400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ, пәні: Компьютер архитектурасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютер архитектурасы пәнінен ашық сабақ жоспары. Тақырыбы: "ЭЕМ элементтері және түйіндері" Сабақта Сын тұрғыснан ойлау әдістері қолданылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«МҰРЫН ЖЫРАУ СЕҢГІРБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК



«ҚАРАЛДЫ»

«Жаратылыстану-математика

және информатика» ПЦК жетекшісі

___________Козыбакова А.П.

«____»____________2021 ж.


«БЕКІТЕМІН»

Колледж әдіскері

_______________ М.Б.Бейсенова

«_____ »____________2021 ж.





«Жаратылыстану-математика және информатика» пәндік циклдік комиссиясы апталығында өткізілген ашық сабақтың жоспары


Тақырыбы: ЭЕМ элементтері және түйіндері






Пән оқытушысы: Тилеуова А.Р.,

информатика пәнінің оқытушысы

Пәні: Компьютер архитектурасы

Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»

Біліктілігі: 0111093 - «Информатика пәнінің мұғалімі»

Курс, тобы: ІІ, ИБ-20-1

Күні: 25.11.2021ж.

Уақыты: 1330-1415







Ақтау-2021 ж.

«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы:

ЭЕМ элементтері және түйіндері.


Модуль /пән атауы:

Білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету / Компьютер архитектурасы

Дайындаған педагог:

Тилеуова Айгерим Руслановна


Күні:

«25» қараша 2021 ж.


1.Жалпы мәліметтер:

Курс, топ:

ІІ, ИБ-20-1


Сабақтың түрі:

Жарыс сабақ


Сабақтың типі:

Тәжірибелі сабақ


2.Мақсаты, міндеттері:

Студенттерге электронды есептеуіш машиналардың құрылымынғ қызметін, мүмкіндіктерін, аясына қарай қолдана білуге үйрету.


2.1. Күтілетін нәтиже:

Студенттер электронды машиналарды мүмкіндіктеріне қарай ажырата алады. Техникалық мінездемесіне сәйкес қолданады.


3. Қажетті ресурстар:

3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:


1. Тынымбаев С.Т. Есептеу машиналары, жүйелер, желілер. ЖОО арналған оқулық. 2-ші басылым. - Алматы: Рауан,2001ж

2. Н.Т.Ермеков «Информатика элементтері», Астана,2007 ж.

3. С.Т.Мұхамбетжанова «Информатика» оқушы анықтамасы, Астана, 2007 ж.


3.2.Техникалық құралдар, материалдар:

ДК, Liveworksheets платформалары, Google Form, Презентация.


4.Модульдер:


1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.


5.Әдіс-тәсілдер:

«Галереяны шарлау» әдісі, «Оң көрші» әдісі, «Кейс – стади» әдісі: «Техникалық поэма», «Құрылғылар сөйлейді», «Компьютер дүкені», «Джигсо» әдісі, «Өзің таңда» әдісі, «WhatsApp» әдісі.


6.Құндылықтарға баулу:

Студенттер қашықтықтан топпен ынтымақтастықпен жұмыс жасау арқылы, бір-бірімен қатынасқа түсе отырып, басқалардың пікірлерін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдыланады.


7.Пәнаралық байланыс:

Цифрлық сауаттылық, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану.


8. Сабақтың барысы:











Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Студенттің әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

(5 мин)




































(15 мин)

Галереяны шарлау. Саймон Браунхилл бойынша

Студенттермен амандасып, сабақтың мақсат–міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

Студенттер оқу кабинетіне қабырғаларға, тақтаға ілінген суреттерді ұнаған біреуін таңдап алады. Суреттерде электронды есепеуіш машиналардың даумына үлес қосқан ғалым-өнертапқыштармен, компьютер құрылғыларының қалаберді өзіміз күнделікті жиі уақытымызды өткізетін әлеуметтік желілердің суреттерін таңдайды. Суреттер үш тақырыпқа жіктелген:

  1. Өнертапқыштар;

  2. Әлеуметтік желі;

  3. Компьютер құрылғылары.

Таңдалған суреттер бойынша топқа жіктеледі.

Оң көрші:

Студенттерге бағалау парағы таратылады, әр студентке оң жақ көршісін бағалау қажет болады.

Бағалау критерийлері:

5-7 ұпай «3»

10-12 ұпай «4»

13 ұпайдан жоғары «5»

«Кейс – стади» әдісі:

Студенттерге өткен тақырыптағы тобын тауып өз жобаларын қорғау қажет болады.

  1. «Техникалық поэма»

Бұл тапсырмада студенттер компьютердің сыртқы құрылғыларын суреттеуі тиіс. Әрбір құрылғының құрлымы, қызметі туралы толық ақпарат береді.

  1. «Компьютер дүкені»

Студенттер ноутбук сату дүкеніне келген тұтынушыға толық ақпарат беруі тиіс болады. Әрбір ноутбуктың мүмкіндігімен техикалық мінездемесін көрсетеді.

  1. «Құрылғылар сөйлейді» әдісі.

Мұнда студенттер болашақ ақпараттық жүйелер мамандығының студенттеріне дәріс беріп, компьютердің ішкі құрылғыларын толықтай суреттеуі тиіс.

Студенттер сабақтың мақсат– міндеттерімен, тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен және парағымен танысады.








Студенттер галереядан таңдалған суреттерді мүмкіндігінше түсіндіріп кетеді. Таңдалған суретке сәйкес топқа біріктіріледі.


Студенттер Liveworksheets платформасында өтілген тақырыпқа тапсырма орындайды.

ДК, Презентация












Өнертапқыштар мен әлеуметтік желі, компьютер құрылғылары бар суреттер.




























Компьютер жабдықтары, Компьютердің ішкі құрылғылары.

Сабақтың ортасы

(5 мин)







(10 мин)


























(5 мин)




Жаңа сабақ ( дәріс жоспардың соңына тіркеледі)

«Джигсо» әдісі

Жаңа сабақ тақырыбы шағын дәріс ретінде қағазға басып шығарылған. Әр топқа таратылады. Топ белсендісі топпен талқылайды.

«Өзің таңда» әдісі

Жаңа сабақты бекіту мақсатында студенттерге біріктірілген топтарына сәйкес тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар Liveworksheets платформасында дайындалған. Бұл тапсырмаларды орындай отырып ағылшын тілін шыңдай түсугеде мүмкіндік алады.

  1. Өнертапқыштар тобына арналған тапсырма сілтемесі: https://www.liveworksheets.com/xx2111078nf

  1. Әлеуметтік желі тобына арналған тапсырма: https://www.liveworksheets.com/vx2452877vi

  2. Компьютер құрылғылары тобына арналған тапсырмала сілтемесі: https://www.liveworksheets.com/jc1486699gf

Жаңа тақырыпты пысықтауға арналған тест жұмысы. Coogle интернет формасында дайындалған 10 тест жұмысына жауап беруі қажет.

Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай бекітілген.

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe94YR-9AlQJAhtkpQHhP4Ayec4KWQa32nOxSrUBJoL2xJCdw/viewform?usp=sf_link

Студенттер дәптеріне керек ақпараттарды түртіп алады.






Студенттер берілген тапсырмаларды жеке ұялы телефондарында орындайды. Тақтаға тиісінше бір студентті орындатуға шақытурға болады. Әрбір студент келесі оң жақ көршісін бағалап отыруды ұмытпауы тиіс.


















Студенттер берілген сілтемеге өтіп тест жұмысын орындауы тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан бекітілген.

ДК, презентация, бейнесабақ.






Liveworksheets платформасы,

Презентация
























Google Form тест платформасы

Сабақтың аяқталуы

(5 мин)


Сабақ бойынша рефлексия.

«WhatsApp» әдісі бойынша студенттер WhatsApp қосымшасында сабақтан алған әсерлерімен бөліседі:

Бағалау. «Оң көрші» әдісі бойынша көршілерін бағалауы тиіс. Және қойылған баға талдануы тиіс.


Үй тапсырмасы. ЭЕМ түйіндері тақырыбына реферат жазып келу

Студенттер WhatsApp қосымшасында сабақтың өздеріне ұнаған немесе керісінше ұнамаған тұстарын жазып бөліседі.

- Ия, ұнады.Жоқ, ұнамады.

- Тиімді.Тиімсіз.

- Ия.Жоқ.

- Ия. Қиындау болды.

- Өте керемет.Жақсы.

Студенттер өзін-өзі бағалау арқылы жинаған ұпайына сәйкес бағалау критерийіндегі көрсеткіш бойынша тиісті бағасын алады.


Презентация, бағалау парағы



ЭЕМ-нің функционалдық түйіндері.Компьютер - өзіне берілген бұйрықтарды орындау арқылы есептерді шығара алатын машина. Қандай да бір есепті шешу үшін берілген бұйрықтардың тізбегі программа деп аталады. Аппараттық жабдықтардың көмегімен орындалатын бұйрықтардың тілін машиналық деп атайды. Бірақ программаларды машиналық тілде жазу қиын. Бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы адамға ыңғайлы жаңа бұйрықтарды ойлап табу. Жаңа т

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
629
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі