10-
сынып
Сабақ
тақырыбы:
Кеңістікгегі параллель көшіру.
Сабақ
мақсаты:
1.Кеңістіктегі
паралель көшіру туралы түсінік,параллель
көшіру қасиеттерін түсіндіру,
2.Кеңістіктегі
паралель көшіру қасиетерін пайдаланып
есептер шығару,оқушылардың
абстрактылы ойлау қасиеттерін дамыту,
3.Кеңістіктегі параллель
көшіру кезіндегі фигураларды салуда
сызбаларды кеңістікте
көз алдына
елестете білуге ,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ
түрі:
дәстүрлі сабақ
Сабақ
типі: Жаңа білімді
меңгеру
Сабақтың
әдіс-тәсілдері:
Баяндау,сұрақ-жауап,есептер шығару,
ауызша сұрау, модульдік оқыту технологиясы
бойынша дамыта оқыту.
Сабақтың
көрнекілігі:
Интерактивті тақта, үлестірмелі
топтама,бағыттау парақтары,
ортақ бағалау парағы
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып,
оқу құралдарын тексеру,
оқушылар назарын сабаққа аудару, үй
жұмысын тексеру.
1.Кеңістіктегі тікбұрышты
координаталар жүйесі.?
2.Кеңістіктегі нүктелердің
арақашықтығын қалай табамыз?
3.Кеңістіктегі кесіндінің
ортасының координаталарын қалай табамыз?
4.Жазықтықтағы түрлендірудің
түрлері:
а/ центрлік
симметрия
ә/ осьтік
симметрия
б/ параллель
көшіру
в/ бұру
г/ гомотетия
д/ қозғалыс
5.Жазықтықтағы параллель
көшірудің қасиетері:
1.Параллель көшіру
қозғалыс болады.
2.Параллель көшіргенде,нүктелер
параллель түзу бойымен бірдей қашықтыққа
жылжиды.
3.Параллель көшіруде
әрбір түзу оған параллель түзуге көшеді
4.ХжәнеХ нүктелері
қандай болса да Х нүктесінХ нүктесіне
көшіретін жалғыз ғана параллель
көшіру бар болады.
6.Әртүрлі фигураларды
параллель көшіруге мысал келтіру.
ІІ. Жаңа сабақты
түсіндіру.
«Қарлы
кесек» оқыта үйрету ойыны
2.Бағыттау парағы
бойынша 5 айналым жасау.
Оқушылар
өз бетінше жаңа сабақты оқып меңгереді.
ІII.Түсінгенін
тексеру.
1.Кеңістіктегі параллель
көшіру дегеніміз не?
2.Кеңістіктегі параллель
көшірудің қасиеттері.
Оқушылардан
сабақ сұралады,жауап берген
оқушыларға сары-3,жасыл-4,көк-5
бағасы фишкалар таратылады.
IV.Бекіту
кезеңі.
«Білім
биржасы» ойыны /деңгейлік тапсырмалар
беріледі/әр топқа жеке тапсырма.
Карточка
№1
Кеңістіктегі А(1,-3,0),В(-2,-4,1)кесіндісінің арақашықтығын
тап.
Карточка
№2
Үшбұрыш
төбелер берілген А( 4,4,-1), В (7,8,-1), С(
4,-4,-1) үшбұрыш периметрін
есепте.
Карточка
№3
Кеңістіктегі параллель
көшірудің 5-ші қасиетін дәлелде.
Қасиеті:Кеңістікте
параллель көшіргенде,әрбір жазықтық
не өзіне,не оған параллель жазықтыққа
көшеді.
Дәлелдеу: а-кез-келген жазықтық
болсын.Осы жазықтықта қиылысқан а мен
в екі түзу жүргіземіз. Параллель көшіргенде
а мен в түзулері не өзіне,не оларға
параллельа және в түзулеріне
көшеді.а
жазықтығы а жазықтығына көшеді.Егер
жазықтықтар беттеспейтін болса,онда
олар параллель болады. Дәлелдеу керегі
де осы.
Карточка
№4
Параллель көшіргенде,
А( 3,2,-1) ,А( 2,0,-1) нүктесіне
көшеді.Координаталар басы қандай нүктеге
көшеді.
Шешуі:
2=3+а а=-5
0=2+в в=-2
-1=-1+с с=0
Координаттар
басы О (-5;-2;0) нүктесіне көшеді.
Карточка
№5
/Кітаппен
жұмыс №184 есеп
А(0,1,2),
В( -1,0,1), С(3,-2,2), Д (2,-3,1) болса,онда
А нүктесі В нүктесіне,ал С нүктесі Д
нүктесіне көшетіндей
параллель көшіру бола ма?
Шешуі:
А мен В бойынша
-1=0+а а=-1
0=1+в в=-1
1=2+с с=-1
А нүктесі В нүктесіне көшеді.
С
мен Д бойынша 2=3+а а=-1
-3=-2+в в=-1
1=2+с с=-1
Бұл
да параллель көшіру болады.
V.Қорытындылау
Тест
.
1.
Кеңістіктегі нүктенің
неше координатасы бар?
А.1 В.2 С.
3 Д.4 Е.8
2.
Координаталық жазықтықтар кеңістікті
неше бөлікке бөледі?
А.2
В.3 С.6 Д.8 Е.12
3.
Координаталық әдісін алгебрамен
қосып қолдану геометрияның қандай
бөлігін құрайды?
А.планометрия
В.стереометрия
С.геометрия
Д.аналитикалық геометрия
Е.алгебралық геометрия
4.Фигураның кез-келген(x.y.z) нүктесі (x
+a.y +b.z +c) нүктесіне көшетін түрлендіру
А.бұру
В.симметриялы
С.осьтік симметрия
Д.гомотетия
Е.кеңістіктегі параллель
көшіру
5.Кеңістіктегі нүктелердің
арақашықтығын есептейтін формула.
А. d=x+y
В. d=
С. d=
Д. d=
Е.
6.
А(0,2,0) ,В (1,0,0),С(2,0,2),Д(1,2,2) болса,онда
АВСД төртбұрышы қандай фигура
болып табылады?
А.
Ромб
В.параллелограмм
С.тіктөртбұрыш
Д.трапеция
Е.квадрат
7.
АВСД паралелограмының үш төбесінің
координаталары: А( 4,2,-1),В( 1,-3,2),
С(-4,2,1)
белгілі . Д төбесінің координаталарын
табыңдар.
А.
Д(0,1,3)
В.
Д(2,7,1)
С.
Д(-1,7,-2)
Д.
Д(5,2,1)
Е.
Д (3,1,2)
Бағалау.
Интерактивті тақтада
мониторинг түрінде көрсетіледі.
VI.Үйге
тапсырма:23
тақырыпты оқу, №176,177 есептерді шығару.