400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ: өзіңді тану - өмірді тану

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды өмірге деген құлшыныстарын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Жамбыл атындағы жом. Мерзiмі _____ №2

Тақырып: Өзіңді тану - өмірді тану

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Шынайылық, адалдық әділдік, шыншылдық

Мұғалiм: Сейдалиева Р сынып: Оқушылар саны 20


Сабақ мақсаты: Оқушыларға адам өмірінде ақиқаттың маңызды екендігін ұғындыру.

Міндеттері:

  • Оқушыларға адам өмірінде ақиқаттың маңыздылығы жайлы түсінік беру.

  • Оқушылардың бойында рухани – адамгершілік қасиеттерді дамыту.

  • Оқушыларды шынайылыққа, адалдыққа, әділдікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер, оқулық, проектор)




Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.



  1. Үй тапсырмасын тексеру

№ 2 сабақ 18 бет

«Өмірдің мәні» атты ертегіні оқып, мазмұнын талдау». Сахналау

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

  1. Тархан патша қандай тосын шешім қабылдады?

  2. Үміткерлер өмірдің мәнін қалай түсіндірді?

  3. Сізге қай үміткердің жауабы ұнады?

  4. Ел неге қуанды?

  5. Өмірдің мәні неде деп ойлайсыздар?




Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз. «Ар - ождан алдындағы адалдық – өз қадір қасиетіңе, ізгі іс әрекетіңе байланысты»

Халық нақылы

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

(дәйексөзді бірнеше рет айтқызу, мағынасын ашу)





  1. Әңгiмелеу:



ӨМІР СҮРУДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ЖОЛЫ



     Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.

         Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.

         Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:

         - Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

         Екінші баласы:

         - Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

         Үшінші ұлы:

- Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін де садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме, аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.

Әке баласына риза болып:

- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату!



Мәтін бойынша сұрақ:

  1. Үлкен кісінің мінезіне сипаттама беріңдер

  2. Ол мұрагерлеріне қандай сауал қойды?

  3. Сізге қай ұлдың іс әрекеті ұнады?

  4. Сіздің ойыңызша өмірдің жақсы жолы неде?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Өмір жайлы бейне баян көрсету»

    1. Мына бейне баяннан өмірдің қандай сәттерін байқадыңыздар? Несімен ұнады?

    2. Сыныпты екі топқа бөлеміз.

  1. топқа «Өзің жайлы»

  2. топқа «Өмір жайлы» - өлең шумағын құрастыру тапсырылады.

Өз еріктерімен оқушылар шығарған шумақтарын оқиды.



  1. Топпен ән айту.

«Өмір-өзен» («Заман» тобы)

  1. Асып-тасып, төгілетін,
    Алқынып ұшатын көңіл-ай,
    Өзгерместей көрінетін,
    Баянсыз бес күндік өмір-ай.

    Тасқын болып, тасып тұрған
    Жастық шақ алдады таңдамай.
    Әлденеге асықтырған
    Желігі басылмас жалған-ай.

    Қайырмасы:
    Өмір-өзен ағады, әттең,
    Өкініштің алауы
    Жанымды жеп барады.
    Өмір-өзен ағады, әттең,
    Менің жаным жаралы.
    Қай жағада қалады?





  1. 2. Дүниеге алданады
    Қомағай көзіміз тоймаған.

    Бірақ соның бар ма мәні,
    Тек оңаша үнсіз ойланам.
    Өткізермін өмірімді
    Шабытты оздырып сағатқа,
    Жүректегі сенімімді
    Сөндіре көрмеші, Жаратқан.





  1. Үй тапсырмасы. №3 сабақ

«Ойлан, достым...» - атты мәтінді оқып мазмұнын талдау. Дәптермен жұмыс № 1 тапсырма


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!





Пайдаланылған әдебиеттер:

Әлем халықының аңыз-ертегілер жинағы

2.Өзін-өзі тану оқулығы

3 3.Әндер жинағы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
711
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі