400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ П п дыбысы және әрпі. Мектепалды даярлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық жастағы балаларға арналған сабақ. П дыбысы мен әрпін және оған қатысты жаңа сөздерді оқып, жазылуын меңгеруіне тиімді жақтарын көрсете білдім. Көрнекіліктер, ойындар арқылы бала тез меңгеріп алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы



Мектепалды даярлық «Г» жетекшісі: Утешева Г.Ж

Білім беру саласы: Қатынас

Пәні: Сауат ашу

Тақырыбы: « П п дыбысы және әрпі.»

Мақсаты: өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілетін арттыру.

П,п дыбысымен таныстыру, өз бетінше сөз, сөйлем қарастыруын қадағалау. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  суреттер, текшелер, көрекіліктер, слайд

Сөздікпен жұмыс: піл, пияз, кірпі, балапан, кітап, апа.



Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Ынталандыру-

оятушы


Шаттық шеңбер: «Күлкі»

Күлім қағып қолымды,

1, 2 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Ыстық алақаныммен,

Маңдайыңнан сипайын.

Құшақтасып өзіңмен,

Амандасып алайын.


Мақсаты: Балалардың бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлауға үйрету.


Балалар бір-біріне қарап, ыңғайланып отырады. Бір-бірінің жүздеріне тура қарап, жымиып күледі.





Ұйымдастырушы- іздеуші.


Өткен ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінде біз қандай дыбыспен танысып едік?

Ол қандай дыбыс?

Ол қандай пішінге ұқсайды?


Ж- дыбысынан басталатын сөздер айтайық?

Бүгін біз жаңа әріппен танысамыз.

Ол қандай әріп екенін білу үшін мына әріпті жұмбақты тындаңдар.


Балаларды «П» әрпімен таныстыру.

Пп дыбысы бар сөздерді буынға бөлу.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады:



Қорықпайды күшті аң,

Қорқады тек тышқаннан.




Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.





Үсті толы ине, бірақта,

Іс тігіп, қадамайды түйме.





Сабақты бекіту үшін, суреттегі заттардың атын атау, п дыбысын табу.


Ойын: « Жоғалған әріп »

Ал енді балалар кітап бетіндегі суреттерге назар аударайықшы!


Суретте нені көріп отырсыздар? П дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан?

Ауада Пп дыбысын салу, дәптермен жұмыс.

Енді балалар біз таяқшалар арқылы П дыбысының бейнесін жасайық.





Сергіту сәті:

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып.

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.




Дидактикалық ойын:

«Сиқырлы қоржын

әріптерімен»



-Ж дыбысымен, дауыссыз

дыбыс.

- көбелекке ұқсайды, жіп,

жылан, жапырақ, жаңғақ.


Жұмбақтың шешуіне толық жауап береді:

П дыбысы

Балалар суретке қарап, тәрбиешімен бірге «П» әрпімен танысады.


Сұрақтарға толығымен жауап бере отырып, мұқият тындайды.







-Піл


-Пияз



-Кірпі



Жұмбақтың шешуіне толық жауап береді:


Балалар тапсырманы мұқият тындап, п дыбысын орнына қояды.


1 бала: Балапан. П дыбысы сөздің ортасында орналасқан.


2 бала: Піл. П дыбысы сөздің басында орналасқан.


3бала: Доп. П дыбысы сөздің соңында орналасқан.


Балапан, піл, доп сөздерін буынға бөлу

Балалар дәптермен жұмыс жасайды. Балалар Пп әрпін жазуды үйренеді.

Сергіту сәтін топпен тұрып орындайды.



-Балалар қоржынға қолдарын салып, бір әріпті таңдап алады. Алынған әріптің ережесін және қандай текшемен белгілейтінін айтады.


Рефлексивті- түзетуші


Балалардың сабақтағы белсенділігін арттыру.

қорытынды бөлім.
Балалар керемет сендер барлық тапсырманы орындап шықтыңдар. Қараңдаршы бір сиқырлы әріп пайда болған сияқты
Балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныс болдыңдар?
«П» дыбысы қандай дыбыс?
Сауат ашу сабағында нені үйренесіңдер?
Қандай дыбыс түрлерін білесіңдер?
Балаларды мадақтау, мақтау.


Балалар сабақтан алған қызығушылық әсерлерін арттырады.

«П» әрпі

Дауыссыз дыбыс

Дауысты және дауыссыз дыбыс.

Балаларды смайлк арқылы мадақтау.




Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Бірін - бірі сыйлай білу керек.
Нені үйренді: Сөздерге дыбыстық талдап жасауды.
Нені біледі: Пп дыбысы қатаң, дауыссыз дыбыс. Айтылғанда ерініміз бір-біріне тиіп, дыбыс кедергіге ұшырап айтылады. П дыбысы сөздің басында, ортасында сөздің соңында кездеседі. Оны көк түсті текшемен белгіленеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
5469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі