400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Өзіңмен үйлесімділікте

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану сабағынан беретін оқытушыларға дайын дәріс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Өзіңмен үйлесімділікте

... Жүрегіңнің түбіне терең бойла.

Абай

Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Ақыл мен сезім

(Үзінді)

Мамытбек Қалдыбай

Дастарқан жиналып, Баукеңнің ұйықтайтын бөлмесіне бардық. Ол кісі төсегіне жантайып, мен креслоға жайғастым.

–Ал, балам, сұрағың болса, ұялмай бер. – Ежелгі әдетінше жанарын тік қадап, барлай қарады. Жасқанып, үнсіз қалғаннан не пайда деп, батылдана үн қаттым.

–Ақыл мен сезімді қалай бағалайсыз?

– Бұл сауалың, қарағым, күрделі сауал, – деді жантая жатқан күйі көзін жұма ойланып. – Бұған, әрине, өмірде жауап көп. Эта целая проблема. Аспаннан төрт кітап түсті дейміз ғой. Сонда осылар бар. Сезім билеп кетсе, ұялып қаласың, сезіміңді ауыздықтай біл, «ашу – дұшпан, ақыл – дос» деген сөз бар. Бұл сезіміңе ерік бере берме деген сөз.

... Меніңше, сезім мен ақылдың айырмасы әжептеуір. Екеуін әркім әр түрлі түсінеді. Әрі-беріден кейін қазақ көп ойланып, дұрыс қорытындыға келген дейді. Ол оңай емес. Екеуін парлап жолдас етпесең, ұялып, тіпті қарабет боп қалуың мүмкін.Сезім ұшқалақ келеді. Әрі-беріден кейін жетпістен асып бара жатқан мен кейде сезімімді тежей алмай, «ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді» деп өкініп қаламын. Екеуін қатар ұстай білсең, яғни сезімің ұшқалақтық істесе, ақылың тәйт деп қойса, немесе: «Ей, сен мынаны сезбей отырсың ғой» – деп ақылға көмектессе жақсы.Адамзаттың тарихында, қарағым, сүрініп, жығылу, қателесу, асыра сілтеу секілді кемістіктің сексен пайызын сезім істетеді. «Абайламай сөйлеген ауырмай өледі» деген мақал бар. Абайламай сөйлеу – сезімнің тілі. Сол себепті қазақтың айтқаны дұрыс. Ал абайлап сөйлеу үшін ақыл керек.Жаңа айттым, сезім ұшқалақ келеді. Ал ақыл мен сезімді қатар ұстаған кісілердің сезімі ұшқалақ келмейді. Оны интуиция дейді. Сезім мен ақылыңды қатар ұстай білу – үлкен тәртіптілік, адамгершілік, жақсылық. Сол екеуінің басын қоса алмай жүрген адамзаттың (өлгендері бар, тірісі бар) тоқсан пайызы өзін сезімге билетіп жібереді де, кейіннен «ойбай!» деп опық жейді.Осы туралы Абай көп ойланған. Оны ол кісінің шығармаларын оқысаң, түсінесің. Жаман мінез-құлықтың көрініс беруінің түп себебі осыдан деп білем.

- «Жаман мінез-құлық – рухани кесел. Бұл кеселді жою үшін тән кеселін емдеуде қолданатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек»,

– деген екен әл-Фараби бабамыз, – дей жаздап, тиыла қалдым.

... Жалпы сезім мен ақыл әркімде әр түрлі, – деді қабақ шытып, тұнжырай ойға енген күйі.

- Біреуде бар ақыл басқада жоқ. Екі адам ол жағынан егіз емес, олардың ақылы да, сезімі де екі бөлек. Оны бірдей ету қиын нәрсе.

... Өмір құбылысына баға беру үшін ақыл мен сезім қатар жүруі керек. Оның негізі – ұяда нені көрсеңге барып соғады, оның негізі отбасыға байланысты.

  • Мәтіндегі «Сезім билеп кетсе, ұялып қаласың, сезіміңді ауыздықтай біл, «ашу – дұшпан, ақыл – дос» деген сөз бар. Бұл сезіміңе ерік бере берме деген сөз» деген ойдан нені аңғардыңыздар?

  • Сезімді қалай басқаруға болады деп ойлайсыздар?

  • «Сезім мен ақылды парлап жолдас етпесең, ұятқа қаласың» дегеннен нені ұқтыңыздар?

  • Бауыржан Момышұлы нені тәртіптілік, адамгершілік, жақсылыққа жатқызды?

  • Бауыржан Момышұлы жаман мінез-құлықтың көрініс беруінің түп себебін қайдан іздейді? Өздеріңіз қайдан іздейсіздер? Неліктен?

  • Ақыл мен сезімді қатар ұстау адамды үйлесімділікке жеткізе ме? Себебін түсіндіріңіздер.

1-тапсырма.

Абайдың «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» деген нақыл сөзін басышылыққа алып эссе жазыңыздар.

2-тапсырма.

Өлеңдерден берілген үзінділерді оқып, одан ақыл мен сезімді қатар ұстап, адамды үйлесімділікке жеткізетін қасиеттерді іріктеп алып, олардың әрқайсысына сипаттама беріңіздер.

Құтты білік

(Үзінді)

Жүсіп Баласағұн

Екі әлемде кісілерге, керегің –

ізгі қылық, түзу құлық – дер едім.

Екінші – ұят, үшіншісі – әділдік,

Осы үшеуі бақ-дәулетің бәріңнің.

Құлқы түзу болса елі сенеді,

Қылығы түзу төрден орын тебеді.

Ұят, намыс – абыройын сақтайды,

Ұятсыздық ердің басын таппайды.

Тағы бірі – түзу қылық қарымды,

Қос жалғанда сындырмайды сағыңды!

Ұят, шындық, ізгі құлық – үшеуі,

Қосылғанда құбылаң тең түседі.

3 - тапсырма.

Мәтінді оқып, ойды, сөзді, істі үйлесімге келтіріп, жақсылыққа бағыттаудың жолын жасап, дәптерге жазыңыздар.

Бір күні бір адам данышпанға келіп, бақытты жан болғысы келетінін және оған жету жолын іздеп жүргенін айтады. Сонда данышпан: «Біздің жанымыз бес арықтан су ағып құйылып жатқан бір тоғанға ұқсайды екен. Біріншісі – сенің көздерің, сондықтан көзің тек қана жақсыны көрсін. Екіншісі – сенің аузың, ол тек қана шындықты, жақсы сөзді айтсын және тек адал, таза асты қанағатпен ішіп-жесін. Үшіншісі – сенің миың, әділетсіздік пен зұлымдықтан, менмендік пен өркөкіректіктен арылсын. Төртіншісі – сенің аяқтарың. Тек жақсы жолға бассын. Бесіншісі – сенің құлағың. Өсек-аяңды, бос сөзді естімесін. Тек қана жақсыны тыңдасын. Сонда ғана сенің арықтарыңның суы тұнық болып, жаның мен жүрегің тазарады. Мен ешкімді бақытты ете алмаймын. Ол сенің өз қолыңда, өзіңді-өзі ғана бақытты етесің», – депті.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қазан
2485
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі