400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ "Өзіңді және өзгелерді түсіне білу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өзін өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру.Бойларындағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін өзі тәрбиелеу жолдарын анықтау.Адам баласы әр кезде өзін жақсы, дұрыс жаққа бағыттап өзінің жіберген қатесін мойындап отырса, өзімен өзі үйлесімде болады. Өзін таныса, бүкіл әлемді танитындығын ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағы


Мектеп_№10 жалпы орта мектеп Мерзiм: 4.12.18ж

№_13-Тақырып: Өзіңді және басқаларды түсіне білу.

Құндылық: дұрыс іс - әрекет

Қасиеттер: сыйластық, адамгершілік, сүйіспеншілік

Мұғалiм: Маханова А Сынып: 3 «Б» Оқушылар саны: 12


Сабақтың мақсаты: оқушыларға сыйластықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- дос, туыс, жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту;

- дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру;

- достық, сыйластық, туыстық қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.






Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Релаксациялық әдіс:

«Теңізге саяхат» (аудио)

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


Балалардың өз-өзіне келіп, толық тыныштыққа бөленуі

“ Көңілді тақырып” әдісі Үй тапсырмасын тексеру:

«Сәлемдесу» тақырыбында әңгіме жазып келу.

әр бала сол әңгіме төңірегінде ой-пікірін білдіру

Әңгiмелеу (мұғалім сыйы): Ә. Табылдиев «Сыйлау» әңгімесі.

Жаз... Жасыл жайлау. Асқар тау. Гүлмайсалы бел. Сұлутөрдің сұлу табиғаты. Алты қанат ақбоз үйдің алдында атам бізге өсиет айтып отыр.

- Е, балаларым. Бұл өмірде бір – біріңді сыйлай біліңдер...

Кішкентай Дулат сұрақ қойды.

- Ата, сыйлау деген не?

- Сен сыйлауды білмейсің бе?

- Білсем, сұраймын ба?

Жұрт ду күлді. Дулаттың аппақ жүзі алмадай қызарып, тәмпіш мұрны тершіп кетті. Атам оған күлімдеп жауап берді:

- Сыйлау деген – үлкен – кішіге құрмет көрсету. Әдеп сақтау.

- Сонда сіз маған құрмет көрсетесіз бе?

Біз тағы да ду күлдік. Бұл жолы Дулаттың өзі де күлді.

- Дулаттың сауалы – дұрыс. Сыйлау ең әуелі кішіге қамқорлық көрсетуден басталады. Ал, үлкенге құрмет көрсету – әдеп.

- Мен күнде Дулатқа қамқоршы болып, тайын ерттеп берем, - деп, Досжан Дулат інісіне мейірлене қарады.

- Оның- дұрыс. Кішіні сыйлау осылай болады, - деді атам.

- Ата, мен үлкен адамды қалай сыйлауым керек? – деді Дулат.

- Үлкенді сыйлау ең әуелі сәлем беруден басталады.

- Дулат, сен атаңа күнде сәлем бер, - деді Досжан күлімдеп.

- Менің Дулатым әдеппен сәлем беріп жүр, - деп атам мақтады...

- Сыйлау деген сөзді енді түсіндім, ата – деп Дулат атамды құшақтады. Атамның жаны жадырап, Дулаттың маңдайынан сүйді?

Мен «сыйлау деген осы екен ғой деп ойладым.


1. Балалар, адамның мәдениеттілігін қайдан білеміз?

2.Құрмет көрсету дегеніміз не?

3.Ал кішіге не үшін қамқор болу керек деп ойлайсыңдар?


О қулықпен жұмыс: Дәйек сөз:

Сыйласаң – сыйлы боларсың. ( Нақыл сөз)


  1. Сыйластық дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. «Сыйласу үшін адамға қандай қасиеттер керек?

  3. Сыйластық неден басталады?


Басқа адамдарға құрмет көрсетіп, сыйластық көрсеткен кезде ғана адам ізгі қасиеттерге , жақсылықтарға қол жеткізеді. Өзін сыйлай білетін адам өзге адамдарды ренжітпейді, олардың көңілдеріне қарайды, сыйлайды,оларды түсінуге тырысады. Себебі өзін олардың орнына қойып көреді. Ондай адамдар барлық адамдармен тіл табыса алады. Сондықтан да халықта «Сыйласаң – сыйлы боларсың» деген сөз тараған.


Дәйексөз оқушылардың танымдық белсенділігін, ынтасын арттыруға ықпалын тигізеді.

«Жауабын тап» әдісі 1-тапсырма: сұрақтарға жауап бер

Адамдармен қалай амандасу керек?

Қандай жағдайда орныңнан тұрып сәлемдесу керек?

Кімнің бірінші болып амандасуы керек?

Сәлемдескенде кімге қандай сөздер айту керек?


«Қағаз бетіне саяхат» әдісі: (дәптермен жұмыс) 2-тапсырмада өлеңді оқып, жақсы, жылы сөздерді тізбелеп жазу


«Маржан сөздер» әдісі (Шығармашылық, топтық жұмыс.)

Әр топқа желкені бар кеменің суреті беріледі. Төменде берілген құндылықтар мен қасиеттердің қайсысын кеменің желкеніне, қайсысын судың түбіне жіберер едіңдер?

Сүйіспеншілік, дөрекілік, жанашырлық, қиянат жасамау, еңбекқорлық, сыйластық, әдепсіздік, мейірімділік, жауапкершілік, шыдамсыздық, сабырлылық, ұстамдылық, қамқорлық.


«Сәлемдесе білемін» айдары: (сахналық көрініс)

1-топ ата-әкелерге сәлем беру

2-топ әже-апалармен сәлемдесу

3-топ қыз баламен сәлемдесу







Өз бетінше жазбаша орындау тәсілі



әр топтың өзіндік жеке қабілетін , шабытын ашу






Тақырып бойынша өз әрекеттерін көрсетуге ұмтылдыратын рөлмен орындау әдісі

Топпен ән айту. «Балдаурен көктем»

Балдаурен көктем, асығып жеткен, шағала кундер

Базарлы маусым, шыркалған даусым, тамсанып әсем

Балауса балғын, көк майса шалғын, барады күндер

Тербелеп билеп, жайкалып билеп ән салып әсем

қ/сы Балдаурен, бақытты ән дәурен

Келеді, қанатымен самғаумен

Көнілдің ұшырып аққуын

Балауса бал бұлак балдаурен ........

Сыныптың көңіл- күйін көтеруге, ынтасын арттыруға шақыру

Үй тапсырмасы:

«Таныс емес адамдармен амандасу» (ата-аналарымен пікір алмасып келу)


“Неге?, Не үшін?” «Неліктен?» әдісі (сабақты қорыту: )

1. Біздің бүгінгі сабағымыз сыйластық, сәлемдесу жөнінде болды, “Неге?”

  1. Біздер сәлем береміз, “Не үшін?”

3. Сыйлассаң сәлемің түзу, “Неліктен?”


Сабаққа белсене қатысқандарыңызға көп рахмет!Бәріңізді өте жақсы деп бағалаймын! Оқушыларға тәттілер таратылады.


Picture 62







Тексерілді.........................































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
958
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі