мұғалімнің сыйы . 3мин. «Түсіністік»

Ерте заманда бір ерекше жанұя болған екен. Ол өте үлкен – жүз адамнан тұрғанына қарамастан, онда бейбітшілік, татулық өзара келісім орнаған екен.Бұл жанұя туралы хабар ел басына да жетеді. Мұндай үлкен отбасында реніш, жанжал болмауы мүмкін емес деп ойлайды ол. Елбасының отбасы он екі адамнан тұрады, бірақ олар үнемі бір – бірімен ренжіседі, ұрсысады. Ол естігенінің растығына көз жеткізу үшін әйгілі отбасын көруге көрші қалаға аттанады.

Естігенінің бәрі рас екенін түсінген ол жанұя басшысы болып есептелетін қарт адамнан: «Сіздерге ешқашан ренжіспей, тату тұруға не көмектеседі? Себебі неде?» - деп сұрады.

Сонда қарт қағаз алады да, жүз сөз жазып, елбасына береді. Ол тез оқып шықты да, таң қалды: қағазда жүз рет бір сөз қайталанып жазылған екен. Ол – «Түсіністік» - деген сөз.

  1. Әңгімеден не түсіндік?

  2. Бір-бірімізді түсіну үшін адамға қандай қасиеттер қажет?

  3. Түсіністік дегенді қалай түсінеміз?

Мөлдірбұлақ 26 бет

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

3-тапсырма. «Сәлемдесе білемін» тақырыбында сахналық көрініс дайндап, көрсетіңдер.

  1. Ата-әкелерге сәлем беру

  2. Әже – апалармен сәлемдесу.

  3. Қыз баламен салемдесу.

  4. Таныс емес адаммен сәлемдесу.

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс

6.Топпен ән айту. 3 мин. Әрқашан дайынбыз


Сөзі С.Оспановтікі

Әні Ә.Телғозынікі

7.Үй тапсырмасы. 2 мин.

2 тапсырма.. «Сіз» , «біз» деген жылы сөз

Ө.турманжанов

8 .Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп,сақтайық.

Сабақтан не үйрендік?

Сабақтан не түсіндік











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
1261
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі