Ашық сабақ ``Өзіңмен үйлесімді өмір сүру `` 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ ``Өзіңмен үйлесімді өмір сүру `` 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ар-ұжданына сүйеніп өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу сонымен қатар оқушыларды үйлесімді өмір сүруге үйрете отырып,қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру. Оқушыларды шынайы қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы адамгершілік қасиетіне баулу. Оқушыларды қарапайым, адал, үйлесімді болуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: М-С. Бабажанов атындағы ЖОББМ № 5 - сабақ

Мұғалiм: Момынова М.М.

Сыныбы: 1 «а», «б»

Тақырып: Өзіңмен үйлесімді өмір сүру

Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: адалдық , адамгершілік
Сабақтың мақсаты
оқушыларға ар-ұжданына сүйеніп өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларды үйлесімді өмір сүруге үйрете отырып,қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру

Дамытушылық: оқушыларды шынайы қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу

Тәрбиелік: оқушыларды қарапайым, адал, үйлесімді болуға тәрбиелеу

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына мән беру , оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Қажетті заттар: А-4 ақ қағаз, стикер қағаздар мен түсті қарындаштар

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Әйнек адам» мәтінін оқып мазмұндап келу

3. Дәйексөз

Арыңды сақта, ар-ұждан керек әр уақытта

Нақыл сөз

Ар-ұждан адамның ең асыл қасиеті. Әр уақытта ар-ұжданыңмен үйлесімді өмір сүру дұрыс әрекет болып саналады.

Ескерту: даналық сөздің мағынасын ашып түсіндіріп кету

4.Әңгімелеу



Әйнек адам

Василий Сухомлинский

Бір баланың титімдей досы-Әйнек адамы болды.Өзі мөп-мөлдір.Бір ғажабы: Әйнек адам баланың не ойлағанын біліп қояды. Бала анасының тілін алмай,сыртқа ойнауға шыққалы жатса-Әйнек адам сәл-пәл күңгірт тартып:

-Олай етуге болмайды.Әуелі ісіңді тындыр.Сосын ойнауға шық,-дейді.

Бала ұялып қалады. Дереу іске кіріседі. Жұмысын бітірген соң ғана сыртқа шығады.Әйнек адам қайтадан мөп-мөлдір түске енеді.

Бірде баланың бірге ойнайтын досы ауырып қалды.Бір күн өтті,екі күн өтті.Бала досын есіне де алмайды. Әйнек адамға қараса,түнеріп кетіпті. Кімге жамандық жасап қойдым,-деп сұрайды бала.

-Ешкімге жамандық жасаған жоқсың.Тек досыңды ұмытқаның болмаса...

Бала ұялып кетті. Дереу досының үйіне келді.Оған бір шоқ гүл, алма ала барды.Сөйтіп,Әйнек адам баланы жақсы болып өсуге үйретті.

  • Әйнек адам неліктен кейде күңгірт тартады?

  • Әйнек адам қайтадан неліктен мөп-мөлдір түске енуі неліктен?

  • Әйнек адам баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?

5. Шығармашылық іс- әрекет, топтық тапсырма

1-тапсырма

Балалар дәптердегі суреттерді қарап отырып өздерін ұятқа қалдырмайтын іс-әрекеттерді тауып бояйды.

2-тапсырма

«Әдепті бала-арлы бала» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Қандай жағдайда «ұят болады» деп ескерту алып қалуларың мүмкін?

6.Топпен ән айту

Бала тілегі

Өлеңін жазған: С. Молдасанұлы

Әнін жазған: Ф. Жолдасова

Бал-балалық балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауғажаралған.

Кел, достарым,әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман



Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз

Алтын бесік-ұлан-байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз

7.Үйге тапсырмасы.

«Қайыңның көз жасы» әңгімесін оқып мазмұндап келу.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.12.2017
473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі