Қызылорда қаласы
№140 қазақ орта
мектебінің
математика пәні
мұғалімі
Азимкулова Алтынай
Сабақтың тақырыбы: п – дәрежелі түбір және
оның қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
а)
білімділігі: Оқушылардың жаңа тақырып
бойынша алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын,
белсенділігін арттыру.
б)
дамытушылығы: Логикалық ойлау
қабілетін, дербестігін, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
Тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу.
в)
тәрбиелілігі: Шапшаңдыққа,
тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу, ұжымдық ауызбіршілікке,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық
сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
кезңі
Оқушылардың сабаққа
қатысуын тексеру, олардың дайындығына және дәрісхананың тазалығына
назар аудару.
ІІ.
Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білімін тексеру
Сұрақтар:
-
Негізгі тригонометриялық
функцияларды ата.
Ж:
синус, косинус, тангенс, котангенс.
-
Тригонометриялық
функциялардың қасиеттерінің таңбалануы мен аталуы
Ж: 1.1
мен 6.4 – ке дейін айту
-
Косинус функциясы жұп па,
әлде тақ па?
Ж:
жұп
-
Тангенс функциясының ең
кіші оң периоды
Ж: 
ІІІ. Оқушылардың жауаптарын қорытындылау, бағалау.
Үй тапсырмасын сұрай
отырып, логикалық есептер қою арқылы қорытындылаймын.
1-топ «Ойшылдар»
тобына қойылатын сұрақтар:
1-сұрақ: 1-ден 100-ге
дейінгі сандар арасында неше 5 саны бар?
Ж: (20) 5, 15, 25, 35, 45,
50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 65, 75, 85, 95.
2-сұрақ: Берілген
геометриялық фигурада неше үшбұрыш бар?
Ж: 18 үшбұрыш
бар.
2-топ «Тапқырлар»
тобына қойылатын сұрақтар:
1-сұрақ: 4 4 4 4 4 4 = 100
болатындай етіп, араларына қосу, азайту, бөлу, көбейту амалдарын,
сонымен қатар () қойып шық.
Ж: ((4х4)+(4+4))х4+4=100
2-сұрақ: Мына геометриялық
фигурада неше үшбұрыш бар?
-
-
-
-
-
-
-
Ж: 8 үшбұрыш
бар.
IV.
Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
Қаралатын сұрақтарды дәптерге түсіру:
-
а – санының
п – дәрежелі
түбірі дегеніміз не?
-
а – санының
п – дәрежелі
арифметикалық түбірі деп неге айтамыз?
-
Түбірлердің негізгі
қасиеттері.
-
Мысалдар келтіру.
V. Жаңа сабақты түсіндіре отырып, лекция
жаздырту.
Жаңа
сабақ: п
– дәрежелі түбір және оның
қасиеттері
Анықтама. а
– санының п
– дәрежелі түбірі деп
п – дәрежесі а –
ға тең санды атайды.
1 –
мысал: 27 санының үшінші дәрежелі түбірі 3-ке тең, өйткені
64 санының алтыншы
дәрежелі түбірлері 2 мен -2 сандары болып табылады, өйткені
және де
.
Түбір
туралы теорема бойынша
теңдеуінің қалауымызша алынған
үшін теріс емес түбірлері
бар және ол түбір біреу ғана. Оны а – санының
п – дәрежелі
арифметикалық түбірі деп атайды және былай белгілейді:
; п санын – түбір
көрсеткіші, ал
а санының өзін түбір
астындағы өрнек деп атайды. Түбірдің
таңбасын радикал деп те
атайды.
Анықтама. а
санының п – ші дәрежелі
арифметикалық түбірі деп п
– ші дәрежесі а – ға тең теріс емес
санды атайды.
2-мысал: Мына мәндерді
табайық:
а)
б) 
а)
және 2›0.
б)
және
›0.
Түбірлердің негізгі қасиеттері. 1-ден үлкен кез келген п мен бүтін
k сандар үшін
және теріс емес кез келген а мен в сандар үшін мына
теңдіктер орындалады:
1°.
м:
.
2°.
в ≠0
м:
.
3°.
(k›0) м:
.
4°.
(k›0) м: 
5°.
(егер k≤0
болса, онда а≠0) м:
.
VI.
Жаңа сабақты меңгерудегі бақылау үшін арналған
сұрақтар:
№381-388 есептер.
VII.
Оқушыларды бағалау. Сабаққа қатыстыра
отырып, бағалаймын.
VIII. Үйге
тапсырма.
-
Тақырыпты оқып келу.
-
№389-390 есептер.