жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. "Өзіңді тексер"
Күні: 28. 01. 2020 ж
Пәні: математика
Оқу мақсаттары. Білімділік:
Түзете-дамытушылық:
Тәрбиелік: |
Баған түрінде берілген есептерді, жай теңдеу мен күрделі теңдеулерді талдау және шығару. Тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданын және қабырғаларын табуға берілген есептерді талдау және шығару.
Әр оқушының қабілеті мен білім деңгейін анықтай отырып, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, ұсақ моторикаларын дамыту.
Өздігінен жұмыс жасауға, тазалыққа, ұжымдық жұмысқа, бір- бірін сыйлауға тәрбиелеу. |
||
Күтілетін нәтижелер |
Барлық оқушылар үшін: |
||
Өткен тақырыптарды қайталап еске түсіру. |
|||
Кейбір оқушылар үшін: көрсетілген түрі бойынша өз бетімен есептер шығару.
|
|||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, көркем еңбек, кеңістікте бағдарлау |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта |
||
Тірек білім, білік, дағдылар |
Жай теңдеу, күрделі теңдеу, ауданның өлшем бірліктері туралы түсінік. |
||
Жоспар |
|||
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
|
I. Ұйымдастыру кезеңі. Математика керек әр күнге, Математика қажет өмірде. Математиканы біз оқимыз, Миымызға тоқимыз. Ынталандыру. Алдар Көсе мультхикаясынан үзінді көрсету. /Үйлі болуына көмек көрсету./ |
Интерактивті тақта. |
|
Сабақтың ортасы
Сабақтың қорыту кезеңі. |
Ой толғау. Сұқ саусағыңды көтер, Алға қарай бағытта. Ойлан, және саусақты Өзіңе қарай бұрғыла. -Сонда кімді көрсетті? - Әрине, өзімді. Сен әрине бір тұлға, Енді ұлғайтқышты ал қолға, Денеңді барлық шарлағын, Бүгінгі сабақта дос, құрбым, білім кенішіне бойла! / Ұлғайтқыш құралды көрсету арқылы сабақтың тақырыбын білу./Яғни, бүгінгі сабақта өз білімімізді тексерейік. Ал балалар, Алдар Көсенің үйлі болуына көмек көрсетейік. Ол үшін біз байдың құрған әр түрлі кедергілерінен өтуіміз керек. Кедергілерде берілген тапсырмаларды дұрыс орындасақ, Алдар Көсенің үйлі болуына үлкен көмегімізді тигіземіз. 1-кедергі. Таудан өту. / Баған түрінде есептер шығару./ 1000 – 654 =346 689 + 309 =998 552 + 379 =931 713 – 237 =476 879 – 145 =734 360 + 438 =798 415 + 372 =43 397 – 125 =272 708 – 136 =572 357 + 283 =640 168 + 725 =893 676 – 167 =509 Еңлікке жеке тапсырма. Орындалған тапсырма бойынша оқушыларды бағалау. Үйдің іргетасын құрастыру.
КӨЗ ЖАТТЫҒУЫ.
2-кедергі. Алма теру. / Алма жемісіндегі теңдеулерді шешу. Алмаларды себетке салу./ Х + 150 = 800 – 440 560 + b = 980 – 140 X + 532 = 852 696 – X = 114 + 126 Y – 666 = 334 568 – a = 251 Еңлікке жеке тапсырма. Жай теңдеуді дәптерге көшіріп жазу. Орындалған тапсырма бойынша оқушыларды бағалау. Үйдің керегесін құрастыру.
3 – кедергі. Судан балық аулау. / Қолдарына берілген қармақтармен судан балықтар аулап, балықтың артына берілген өлшем бірліктерімен тіктөртбұрыштың ауданын табады./ 20 см • 9 см = 180 см 2 30 см • 5 см = 150 см 2 5 см • 3 см = 15 см 2 8 см • 5 см = 40 см 2 6 см • 4 см = 24 см 2 4 см • 3 см = 12 см 2 Еңлікке жеке тапсырма. Бірдей тіктөртбұрышты бояу. Орындалған тапсырма бойынша оқушыларды бағалау. Үйдің төбесін жабу.
Біз бүгінгі сабақта қандай есептерді шығардық? Тіктөртбұрыш - деп қандай фигураларды айтамыз ?
|
Интерактивті тақта.
Таудың суреті бейнеленген плакат.
Түрлі-түсті жапы- рақтар. Үйдің іргетасы қаланған макет. Интерактивті тақта.
Алма ағашы, себеттер.
Түрлі-түсті жапырақтар. Үйдің іргетасы қаланған, керегесі тұрған макет. Кішкентай қармақтар, балықтар.
Түрлі-түсті жапырақтар. Үйдің іргетасы қаланған, керегесі тұрған, төбесі жабылған макет.
|
|
Сабақтың соңы
Үйге тапсырма. |
Сабақ бойынша рефлексия -Ал балалар, бүгінгі сабақта қиыншылықтар кездесті ме? -Қандай көңіл – күйде болдыңдар? – Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды? -Ендеше, мына гүлдердің ішінен өздеріңнің көңіл – күйлеріңді білдіретін гүлдерді алып, мына құмыраға салыңдар. Алдар Көсеге кілтті тапсыру. Ал балалар, біз Алдар Көсеге кілтті тапсыруға барғанда осы құмырадағы гүлімізді де сыйласақ қалай қарайсыңдар?
Үлестірмедегі тапсырмаларды орындау. |
|
|
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген