Материалдар / Ашық сабақ "Пайдалы қазбалар.Қара металл кендері.Кенді пайдалы қазбалар"4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Пайдалы қазбалар.Қара металл кендері.Кенді пайдалы қазбалар"4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пайдалы қазбалар, кенді пайдалы қазбалар, қара металл кендері туралы түсіндіру. Ой-өрісін, тіл байлығы, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ел байлығын босқа ысырап етпеуге, туған жерін мақтан етуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1114
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Пайдалы қазбалар.Қара металл кендері.Кенді пайдалы қазбалар.

Мақсаты:

1.  Пайдалы қазбалар, кенді пайдалы қазбалар, қара металл кендері туралы түсіндіру.

2.Ой-өрісін, тіл байлығы, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Ел байлығын босқа ысырап етпеуге, туған жерін мақтан етуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер,  темір, күміс. алтын, көмір, қорғасын, алюминий, болат.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, түгендеу;

Оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару  

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Жер бедері деген не болды?

 -  Ең биік тау қандай тау?

-Шоқы деген не?

-Елімізде жазықтың қандай түрлері бар?

«Алатау»сөзі қандай мағына береді?

ІІІ.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

 Кенді пайдалы қазбалар.Қара металл кендері.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Пайдалы қазба   деген не? Ойланып есімізге түсірейік.

Олар қандай топтарға бөлінеді?

Кенді пайдалы  қазбаларға  темір, мыс, қорғасын, алтын, алюминий,  никель және т.б.кендер  жатады. 

Металл  мен  олардың қоспалары  алынатын  тау  жыныстары  кен деп аталады.Ал кенді байыту дегеніміз кенді бос тау жыныстарынан бөліп алу. Металдар қара және түсті металдар болып бөлінеді.

Сарамандық жұмыс.

Бірнеше қолда бар металл түрлерін магнитке жақындатып көрейік. Не байқадық?

Металдардың кейбірі магнитке жабысады, ал кейбірі магнитке жабыспайды.

Магнитке жабысқан металдар қара металл, ал жабыспағаны түсті металл.

 Қара металл түрлеріне тоқталсақ, қара металл кендерінен көбінесе темір қорытылады.

Дүние жүзі бойынша өндірілетін металдың 95% темір үлесіне тиеді.

Шойын мен болаттың түсіне қарай қара металл деп атап кеткен. Қара металл ішіндегі бастылары—магнитті теміртас, қоңыр және қызыл теміртас… Негізгі қорытылып алынатын заты темір болғандықтан  бәрін темір кені деп атайды. Ол картада қара үшбұрыш  түрінде белгіленеді.Оны ашық әдіспен де, шахталық әдіспен де өндіреді. Темір кені жер қойнауында түрлі тереңдікте кездеседі. Өндірілген кен металл қорытатын домна пештеріне жіберіліп, шойын қорытады. Шойынды басқа арнаулы пеште балқыту арқылы болат алынады.

Еліміздегі барланған темір кені қорының 90 проценті Қостанай мен Атасу аймағында  шоғырланған.Олардың ең ірісі  Соколов-Сарыбай.

Оқулықпен жұмыс. Өз беттерінше іштей оқыту.

Теріп оқу.(кен, кенді байыту, темір кені, өндіру әдістері)

Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.

Қара металдарды және түсті металдарды топтап жазу.(магнит арқылы тексерген бойынша)

V.Жаңа материалды бекіту:

-Пайдалы қазба  аталу себебін айт

.- Кен деген не?

Кеннің қандай түрлері бар?

-Шойын қалай өндіріледі?   Болат ше?

-Қара металдан  қандай металдар  қорытылып алынады?

Қазақстан картасынан шартты белгі бойынша темір кен орындарын тап.

VI.Үйге тапсырма беру. 27-31 беттерді оқу, мазмұны.

VII.Бағалау.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!