400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ашық сабақ .Пәні :Дүниетану.Тақырыбы:Мен және менің мектебім

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:1.10.2019ж

Сынып: 1


Мұғалім :Костанова.Г.С

Сабақтың тақырыбы

Мен және менің мектебім.

Сабақтың мақсаттары

1.1.2.1 мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

Жетістік критерийлері

Кейбір оқушылар:кітапханана қызметін пайдалануды үйренy.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу ,математика

АКТ қолдану дағдылары

слайд

Тілдік құзыреттілік

мектеп – школа – school; мұғалім – учитель – teacher; аспаз – повар – cook;

кітапханашы – библиотекарь – librarian; дәрігер – врач – doctor.

Ресурстар:

Кеспе әріптер, Ы.Алтынсариннің портреті, Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі, асханадағы аспаз, кітапханадағы кітапханашы, дәрігер бөлмесіндегі дәрігер, сыныптағы мұғалім бейнеленген сюжетті суреттер.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!



Шаттық шебері










Сабақтың ортасы

8 минут



Сабақтың тақырыбын ашу үшін ,тақтаға жапырақтар жапсырылады .Ол жапырақтардың бетінде сандар, ал арғы жақ бетіне әріптер жасырылған.Оқушылар сол сандарды өсу ретімен қою қажет .Одан соң жапырақтарды ашып көрсету.Яғни сандарды ретімен орналастырғанда ,ондағы әріптер оқылады .Оқушылар өз түсінігінде бұл сөзді немен байланыстыратынын ойланып, айтып көрсін. Содан кейін олардың назарын оқулықтағы 1-суретке аудартамын. Оқушылар суреттегі көріністі өз мектебімен салыстырады. Бұл салыстыру оқушылардың өз мектебі, оның ерекшелігі туралы көбірек білуі үшін жүргізіледі. Сонымен қатар оқушылар алғаш оқушы атанғанда/алғаш мектепке барғанда/сыныпқа алғаш енгенде өмірінде қандай өзгеріс болғаны туралы әсерімен бөліседі. Талқылағаннан кейін оқушылар мектеп туралы мәтінді оқып шығуы тиіс.Слайд көрсету арқылы мектеп туралы қосымша мәлімет беру. Сен білесің бе? айдары.Оқушыларға Қазақстанда алғашқымектепті кім ашқаны туралы мәлімет беріледі. Оқушылар бұрын Ыбырай Алтынсарин туралы естіген болуы мүмкін. Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін оқып беріңіз.



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Жұппен жұмыс

7 минут

«Артығын тап» оқушылар қағазда көрсетілген заттардың ішінен артығын қоршап қояды .

Дискрептор :

-оқушы жұп болып ,жұмыс жасай алады,

-мектепке қажетсіз заттарды ажырата алады.

«Үш шапалақ»әдісі

Сәйкестендіру

8 минут

«Кім қайда жұмыс жасайды?» Мектепте кімдер жұмыс істейді? Бұл тапсырманыөз бетімен де, жұпта да орындатуға болады. Оқушылар сурет бойынша әртүрлі кәсіп өкілдерін табады, одан кейін бұл тізімнен мектепте жұмыс істейтін және оларға білім алуға көмектесетін кәсіпті таңдайды. Мұнда пікірталас жүргізу үшін «Бұл кәсіптердің қайсысы мектепте аса маңызды?» деген сұрақ қойыңыз.

Shape1 Shape2 Кітапханаға зерттеу жүргізугеберілген тапсырманы орындаған кезде оқушыларға мынадай сұрақтар қоюына болады: «Неліктен кітапханада барлығы сыбырлап сөйлеседі?», «Қатты дауыстап сөйлеу кітапханада отырған оқырманға қалай әсер етуі мүмкін?»

Дискрептор :

-оқушы суреттерді сәйкестендіреді,

-мамандықтарды ажырата алады.

«Алақан-жұдырық»әдісі

Сергіту сәті

2 минут

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут

Оқушылар суреттерді жапсырады

Дискрептор :

-сурет бойынша мектепке қажетті заттарды ажырата алады,

-топта жұмыс жасай алады.

Түрлі тапсырмалар. суреттер.

«От шашу» арқылы бағалайды

Бағалау


Оқушылар


– мектепте мұғалімнен басқа кітапханашының, аспаздың, дәрігердің жұмыс істейтінін;


– әр қызметкер белгілі қызмет атқаратынын және тиісті бөлмеде жұмыс істейтінін;


– өз бітінше бақылай жүргізу арқылы кітапхана қызметін қалай пайдалану керектігін біледі.

Оқушылар

– мектеп қызметкерлерінің әрекетіне бақылау жүргізіп, тұжырым жасауға;


– ақпарат негізінде өз пікірін білдіруге үйренеді.




Сабақтың соңы


5 минут




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия. Оқушыларға кері байланыс қағазы таратылады. «Баспалдақ» әдісі.оқушылар баспалдақтың қай жерінде тұрғанын көрсетеді. Сол арқылы сабақтың нәтижесін көреміз.

Сабақ соңында «Ұстаздар » күні қарсаңына ,ұстаздарға жүрекшелер тарату.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
433
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі